Реферат тақырыбы: «Шығармашылық пен ғылыми таным өзара байланысы»



бет1/8
Дата29.02.2024
өлшемі33.3 Kb.
#493219
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8
Шығармашылық пен ғылыми таным өзара байланысы




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:


«Шығармашылық пен ғылыми таным өзара байланысы»

Орындаған: ДОВк3сп


Кусаинова Қарлығаш Алиаскаровна

АСТАНА 2024


ЖОСПАР:
КІРІСПЕ

1 Шығармашылық деген не?


2 Таным түсінігі


3 Шығармашылық пен ғылыми таным өзара байланысы




ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ

Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жақандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бастысы - білім беру жүйесін жетілдіру, елдің интеллектуалдық потенциалын көтеру.


Осы тұрғыдан қарағанда, ғылыми іс-әрекет, адамның басқа іс-әрекеті сияқты қандай да бір үлгілерді қайта тудырумен байланыстырылады. Бұл өз кезегінде зерттеуді, зерттеу мақсаты мен бағдарламасын, оны ұйымдастыру принциптерін анықтайды. Осы жерде адамның танымы мен бойындағы шығармашылық қасиеттерінің қаншалықты меңгергені өте маңызды рөл атқарады.
Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен — өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшіни таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. 
Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. 
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады. 
Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымензаңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. 
Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге арласуы. 
Осы заманға кең пайданылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мында объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. 
Ғылыми теоррияның қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы зор. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гепотеза бола алмайды. 
Қысқасы, ғылыми жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет