2 тур. Ең зейінді.
Әр топтан 1-1 оқушы шығып , сандарды оқиды ал 6-ға бөлінетін сандарды атамай жаңылмаймын деп айту керек. Мысалы 5-ке бөлінетін сандар үшін 1,2,3,4, жаңылмаймын 6,7,8,9, жаңылмаймын.Әр топтан 1-1 оқушы шығу керек.
Жаңылмаймын деген сөзді неше рет дұрыс айтса, сонша балл алады.
0; 3; 6; 21; 12; 16; 24; 9; 42; 60; 56; 191; 36; 72; 15; 35; 100; 120; 49; 66; 68; 18; 4
8-ге бөлінетін сандар .
3; 140; 8; 43; 68; 1; 24; 48; 57; 0; 160; 49; 18; 32; 202; 88; 60; 72; 40; 19; 16; 2; 48
3 тур. Аукцион.
Ойын шарты бойынша сұраққа дұрыс жауап берілсе , сол ұпайлар қосылады.
Математикалық калейдоскоп
100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
300.АУКЦИОН - сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
Төртіншісі артық
100.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
200.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
300.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)
400 . АУКЦИОН - сұрақ : төртінші артығын тап: 144,576,454,1024
4 тур.Жас эрудит.
Әр топқа әріп беріледі сол әріптен математикаға байланысты көп сөз жазу керек. 3 минут уақыт.Әр сөз 1 ұпай.
І топқа- Т , 2 топқа- П, 3 топқа-Ш ,4 топқа- А әріптері
5 тур. Ең тапқыр .
Әр топқа биология кітабы беріледі .Кез келген тақырыпта әзіл есеп құрастыру керек. 5 минут уақыт беріледі.5-10 ұпай беріледі.
Жанкүйерлермен ойын математикалық сөзді айтып соңғы әріптен ары қарай жалғастыру керек.Мысалы; перпендикуляр – радиус - … (5 минут)
Достарыңызбен бөлісу: |