Жағдаяттар 1- жағдаят



Дата17.01.2023
өлшемі3.04 Kb.
#468490
Жағдаяттар 1- жағдаят-emirsaba.org


Жағдаяттар 1- жағдаят

Жағдаяттар

1- жағдаят 35 жасар Ернар Жұмаділдаев шахтада жұмыс жасайды. Ол жұмыс барысында ауыр жарақат алды. Және басшылық бұл жағдайда ешқандай жауапкершілік алмады. Қандай құқықтық мәртебе жайлы сөз қозғалып тұр?

2-жағдаят Көшеде келе жатқан Арманның иығын бөгде бір ер кісі қағып кетті, сыпайылық танытқан Арман кешірім сұраса, ер кісі оған боғауыз айтып, қадір қасиетіне нұсқан келтіріп оны езгіге салды.Бұл қандай құқық бұзушылық?

3-жағдаят Мектепке жаңа география мұғалімі келді. Сабақ сұрау барысында ол бір оқушыға, жауабына төмен баға қояды. Келесі күні сол қыздың ата анасы келіп, қыздың жеке тұлғалық мәртебесіне тиісіп айтып тастайды.

4-жағдаят Шет елден жақында көшіп келген сырт келбеті өзгеше екі азамат тұрғылықты адамдармен жақсы қарым-қатынаста болғысы келді. Бірақ олар екі азаматтың сырт келбетіне сыни пікірлер айтып қорлайтын. Қандай құқықтық мәртебе жайлы сөз қозғалып тұр?

5-жағдаят Әсет екі ай бойы кафеде жұмыс жасайды.Бірақ бастығы киін оны жұмыстан шығарып жіберді.Бастығы оған жұмыс істеген айларына төлемақы төлемеді.Әсет бастығынан неге төлемақы төлемитінін сұрағанда ол оған осы уақытқа дейін тек стажировкада жүргенін айтады.Әсеттің қандай құқығы бұзылды? Сіз бұл жерде қандай әрекет етер едіңіз?

6-жағдаят Сіздің сыныбыңызда математика мұғалімі сабақ барысында үнемі дауыс көтереді, балағаттайды, ал кейде тегіне және отбасын айтып жекетұлғалық мәртебесіне сөз келтіреді. Қандай құқықтық мәртебе жайлы сөз қозғалып тұр?
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет