Мәдениет үйлері мен клубтары бойынша 2012 жылы 1276, 2013 жылы 1360 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оларға 194000 көрермендер тартылды. Есепті мерзімге 3091,6 мың теңгенің ақылы қызметі орындалды. Мәдениет үйлері мен клубтар жанынан ашылған көркемөнерпаздар үйірмелерінің саны 96, оларға 1100 мүше тартылған.
Мәдениет үйлері мен клубтар тарапынан көрермендер залын жалға беру және т.б. ұйымдастырылған ақылы қызмет нәтижесінде 2012 жылы 3654,0 мың теңгенің ақылы қызметі орындалса, 2013 жылы 3099,6 мың теңгенің ақылы қызметі орындалды. Аудандық мәдениет үйінде өткізілген 40 әртүрлі мәдени-шаралар бейнетаспаға түсіріліп, ауқымды мәдени шаралар облыстық теледидардан көрсетілді.
2013 жылы 150 орындық Манап ауылдық клубының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, алдағы кезеңде апаттық жағдайдағы Талап, Кеңес, Бесарық ауылдық клубтарын жаңадан салу көзделіп отыр.
Кітапханалар бойынша 2013 жылы жалпы кітап қоры – 426546, оқырман саны – 28248, кітап берілімі – 516221, Жыл басынан 12997 дана жаңа әдебиеттер алынды. Жыл басынан кітапханалар жүйесі бойынша 821 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды.
Аудандағы мәдениет саласы бойынша 200,5 штат бірлігінде 228 адам жұмыс жасауда. 2012 жылы 45 мәдениет қызметкері кәсіби біліктіліктерін арттырып қайтса,
2013 жылы 23 мәдениет қызметкері білім көтеру орталықтарында өз кәсіби біліктіліктерін арттырып қайтты. 20 қызметкер жоғары оқу орындарында, 1 қызметкер арнаулы орта білім алу мақсатында сырттай оқуда.
2013 жылы жергілікті бюджеттен аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 15497,0 мың теңге, Ордакент кинотеатрына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге - 1800,0 мың теңге, Қаратөбе, Қандөз ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сарпатамадан өткізуге -2911,0 мың теңге, ұлттық киімдер алуға – 600,0 мың теңге, мәдениет мекемелерінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға –2275,0 мың теңге, мәдениет үйіне қарасты трансформаторларды жөндеуден өткізуге – 236,0 мың теңге, Мемлекет және қоғам қайраткерлері Садықбек Сапарбеков пен Исатай Әбдікәрімовтерге арналған мәдени шараларға – 14980,0 мың теңге, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайтуға -800,0 мың теңге, Сыр бойынан шыққан саңлақ өнер иелерінің, ақын-жазушыларының, соңғы буын қазіргі өнерпаздардың дауысы жазылған «Қайталанбас дауыстар» атты музыкалық антологияны алуға – 1500,0 мың теңге, мәдени шараларды өткізуге – 5003,0 мың теңге қаржы бөлінді, бөлінген қаржылар толығымен игерілді. Аудандық кітапхана ғимараты мен «Ордакент» кинотеатрының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен берілген трансферттен – 68634,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 7625,0 мың теңге, барлығы –76259,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Мәдениет ошақтарын қысқы маусымға қажетті қатты отынмен қамтамасыз етуге мәдениет үйлері мен клубтарға- 6580,6 мың теңге, сұйық отын алуға – 1785,0 мың теңге, кітапханалар жүйесіне- 1034,0 мың теңге қаржылар бөлініп, мәдениет ошақтары қатты отынмен қамтамасыз етілді.Жаңадан салынып пайдалануға берілген Манап ауылдық клубына облыстық бюджеттен (трансферт) – 608,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.
2013 жылы облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүлде алған өнерпаздар:
Республикалық «Ән шаңырақ» телевизиялық байқауында:
«Бидашевтар» жанұялық ансамблі І-орынмен марапатталды
«Бозторғай – ХҮ» облыстық балалар байқауында
(күй жанры бойынша) Қымбат Әбдуақап бас жүлдеге ие болды.
(күй жанры бойынша) Әлихан Аружан ІІ-орынға ие болды
«Күлкі думан» облыстық байқауда «Жаңаша» ойын – сауық отауы І-орынға ие болды.
«Елбасы Жолдауы–ел тағдыры» облыстық үгіт бригадалар байқауында «Дала жұлдыздары» халқтық үгіт бригадасы ІІ-орынға ие болды.
«Үздік клуб – 2012» облыстық клуб меңгерушілер байқауында
Қожакент ауылдық клуб үйінің меңгерушісі Талғат Тұрсынбаев ІІІ-орынға ие болды.
«Елім менің» атты патриоттық ән байқауында Нүрекеев Серік ІІІ-орынға ие болды.
«Қайсар ұлы халқының» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасында
Сопыбеков Адырбек ІІІ-орынға ие болды.
Кітапханалар жүйесі бойынша: аудан халқына 36 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. Негізгі көрсеткіштер бойынша 2013 жылы кітап қоры 426546-ға, оқырман саны 28248-ге, кітап берілімі516221-ге жетіп, нәтижесінде кітап қоры 7878-ге, оқырман саны 108-ге, кітап берілімі 816-ға артты. 10 кітапхана интернет желісіне қосылған, жалпы кітапханалар бойынша компьютерлер саны 42-ге жетті. 2013 жылы кітапханалар жүйесі бойынша барлығы 1033 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Орталық кітапхана тарапынан 2013 жылы ауыл кітапханаларына 37 рет әдістемелік және практикалық көмек көрсетілсе, есепті мерзімге ауыл кітапханаларына 37 арнайы іс сапарлар ұйымдастырылды.
Жергілікті бюджеттен 1199,2 мың теңге қаржы қаралып, барлық аудандық, кенттік және ауылдық кітапханалар баспасөз құралдарымен толығымен қамтамасыз етілді. Аудандық орталық кітапхана РАБИС бағдарламасының 5 модулімен жабдықталған. Осы бағдарламаның бүгінгі таңда «Каталогизатор», «Ізденіс Тапсырыс», «Оқырмандарды тіркеу», «Келушілерді тіркеу» модулдерімен жұмыс жүргізілуде. Аудандық орталық кітапхананың кітап қоры кітапханалық библиографиялық жіктеу бойынша орналасқан. Жалпы электронды каталотың көлемі -110361, оның ішінде аталымы – 23491 және мақалалардың 2050 сипаттамасы енгізілді.
«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша: аудан бойынша 2012 жылы 30 тарихи-мәдени ескерткіштер бар болса, 2013 жылы «Қатын қамал» үңгірі алдын-ала есепке алынып, аудан бойынша бүгінгі күнге 31 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, олардың 4-і Республикалық дәрежеде, жергілікті маңызы бары-17, қалған 10-ы алдын-ала есепке алынған. Есепті мерзімде 31 ескерткіштің «Тіркеу карточкалары» мен қорғау міндеттемелері қайта рәсімделген.
Мемлекеттік тізімге енгізілген 26 ескерткіштің төлқұжаты жасалынған, 30 ескерткіштің қорғау тақтасы орнатылған. Аудан көлеміндегі тарихи және мәдени ескерткіштерге 3 рет іс-сапар ұйымдастырылып, барлық ескерткіштердің техникалық жағдайына мониторинг жүргізіліп, суретке түсірілді.
Аудан кітапханаларында «Тарихи мұраларды қастерлеу парыз», «Ескерткіштер-елдігіміздің белгісі», «Тарихы тұңғиыққа тамыр тартқан», «Археологиялық асқар асулар», «Барды бағалай білейік» атты тақырыптарда кітап көрмелері, библиографиялық шолу, әдеби кештер, «Мәдени мұра – еліміздің тарихы», «Мәдени мұра-ұлттық құндылық» тақырыптарында оқырман конференциялары өткізілді. Аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінде «Бабалар салған сара жол», «Мәдени мұра-халық қазынасы» атты мақалалар жарық көрді.
Мәдениет ошақтары
р/с
|
Мекеме атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
1
|
Мәдениет үйлері мен клубтар
|
28
|
28
|
2
|
Кітапханалар
|
36
|
36
|
3
|
Музей
|
1
|
1
|
4
|
Жылжымалы мәдени демалыс кешендері
|
3
|
3
|
|
Барлығы
|
68
|
68
|
Мәдениет мекемелерінің штат бірліктері
р/с
|
Мекеме атауы
|
2012 жыл
(бірлік)
|
2013 жыл
(бірлік)
|
1
|
Бөлім аппараты
|
9
|
9
|
2
|
Мәд. үйлері мен клубтар
|
126,5
|
129,5
|
3
|
Кітапханалар
|
62
|
62
|
|
Барлығы
|
197,5
|
200,5
|
Мәдениет мекемелерінің жалпы бюджеті
р/с
|
Мекеме атауы
|
2012 жыл
(мың теңге)
|
2013 жыл
(мың теңге)
|
|
1
|
Бөлім аппараты
|
14360,0
|
15564,0
|
|
2
|
Мәд. үйлері мен клубтар
|
167926,0
|
259947,0
|
|
3
|
Кітапханалар
|
71618,0
|
71236,0
|
|
|
Барлығы
|
253904,0
|
346747,0
|
|
р/с
|
Көрсеткіштер
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
1
|
Өткізілген мәдени шаралар
|
1276
|
1360
|
2
|
Ақылы қызметтен түсірілген қаржы (мың теңге)
|
3654,0
|
3099,0
|
3
|
Мат. тех базаға бөлінген қаржы (мың теңге)
Трансферт
|
11450,0
2450,0
|
3075,0
-
|
4
|
Жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы (мың теңге)
|
22956,0
|
77808,7
|
5
|
Жеке үйлерде орналасқан
|
2
|
2
|
Дене шынықтыру және спорт саласы
Ауданызда есепті кезеңде жұмыс істеп жатқан 64 дене шынықтыру ұжымдарында 25 бірлікпен 27 спорт нұсқаушы жұмыс атқаратын спорт үйірмелерінде бұқаралық спорт түрлері бойынша 4500 адам баскетбол, футбол, волейбол, гандоболмен және 18198 адам спорттың 24 түрімен тұрақты түрде шұғылданады. Сонымен қатар 286 спорт ғимараттары есепке алынса, оның ішінде 1 стадион, 41 спорт зал, 17 тир, 20 шағын қосымша спортпен шұғылданатын бөлме, 189 жазықтықтағы құрылғылар (143 баскетбол, волейбол, шағын футбол алаңдары, 41 жасанды жамылғысы бар спорт алаң, 20 футбол алаңы, 3 спорттық ядро) жұмыс істеп тұр.
2013 жылы облыстық бюджеттен 9, жергілікті бюджеттен 1 жасанды шөппен көмкерілген шағын спорт алаңдарын салуға қаржы бөлініп жаңа спорт алаңдары іске қосылып пайдалануға берілді.
Есепті кезеңде ауданнан Республикамыздың ұлттық құрама командасының сапына 13 спортшы, облыстық құрама команда мүшелігіне 75 спортшы енсе, 71 спортшымыз спорттың гир тасы, қазақ күресі, еркін күрес, самбо, дзюдо, белбеу күрестері түрлері бойынша жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында және волейболдан, баскетболдан жасөспірімдер командасы Әлем біріншіліктерінде, кубоктарында, Азия, Қазақстан Республикасының чемпионатарында, Халықаралық, Республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүлдегерлер қатарында көрінуінің нәтижесінде 21-алтын, 20-күміс, 30-қола медал алып зор құрметке ие болды.
2013 жылы ауданымызда облыстық, аудандық, аймақтық деңгейде 345 спорттық сауықтыру жарыстары өткізіліп, оларға барлығы 84,0 мың спортшы қатыстырылса, жергілікті бюджеттен бөлінген 11000,0 млн. теңгеге спорт дәне денешынықтыру саласына кеңсе ғимараты сатып алынды.
2013 жылы облыс әкімінің қолдауымен кент және ауылдық округтерде бұқаралық спортты дамыту, спорт ғимараттарын тиімді пайдалану жөнінде жұмыс жасайтын әлеуметтік қызмет көрсету мақсатындағы мемлекеттік тапсырысқа сәйкес ауданымызда 27 спорт нұсқаушы, 25 бірлікпен жұмыспен қамтылды. Спорт нұсқаушылар жұмыс жасайтын спорт үйірмелерінде 4500 адам спорттың бұқаралық түрлері баскетбол, футбол, волейбол, гандоболмен тұрақты түрде шұғылдануда.
Ішкі саясат саласы
Қоғамдық саяси ахуал жайлы
Ауданның қоғамдық саяси ахуалын бағалау мақсатында қоғам дамуына үлес қоса алатын, қоғамдық құрылымның әртүрлі саласын қамтитын 18 жастан жоғары аудан тұрғындары арасында ү.ж тоқсан сайын сауалнама жүргізіліп отырды. Сауалнама көрсеткіштері бойынша қатысқан респонденттердің негізгі бөлігі, яғни 91 пайызы аудандағы қазіргі қоғамдық- саяси ахуалды «оңды» деп бағалаған, дегенмен есепті мерзіммен салыстырғанда, қазіргі сәттегі өмір сүруіне қанағаттанбаймын дейтіндердің басымдығы байқалады. Олардың негізгі бөлігін Жаңарық, Сүттіқұдық, Қожамберді ауылдық округтерінен сұралған респонденттердің пікірінде байқалған.
Жаңақорған ауданы әкімінің бірінші кезекте назар аудару керек мәселелер көрсеткішін анықтау мақсатында қойылған сауал нәтижелері бойынша ең алдымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, халықтың тіршілік деңгейін көтеру, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қолға алыну қажеттігі ұсынылған. Жалпы жыл көлеміндегі Жаңақорған ауданындағы қоғадық- саяси ахуалды тұрақты деп бағалауға болады.
Ақпараттық – насихаттық топтардың құрамы мен қызметі
Ауданда құрамына түрлі сала басшылықтарынан 24 азамат еенгізілген 8 ақпараттық – наихаттық топ (АНТ) жұмыс жасап келді.
Елбасының «Қазақстан 2050- стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тақырыбындағы Жолдауын насихаттау мақсатында аудандық, облыстық, республикалық ақпараттық – насихаттық топтар мен ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірқатар депутаттары аудан елдімекендерін аралап 98 кездесу өткізген. Кездесуге 12 мыңнан астам аудан тұрғындары қатысқан. Осы мақсатта орнатылған көрнекіліктер саны 120, аудандық «Жаңақорған тынысы» газетіне ақпараттандырылған материалдар саны 205-тен астам болып отыр. Сондай – ақ жергілікті бюджеттен 275 мың теңге бөлініп, 715 кітапша шығарылып, меншік түріне қарамастан барлық мекемелер мен кәсіпорындарға және кент, ауылдық округтерге тарқатылып берілді.
Үкіметтік емес ұйымдар, аудандағы саяси бірлестіктер мен қозғалыстар қызметі туралы
Ауданда 70 үкіметтік емес ұйым тіркелген. 26 кент және ауылдық округтерінде қоғамдық негізде ардагерлер мен әйелдер кеңесі және жастар ұйымдары тұрақты түрде жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес 26 діни бірлестіктер есепті қайта тіркеуден өтті.
Өткен жылы Байкенже, Келінтөбе, Жаңарық және Ақсуат ауылындағы мешіттер пайдалануға беріліп, тиісті тіркеу құжаттары рәсімделуде.
2013 жылы жергілікті бюджеттен әлеуметтік жобаларға 2 442 мың теңге бөлініп, 7 әлеуметтік жоба ұсынылған. (сауалнама, діни экстремизм, гендерлік саясат, тарихи өлкетану, Еңбек қоғамына 20 қадам, ҮЕҰ жұмыс, аула клубтарының жұмысы) Нәтижесінде жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жоба жеңімпаздары болып табылып, олардың ұйымдастыруымен 55 іс- шара өткізілсе, оған 10 мыңнан астам аудан тұрғындары қатыстырылған. (Жоба жеңімпаздары: «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігі, К. Әбілтанова, «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігі, Н. Бакиров, «Регион Юг Запад» қоғамдық бірлестігі, М. А. Махамбетова )
Ү. ж. Елбасы Жарлығымен «Отбасы күні» мерекесі тұңғыш рет аталып өтіп, облыс әкімінің орынбасары А. Әлназарованың басшылығымен аудандық «Жаңақорған шипажайы» мәжіліс залында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысы және қараша айында облыстық ардагерлер кеңесінің «Қарттарым асыл қазынам» семинары өткізілді.
Жастар саясаты
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда Аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты мен патриоттық тәрбие беру жөніндегі біріккен кеңес құрамы тұрақты қызмет атқаруда. Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 27014 жас бар. Бұл аудан халқының 29,5 пайызын құрайды. Кент орталығында 13047, ауылдық округтерде 13967 жас бар.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына 2013 жылы 4 млн 100 мың теңге қаржы қаралып, 23 әлеуметтік қызмет ұйымдастырылып, нәтижесінде жыл соңына дейін 2 рет сауалнама, 9 рет семинар, 34 кездесу, 2 рет фестиваль, 14 спорттық шара, 3 рет байқау, 2 рет дебат ойыны, 2 рет тарихи орындарға саяхат, 1 рет жастар форумы өткізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс
Мемлекеттік ақпараттық саясатты аудандық жүргізу үшін аудандық бюджеттен Үстіміздегі жылы 7 млн 754 мың теңге қаралып, мемлекеттік тапсырыс бекітілген бас медиа жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері мен қол жеткізген жетістіктерін ақпараттық сүйемелдеу мақсатында жергілікті бюджеттен 750 000 теңге қаржы қаралып, «Дала» журналы әзірленіп, 2000 данасы кент, ауылдық округтер мен бөлімдерге таратылып берілді.
Сондай – ақ мемлекеттік ақпараттық саясатты облыстық телеарна арқылы ақпараттандыру мақсатында 2013 жылы жергілікті бюджеттен 2 млн теңге қаржы бөлініп, облыстық «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасы арқылы 148 минут есебінен 28 шараны жаңалық ретінде, 11 шараны арнайы репортаж арқылы ақпараттандырылды.
Өз кезегінде 2013 жылға жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштер, ауданның 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы мақсатты көрсеткіштер барлығы дерлік қала және аудандар рейтигісін анықтау көрсеткіштерінде толық қамтылған деп айтуға болады. Бұл бағытта, яғни, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, негізгі капиталға тартылған инвестиция, құрылыс жұмыстарының көлемі, егін және мал шаруашылығы бойынша есепті толық тапсыруды қадағалау, статистика басқармасымен тығыз жұмыс жасау, атқарылған жұмыстар көлемін толық қамту және тағы да басқа жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында әрбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша орындалу мерзімі, жауапты бөлім, мекемелер белгіленген іс-шаралар жоспары негізінде аудан әкімінің орынбасары басшылығымен айына кемінде екі рет өтетін отырыстарда мәселелер жан-жақты толық талқыланып, тиісті шаралар қабылдануда.Нәтижесінде 2012 жылы жыл қорытындысымен Қызылорда қаласы мен аудандардың арасында Жаңақорған ауданы 5-ші орынға шықса, 2013 жылдың қорытындысымен аудандар арасында алдыңғы қатардан орын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |