Педагогикалық жағдаят



бет1/7
Дата25.04.2024
өлшемі101 Kb.
#499780
  1   2   3   4   5   6   7
абитуриенттерге арналған тапсырмалар жиынтығы


Билет №1

  1. Мұғалімдік мамандықты не себепті таңдадыңыз? Себебін түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят

  1. Сіздің сыныбыңызда арнайы бағдарламамен оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушы оқиды. Ал сыныптастары онымен сөйлеспек түгел оған мән де бермейді.

Осы жағдаятқа қалай әсер етуге болады?
Бұл жағдайда қандай әрекет етер едіңіз?
Өз іс-әрекетіңізді негіздеп толығымен айтып беріңіз.
Билет №2

  1. Атақты, ғұлама ұстаздардан кімдерді білесіз? Анықтама беріңіз.

Педагогикалық жағдаят

  1. Әйгерімнің есте сақтау қабілеті өте жақсы дамыған, сондықтан ол кез келген мәтінді, әнді, ақпаратты оңай жаттап алады. Мереке кезінде ол тек өз рөлін ғана емес, басқа да балалардың рөлдеріндегі мәтіндерді жаттап алған. Сол мәтінді қайталап басқаларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Бұл жағдайға қалай әсер етуге болады?
Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз?
Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?
Билет №3


  1. «Менің атым Қожа» фильмі жайлы өз ойыңызды білдіріңіз.Авторы туралы не білесіз?

Педагогикалық жағдаят

  1. Күнде таңертең әкесі өз баласын (5 жас) балабақшаға әкелген кезде, баласы айқай шығарып, өзінің киім ілетін жеке шкафына кіріп алып шықпай отырады.

Әкесі бұл әрекетке аса мән бермей, баласын шкафта қалдырып,
тәрбиешіге ескертіп кетеді.
Анасы баласына талап қойып, үлкен мән береді, баласы анасының
көзінше мұндай іс-әрекетке бармайды. Бірақ анасының жұмысы ерте
басталғандықтан баласын балабақшаға әкелуге мүмкіндігі болмайды.
Не істеу керек? Сіздің бұл жағдаяттағы ұсынысыңыз.

Билет №4


  1. Мектептегі қандай пәндер сіздің сүйікті пәніңіз болды? Неліктен?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет