Жағар май негіздерінің сипаитамасы және жіктелуі


Жағар майлар дәрілік түр ретінде, дәрілік заттарды жағар майларга енгізудің негізгі ережелері



бет4/9
Дата20.03.2024
өлшемі52.47 Kb.
#496173
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ддтн

Жағар майлар дәрілік түр ретінде, дәрілік заттарды жағар майларга енгізудің негізгі ережелері 

Жағармайды дайындау бірнеше сатыдан тұрады: балқыту, еріту,


диспергирлеу, қажетті жағдайда эмульсиялау, буып түю, безендіру сатылары реттілігінен тұрады. Сонымен бірге кейбір сатыларда бақылау (еру толықтығы, араластыру біркелкілігі) жүргізіледі, дайын жағармайдың технологиялық көрсеткіші бойынша бақылау жүргізіледі.
МФ көрсетілгендей дәрілік заттар жағармайларға физика-химиялық
қасиетіне және жазылымдағы мөлшеріне байланысты енгізіледі):
а) Негізде жеңіл еритін заттар: анестeзин 5% дейін, ментол, камфора,
хлоралгидрат және т.б. міндетті түрде негізде ерітіледі (негіз майлы).
б) Суда еритін заттар: алкaлоид тұздары, дикаин, ихтиол, калий иодиді,
новокаин, күміс нитраты, колларгол, протаргол, таннин және т.б. сулы ерітінді
түрде енгізіледі.
Протаргол, колларгол, таннин - олардың концентрациясына тәуелсіз
жағармайға ерітінді түрінде енгізіледі, себебі емдік қасиетін сулы ерітінді
түрінде көрсетеді. Қою, құрғақ экстрактыларды, опийді спирт-су-глицерин қоспасында ерітіп қосады.
в) Суда да, майда да ерімейтін дәрілік заттар және суда еритін, бірақ көп
мөлшерде жазылған заттарды суспензия түрінде енгізеді. Оларға: висмут негізгі
нитраты, ақ балшық, дерматол, сынап сары тотығы, норсульфазол, салицил
қышқылы, бор қышқылы, крахмал, ксероформ, натрий тетрабораты, сынап
амидохлориді, күкірт, стрептоцид, тальк, мырыш тотығы.
Резорцин, пирогаллол, мырыш сульфаты (көз жағар майынан басқа),
олардың суда еріштігіне қарамастан, тек суспензия түрінде енгізіледі, маймен
немесе сұйық парафинмен ысқылайды. Себебі суда еріткенде тез сіңіріліп, улы
әсер етеді.



  1. Бейсу ерітінділер, технологиясы 

Бейсу ерітінділері - құрылыстық бірлігі иондар мен молекулалар
болатын гомогенді сұйық дәрілік түр. Еріткіш ретінде бейсу ерітінділерінде
бейсу еріткіштер (спирт, эфир, өсімдік майлары және т.б.) қолданылады.
Бейсу еріткіштерінің қолданылуы көптеген дәрілік заттардың суда ерімеуіне негізделген.
Бейсу ерітінділері сыртқа қолдануға арналған дәрілік түрлерге жатады:
кілегей қабаттарға жағуға, тері қабатын сүртуге, жууға, шаюға, ингаляция
жасауға арналған ерітінділер, құлаққа, мұрынға арналған тамшылар.
Бейсу ерітінділерге қойылатын талаптар:
- қажетті әсер алу үшін медициналық белгіленуіне сәйкестігі;
- дәрілік заттардың толық еруі;
- механикалық қоспалардың болмауы;
- дәрілік заттардың концентрациясының жазылған көлеміне немесе салмағына
сәйкестігі;
- сақталу кезіндегі тұрақтылығы.
Бейсу ерітінділердің сапасы, оларды дайындаудың технологиялық тәсілдерін
таңдау көп жағдайларда дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты. Бір-бірінен химиялық құрылысымен, функционалды топтардың
болуымен және олардың санымен, диэлектрлік өткізгіштігімен ерекшелене
отырып, бейсу еріткіштер дәрілік заттарға қатысты әртүрлі еріткіштік қабілетімен сипатталады. Сондықтан, олар әртүрлі тұрақтылықпен, химиялық және фармакологиялық индифферентіліктің әртүрлі дәрежесімен, жоғары немесе төмен дәрежеде еріткіштерге қойылатын талаптарға сәйкестігімен сипатталады.
Бейсу ерітінділердің технологиясында қолданылатын еріткіштер олардың
физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ұшқыш және ұшқыш емес бейсу еріткіштер деп бөлінеді.
Ұшқыш еріткіштерге этанол, эфир, хлороформ жатады. Дәріхана
практикасында кеңінен этанол қолданылады.
Ұшқыш емес еріткіш ретінде глицерин, өсімдік майлары, вазелин майы,
соңғы жылдары - димексид, полиэтиленоксид-400 (ПЭО-400), силикондар қолданылады. Қазіргі кезде ерітінділер технологиясында күрделі еріткіштер: глицерин-этанол, глицерин-димексид, глицерин-су және т.б. қолдану
тенденциясы байқалады. Күрделі ерітінділерді қолдану дәрілік түрде ерігіштігі әртүрлі дәрілік заттарды біріктіруге, сонымен бірге, бейсу еріткіштерді бір мезетте емдік әсер көрсетуге және қосымша зат ретінде қолдануға мүмкіндік береді

Бейсу ерітінділерінің технологиясы. Бейсу ерітінділерінің технологиясы:


еріту, фильтрлеу, орамдау, безендіру сатыларынан тұрады. Әр сатының,
еріткіштердің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар

Технологиясының ерекшеліктері:


- ерітіндіні тікелей босататын құтыға дайындайды;
- құты құрғақ болуы керек, себебі су спиртті сұйылтып, басқа еріткішпен
араласпайтын дәрілік заттардың ерігіштік қасиетін төмендетеді;
- құтыға алдымен еритін затты, содан соң еріткішті салады. Себебі мойны
ылғалданған құтыға затты салу қиын, көп мөлшердегі, көлемді дәрілік
заттарды (ұнтақтарды) құтыға воронка арқылы салады;
- сусыз ерітінділерді қажет болған жағдайда ғана құрғақ мақта тампоны
арқылы воронканы шынымен жауып сүзеді.
Фармацевтік технологияда өте жиі күшті этанолды сұйылтады немесе
белгілі концентрациялы қоспа алу үшін, концентрациясы әртүрлі спиртті
ерітінділерді араластырады. Қоймадан дәріханаға 95-96%-дық этанол түседі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет