Жадыра Есенгелді Сәкен сері туралы деректі фильм студенттердің назарына ұсынылды



Дата03.07.2016
өлшемі12.54 Kb.
#174474
Жадыра Есенгелді
Сәкен сері туралы деректі фильм

студенттердің назарына ұсынылды
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде белгілі қоғам қайраткері, прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәкен Жүнісов туралы деректі фильм кврсетілді. Оған облыс экімінің орынбасары Анархан Дүйсенова, фильмнің режиссері, ақынның інісі Орал Жүнісов қатысты.
Сәкен сері Жүнісовтің шығармашылық өмірінен сыр шертетін бұл деректі фильмде "Жапандағы жалғыз үй", "Ақан сері", "Аманай мен заманай" сынды бірегей туындылардағы көркемдік ізденіс, жазушының драматургиясы, оның әдебиет пен театрдың, қоғамның келелі мәселелері турасындағы ойлары, аударма саласындағы жемісті еңбегі, өнерге жақындығы баяндалады. Замана сырына терең үңілген қоғам қайраткері жайында замандас ақын-жазушылардың, туған-туыстары мен оқушыларының естеліктері, Сәкен Нұрмақұлының Елбасының алдында айтқан өткір пікірлері, отбасында домбыра шертіп, ән салған сәттеріндегі кадрлар да топтастырылып, көпшілік назарына үсынылды.

Фильм аяқталған соң сөз алған СҚМУ-дің профессоры Зарқын Тайшыбай Сәкен серінің шығармаларына деген студент жастардың қызығушылығы арта түседі деген сенімін білдірсе, университет оқытушысы Нұргүл Смағұлова қаламгердің образ сомдаудағы көркемдік шебер-лігі жайында әңгімеледі.



Сәкен Жүнісовтің інісі, "Қазақфильм" киностудиясының деректі фильмдер режиссері Орал Жүнісов бір сағатқа созылған деректі фильм жерлес жазушының өмірінен алынған үзік сырлар ғана екенін айтты.

// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 4 қараша

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет