Ашық түрдегі тестік тапсырма.
Мәтіндік өрісте білім алушы еркін түрдегі мәтіндік жауап енгізуі керек. Ашық түрдегі тапсырманың нұсқасын пайдалану, дұрыс жауапты таңдау мүмкіндігінің төмендігіне байланысты, білім деңгейі мен баға сапасы жоғарланады.
Сәйкестікке байланысты тестік тапсырма.
Сәйкестікке ұсынылған тапсырмалар, әрбір жаңа тапсырмада кездейсоқ орын ауыстыруы мүмкін. Білім алушының алдында тұратын мәселе тапсырманың бір топ нұсқасын екінші топ нұсқасымен сәйкестігін табу керектігі. Топтағы элементтер саны көп болуы мүмкін.
Дұрыс тізбектілікті табу тестік тапсырмалар
Білім алушының алдында тұратын мәселе сұрақта қойылған шарттарға сай тапсырма нұсқаларын дұрыс тәртіпте орналастыру керек. Ұсынылған тапсырманың мағыналы элементтері, әрбір жаңа тапсырмада кездейсоқ орын ауыстыруы мүмкін.
Тестілеудің нәтижесі
Тест аяқталғаннан соң пайдаланушыға оның нәтижесі ұсынылынады. Ол болса өз жағынан сол тақырып бойынша, жүйемен жұмысты аяқтауы мүмкін әлде басқа тақырып бойынша жұмысты жалғастыруы мүмкін. Тестілеудің нәтижесі, тестілеуші туралы мәліметтер және тесті өту туралы ақпарат, деректер базасында сақталынып, енгізіледі.
Тұжырым
Білімді тестілеу жүйелерінде негізгі түрлері бар, олар келесі: «жабық» түрі, “ашық” түрдегі тестер, “сәйкестік”тестер, “дұрыс тізбектілікті табу ”тестері.
1.2. Қазіргі кездегі тестілеу жүйесінің жағдайымен білімді тексеру
Білімді тестілеу жүйелерін пайдаланушымен өзара іс-әрекет түрлеріне және тестілеу программаларының ішкі білімінің әдістері деп бөлуге болады. Сонымен, білімді тестілеудің программасының негізгі түрлері: білімді тестілеуінің қарапайым жүйесі, шектелген табиғи тілдік білімді тестілеу жүйесі және табиғи тілге негізделген жасанды зердені қолдану арқылы білімді тестілеу жүйесі.
1.2.1 Қарапайым тестілеу жүйесі және білімді тексеру
Қарапайым білімді тестілеу жүйесі – пайдаланушыға ұсынылған сұрақтар тізбегі. Сұрақ қоюлуымен бір мезгілде, пайдаланушыға бір немесе бірнеше дұрыс жауаптар нұсқаларын таңдау ұсынылады.
Бұндай білімді тестілеу жүйесінің мысалы болып, белгілі www.brainbench.com болып келеді. Бұл жүйеде сұрақтар кездейсоқтық тәртіпте алынады да, тестің сұрақ саны шектеледі. Сұрақтардың жалпы саны, тесте қолданылынатын сұрақтардан көп болуы мүмкін. Бір уақытта пайдаланушыға жауаптың бірнеше нұсқалары ұсынылынады, арасында міндетті түрде дұрыс жауабы бар болады. Сұрақтар мен жауаптар әлдебір мәліметтер базасында сақталынады. Тест бірнеше бөлікке бөлінеді, әр бөлік жеке бағаланады. Сұраққа беретін жауапқа уақыт шектеулігі бар. Тест нәтижесі пайдаланушыға көрсетіледі.
Білімді тестілеуінің қарапайым жүйесін құру мен қолдануының жеңілдігіне орай кен таралған.
Тағы да бір мысал – PolyTest жүйесі. Үлгіқалыпқа сәйкес жауаптар жиынтығынан бір немесе бірнеше нақты жауаптардың таңдауына негізделінеді. Білім базасы мен тестілеудің сценариясы бір мәтіндік файлда орналасады. Файл тестін атауын, қойылатын сұрағы, қойылған сұрақ бойынша қарастырылатын әдебиетті және жауаптың дұрыс әлде дұрыс емес нұсқауларын қамтиды. Сұрау нәтижесі негізінде программа дұрыс емес жауаптарды көрсетіп, оқуды қажет ететін әдебиет тізімін келтіреді. Программа қолданылынып жүрген білім базасын түзетуге немесе жаңасын құру мүмкіндігіне ие. Топтың жалпы рейтингін құру арқылы топтық тестілеу жүргізу мүмкін.
Инструментальды жүйе "Білімді бақылау" білімді тестілеу жүйесін құруға арналған. Білім базасы дегеніміз жауаптың бірнеше нұскауы бар, сұрақтар кезектілігі. Сұрақтың басы мынадай жолдан басталады «#Тапсырманың басы (а)». Аяғы және дұрыс жауабы келесі жол түрінде көрсетіледі «#Тапсырманың соңы (4)», бұнда 4 саны – мүмкіндіктер арасындағы дұрыс жауаптың нөмірі. Прграмма кейбір айрықша белгілермен ерекшелінеді: оқытушы арнайы оқусыз тест құра алу мүмкіндігіне ие, құрылған тестердің сапалығын педагогикалық тұрғыдан бағалау (валидтік, сенімділігі, қиындық деңгейі). Тест дайындау кезінде және білімді бағалауда, келесі параметрлер кең қолданылынады:
Тапсырманы таңдау: тізбектілік, кездейсоқтық, еркін;
Тапсырманың қиындық деңгейін бақылау;
Нәтиже мен жауап хаттамасын файлға және басып шығару;
Дисковод, директории мен файлды автоматты түрде іздеу мен таңдау;
Тестілік бағдарламаға кіру автоматты тестік тапсырмалар мен бекітілген параметрлер арқылы жүргізіледі;
Бағаға бекітілген шарт, жауапқа берілетін түсініктеме.
«Оқыту» режимі қолданылынады, онда жауаптың бірнеше нұсқаларын енгізу мүмкіндігі бар, жауапқа кең түсініктеме беріледі.
Бұндай жүйенің кемістігі мүмкін дұрыс жауапты бірнеше рет енгізуі және де аз нұсқалар кезінде дұрыс жауапты таңдау мүмкіндігі жоғарлайды.
Тағы да бір мысал, «Internet жүйесіндегі білімді тестілеудің автоматты жүйесі”. Бұл жүйе дистанциялық білім беруде пайдалынады, нақтылай Internet арқылы білімді тестілеудің және оқу орны шеңберінде Internet арқылы тестілеуде де кең етек алуда. Тестілеу жүйесі келесі бағыныңқы жүйелерден тұрады:
Әкімшілік ету;
Сұрақтарды енгізу және түзету;
Тестерді құру;
Тестілеу;
Нәтижені қарау және талдау.
8-10 Дәрістер бойынша Эссе
Бағалау саясаты оқу үрдісінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Ал бағалау дұрыс болу үшін бағалауға арналған тапсырма сапалы болу керек. Осы мәселенің өзектілігіне қарай мұғалімдердің бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Критериалды бағалау жүйесінде ағымдағы бағалау тапсырмаларының бөлім бойынша қамтылған оқу мақсатындағы нақты бір дағдыны тексеру үшін, қорытынды бағалау тапсырмаларының тоқсан соңында белгіленген оқу мақсаттарына сәйкес жүргізілетінін түсіндім.
Мұғалім өзінің әрбір әзірлеген тапсырмасын сараптау кезінде «Менің әзірлеген тапсырмам белгіленген бағалау критеийлері арқылы оқушылардың оқудағы жетістіктерін анықтай ала ма?» -деген сұрақ төңірегінде ойланады. Себебі, мұғалімнің тапсырмасынан күтілетін нәтиже оқу мақсатының орындалуының өлшемі болып табылады. Сонымен қатар, оқу мақсаттарына сай ойлау дағдыларының деңгейі туралы ойлану да маңызды. Білу мен түсіну деңгейінен жоғары ойлау дағдыларына жету үшін тапсырманың күрделілік деңгейі ескерілуі тиіс. Оқу мақсаттарын Блум таксономиясы бойынша жіктеуде бағалау критерийлерін құруда зат есім мен етістіктерді дұрыс қолданудың маңызды екенін түсіндім. Тапсырмалардың қысқа және толық жауапты қажет ететініне қарай тапсырмалардың түрлерін тұжырымның шындық/жалған екенін, сәйкестендіру және салыстыру, көп таңдау бар тапсырмаларына қарай жіктеуді тәжірибе жүзінде жасай отырып меңгердім. Әсіресе қалыптастырушы бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалаудан кейін нәтижелерді талдау оқу мақсатына жетуге апаратын жол болып табылады. Күнделікті сабағымызда қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын алып отырсақ, оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалауда қиналмайды. Әр тапсырмаға дескрипторды құрастыру кезінде нақтылық қажет етеді. Дескриптор арқылы тапсырманың орындалу қадамдары анықталады. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды екі нұсқада жасаймыз.
Жалпы бағалауға арналған тапсырманың мазмұны төмендегідей талаптар қояды:
· Тапсырманы орындауға берілген уақытты дұрыс белгілеу
· Тиімді жұмыс көлемін ұтымды анықтау
· Оқуға және жазуға берілген уақытты анықтау
· Мәтін мазмұнының күрделігін анықтау
Бағалауға арналған тапсырмалар: жабық тапсырмалар және ашық тапсырмалар болады.
-
Тест 8-10 дәрістер бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |