Гидрооқшаулайтын материалдар деп құрылыстық конструкцияларды, ғимараттар мен құрылыстарды шайып кететін немесе сүзгіленіп өтетін судан және химиялық агрессивті ерітінділерден қорғауға арналған материалдарды айтады. - Гидрооқшаулайтын материалдар деп құрылыстық конструкцияларды, ғимараттар мен құрылыстарды шайып кететін немесе сүзгіленіп өтетін судан және химиялық агрессивті ерітінділерден қорғауға арналған материалдарды айтады.
- Гидрооқшаулайтын материалдар тағайындалуы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- - антифильтрациялық
- - антикоррозиялық
- - герметикалық
Гидроизоляциялық материалдар үнемі су әсерінде болады және оған судың құрамындағы қоспаларда әсер етеді. - Гидроизоляциялық материалдар үнемі су әсерінде болады және оған судың құрамындағы қоспаларда әсер етеді.
- Жабындық материалдарға тән қасиеттерден басқа олар жоғарғы беріктілігімен қатар су өткізбейтіндігі, химиялық түрақтылығы мен иілгіштігімен сипатталуы қажет.
- Бұл қасиеттер болмаса шөгу, температуралық және басқа деформацияның әсерлерінен жекелеген конструкцияларда жарықтар мен сызаттар болуы мүмкін.
- Бұл талаптарды көбінесе битум мен қарамай негізінен алынған жабынды және гидроизоляциялық материалдар қанағаттандырады.
-
Битум және қарамай (деготь) байланыстырғыш заттары полимерлер мен органикалық тұтқырлармен қатар органикалық байланыстырғыштар заттар тобын құрайды. - Битум және қарамай (деготь) байланыстырғыш заттары полимерлер мен органикалық тұтқырлармен қатар органикалық байланыстырғыштар заттар тобын құрайды.
- Бұл байланыстырғыштар негізінде құрылысқа қажетті көптеген материалдар мен бұйымдар жасалады:
- асфальтты бетондар және ерітінділер;
- орамалы шатырлық және гидроизоляциялық материалдар,
- паста,
- эмульсия және
- кейбір лактар.
Битум табиғи түрде тау жыныстарының құрамында немесе мұнайды өңдеу арқылы алынған жасанды түрінде болады. - Битум табиғи түрде тау жыныстарының құрамында немесе мұнайды өңдеу арқылы алынған жасанды түрінде болады.
- Табиғи битум - қара немесе қоңыр - сұр түсті органикалық зат, қыздырған кезде біртіндеп жұмсарып, сұйық күйге өтеді, ал салқындатқан кезде қатады.
- Табиғи битум суда ерімейді, бірақ күкіртті көміртекте, хлороформда, бензолда тез, ал бензинде қиын ериді.
- Табиғи битумның құрылымы физикалық-механикалық және физикалық-химиялық құрамы мұнайлы битумға ұқсас. Табиғи битум таза күйінде аз кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |