Жаңақорған ауданының әкімі, орынбасарлары және «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі арасындағы міндеттерді бөлу. Аудан әкімі С. Т. Тәуіпбаев



Дата01.07.2016
өлшемі63.99 Kb.
Аудан әкімінің 2012 жылғы

шілдедегі № шешіміне

қосымша
Жаңақорған ауданының әкімі, орынбасарлары және



«Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесінің жетекшісі арасындағы міндеттерді бөлу.
Аудан әкімі С.Т. Тәуіпбаев
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады, жергілікті атқарушы орган - аудан әкімдігін басқарады және оның жұмысына басшылық жасайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясымен «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген өкілеттігі және құзыреті шеңберінде аудан аумағында атқарушы билікті толық жүзеге асырады.

Мемлекеттік басымдықтар негізінде халықтың жағдайын жақсартуға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеуді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Кент, ауылдық округтер әкімдерімен осы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады және бақылау жасайды.

Мемлекетік, мемлекеттік емес секторлармен өзара қарым-қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстарда ауданның мүдделерін білдіреді.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың жүйесін қалыптастырады. Бюджеттік саясат саласына және бюджетаралық қарым-қатынастарға жалпы жетекшілік жасайды.

Кадр саясаты мәселелерімен айналысады.

Облыс әкімі мен «Қызылорда облысы әкімінің аппарат » мемлекеттік мекемесінің келісімімен саяси қызметкерлерді (кент, ауылдық округтердің әкімдерін) және конкурстық комиссиясының ұсынысымен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін тағайындайды.

Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің, ауданның даму стратегиясын іске асыру жөніндегі кент, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру.

Ауданда жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды, орта мерзімді жоспарларды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарын экономикалық әзірлеуге жедел басшылық жасау аудан экономикасының ағымдағы және болашақтағы мәселелерін шешу, олардың орындалуын бақылау,

Ақша-несие саясаты, есеп айырысу-төлем тәртібі, кәсіпорындарды сауықтыру мен жою, мемлекеттік мүлікті және жекешелендіруді басқару, бюджетке салықтар мен төлемдердің толық және дер кезінде түсуін қамтамасыз ету, бюджетті орындау және бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалану, төлемеу проблемаларын шешу мәселелері және экономика салаларын реформалаудың кейбір аспектілері бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын, аудандық салық комитетінің, қазынашылық бөлімінің, зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың, статистика, екінші дәрежедегі банктердің жұмысын үйлестіру.

Жұмылдыру жұмыстары, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстарына жетекшілік етеді. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік басқарудың аумақтық органдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді ұйымдастырады.

Аудан әкімі жанындағы терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жедел штабтары мен аудандық бюджет және ономастикалық комиссияларының жұмысына басшылық жасайды.
Аудан әкімінің орынбасары С.Ы. Ыдырысов.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкімет қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің, облыс және аудан әкімдері қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету.

Агроөнеркәсіп кешені және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауылшаруашылығы өндірісін дамыту, ауылшаруашылығы өнімдерін ұқсату мен сату, табиғатты пайдалану, ауылдағы реформаларды тереңдете жүргізу, ауылшаруашылығы құрылымдарын қаржылай сауықтыру, оларға несие алып беру, маркетингтік қызметті, машина–технологиялық стансасының, азық түлік, көтерме сауда рыногын дамыту, жаңа технологияларды ендіріп меңгеру, селекциялық және тұқымдық жұмысты жақсарту, суды тиімді пайдалану, суландыру жүйесін дамыту.

Аудандық ауылшаруашылығы, жер қатынастары бөлімдерінің, аудандық салық комитетінің, аудандық қаржы бөлімінің, ветеринария бөлімінің, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, қазынашылық басқармасының, зейнетақы төлеу орталығының, аудандық аумақтық басқарманың, облыстық қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорғау, жер ресурстарын басқару басқармаларының аудандық бөлімшелерінің, «Жаңақорған су шаруашылығы» ЕКМК-ның жұмыстарын бақылау.

«Қамқоршы» несие серіктестігінің ауылшаруашылығы құрылымдарымен арасындағы жұмыстарын үйлестіру.

Жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың ағымдағы мәселелерінің шешілуін қамтамасыз ету.

Инвестиция тарту және қор рыногын дамыту, экономикалық даму жұмыстарын үйлестіреді.

Аудан әкімдігінің мүддесіне қатысты ниет хаттамаларына, меморандумдарға, келісімдерге және басқа жалпы сипаттағы құжаттарға қою.

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Т. Бүркітбаев
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкімет қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің, облыс және аудан әкімдері қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету.

Ішкі саясат, ұлтаралық келісім және тіл саясаты, әлеуметтік-мәдени салада бағдарламалар жасау мен жүзеге асыру мәселелері, аудандағы әлеуметтік-саяси ахуалды зерттеп отыру, болжам жасау. Елбасы мен Үкіметтің ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру жөнінде саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жүргізу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының және діни экстремизмнің алдын алу, болдырмау, аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету тетіктерін ұйымдастыру.

Мектептерді компьютерлендіру, тұрғындардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өкпе ауруларына қарсы күрес бағдарламаларының жүзеге асырылуына, әскер қатарына шақырылған жастармен жұмыстарға, аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт бөлімдерінің, «Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясының жұмысына бақылау жасау.

Аудандық ономастикалық, жастар ісі, отбасы және әйелдер ісі, діни бірлестіктермен байланыстар, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі және эпидемияларға, маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күрес комиссияларының, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорының жұмыстарын үйлестіреді.

Аудандағы сот және құқық қорғау органдарымен, әділет басқармасымен, дәрменсіз борышкерлермен жұмыс мәселелеріне байланысты құзіретті мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимылда болу. Қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіреді.

Аудан әкімдігінің мүддесіне қатысты ниет хаттамаларына, меморандумдарға, келісімдерге және басқа жалпы сипаттағы құжаттарға қою.


Аудан әкімінің орынбасары А.Ы. Ибрагимов
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкімет қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің, облыс және аудан әкімдері қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету.

Аудан аумағындағы күрделі құрылыс, өнеркәсіп, энергетика, телекоммуникация, жол құрылысы, отын, көлік, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, байланыс, тау-кен салаларының жұмыс істеуінің қайтарма ресурстарын пайдаланудың ағымдағы және перспективалық мәселелерін шешу.

Аудандық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы және кәсіпкерлік бөлімдерінің және аудандық жұмыспен қамту орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік мекемесінің жұмыстарына басшылық жасау.

Жол қауіпсіздігі, құрылысы біткен объектілерді мемлекеттік қабылдау, жолаушылар тасымалдау маршруттарына тендер өткізілуін қадағалау, аудандық мемлекеттік сатып алу жөніндегі, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссиялардың жұмыстарын үйлестіреді.

Аудан әкімдігінің мүддесіне қатысты ниет хаттамаларына, меморандумдарға, келісімдерге және басқа жалпы сипаттағы құжаттарға қою.
«Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесінің жетекшісі Б.Е. Айтбембет
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкімет қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің, облыс және аудан әкімдері қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету.

Аудан әкімінің іс қызметін қамтамасыз ету жөніндегі аппараттың бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру, нормативтік актілердің, директивалық құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратының аудандық мәслихат пен кент, ауылдық округ әкімдерімен өзара іс қимылын қамтамасыз ету. Аппараттың бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимылына басшылық жасап, аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық құжаттарына бірінші қол қояды, аппарат жұмысының ішкі тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларының, тапсырмаларының орындалуы бойынша бақылау ұйымдастыру, аудан әкімі аппаратының ішкі тәртібінің орындалуын бақылау.

Аудан әкімі аппаратының аудандық мәслихат, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті басқа да құрылымдармен арадағы іс-қимылын үйлестіреді.



Аудан әкімдігінің мүддесіне қатысты ниет хаттамаларына, меморандумдарға, келісімдерге және басқа жалпы сипаттағы құжаттарға қою.
Мынадай өзара орын алмасушылық белгіленеді:
С. Тәуіпбаев - С.Ыдырысов

С.Ыдырысов - Қ. Бүркітбаев

Қ. Бүркітбаев - А. Ибрагимов

А.Ибрагимов - Б. Айтбембет
Каталог: upload -> files
files -> Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
files -> Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
files -> «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»
files -> Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар мен сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайларды белгілеу туралы
files -> 2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет