«Жаңашыл ұстаз өмір талабы»



бет2/2
Дата24.07.2024
өлшемі51.5 Kb.
#503031
1   2
эссе

Ахмет Байтұрсынұлы


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті қажет ететін мамандық бұл – ұстаздық мамандығы. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен тығыз қарым-қатынаста болып, біліуге, үйренуге деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Бүгінгі білім мен білік сыналатын заманда ұстаз – ізденуші, зерттеуші, жаңашыл болуы тиіс. «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысын өзіңнен баста» демекші, кез келген ұстаз қазырғы заман талаптарына сай ақпараттық технологияны еркін меңгерген болуы тиіс. Себебі , үнемі өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында ұстазға жүктелер міндеттің салмағы ауыр екені сөзсіз.Қай кезде болмасын оқушы үшін оқытушы бір ғана пәнмен оқытатын ғана емес, рухани ой өрісі дамыған, шығармашылық тұрғыдан жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген, болмысы өзгеше, жан-жақты ұстаз болу керектігі бүгінгі қоғамның талабы болып отыр.
Мұғалім мамандығын жүрек қалауымен таңдап , сол салада тер төгіп еңбек етіп жүргеніме 20 жыл болды. Қиыны мен жеңілі ,қызығы мен қуанышы мол болған жемісті жылдардағы ұдайы назарда жүрер ұстаздық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, абыроймен еңбек ету, әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы үлкен мақсаттар мен биік асуларға жетелеу.
Осынау жылдар ішінде көңілге түйгенім ұстаздық қызметте , оқушылар мен қарым-қатынаста кішіпейілділік пен мәдениеттілік, шын жүректілік пен ізгі ниеттілік бірінші кезекте тұру кезектігіне көзім жетті.
Қазырғы заман ұстазы - баланы жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, бала арманын көкке ұсындырушы тұлға. Сонымен қатар ол бала өмірінде өте маңызды рөл атқарады, өйткені ол – шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы. Бұл – тұрақты аксиома.
Ұстаз қашанда шығармашыл тұлға саналады. Оның ой елегінен шыққан әрбір тәрбиелік мәні зор жұмыстары балалардың көңілін бір серпілтіп қана қоймай, ана тілін құрметтеуге, туған елін мақтан етуге, өркениеттіліке өрлеген Отаны Қазақстанның нағыз патриоты болуға бағытталуы қажет. Ол үшін ең алдымен ұстаздың өзі Отанын сүйетін патриот болғаны абзал!
Қазақстанның жарқын болашағы үшін білім беру саласындағы жастардың білімді, саналы тұлға болып қалыптасуына өз үлесімді қосамын деген ойдамын. 
Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды жоғарыға өркендетуші адам. Қорыта келе, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше, егемен елімізге ой өрісі жоғары дамыған, білімді, жан-жақты дамыған,парасатты ұрпақты оқытып тәрбиелеу қажет екенінін жадымыздан естен шығармайық!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет