Жаңылтпаштар


Мысал: Марстағы машақат (Әли Ысқабаев)



бет3/3
Дата30.04.2024
өлшемі27.38 Kb.
#500190
1   2   3
Өтірік өлең жанылтыпаштар Жолов Алишер

Мысал:


Марстағы машақат (Әли Ысқабаев)
Дәл Марстың өзінде
Тұрушы еді ағайым.
«Іздеп соны өзім де,
Қыдырып бір барайын», –

Деп жүргенде, сол ағай


Шақырыпты қонаққа.
(«Ержетті ғой балақай», –
Деп қосты ма санатқа).

Бұған қатты шаттандым,


Базарлық пен сый алдым.
Достарыма мақтандым,
Сапарға тез жиналдым.

Түзде тұрған кемені


Бағыттап ем ғарышқа,
Қақ жарып құм төбені,
Тура тарттым Марсқа.


Өтірік өлеңдер (Ілияс Жансүгіров)
Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,
Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым.
Айғырын құмырсқаның ұстап бағып,
Қой тастан адыр-адыр түлкі қақтым.
Мен өзім жас күнімде тырна бақтым,
Тырнамды семірсін деп қырға бақтым.
Балықтың бас-аяғын түгендеуге,
Іле де итке мініп үш жыл ақтым.
Мен өзім жас күнімде қарға бақтым,
Қарғаны семірсін деп қарға бақтым.
Мешін жылы ақсүйек үлкен жұт боп,
Арығына қарғаның жабу жаптым.
Мен өзім жас күнімде қарға бақтым,
Арықтап, әр қарғама жабу жаптым.
Желді күні жетеуі желдеп кетіп,
Түу Бақастың түбінен әрең таптым.


Өтірік өлең (Мұхтар Әуезов)
Қайныма қарға мініп ұрын бардым,
Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп,
Алдына қайын атамның қырындадым.
Жүк артып инелікке ерте көштім,
Шүйкелеп сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдім-талдым әрең шештім.
Міндім де сасық қоңыз аяңдадым,
Болдыртып, аяңымен қоян алдым.
Япырым-ай, сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.
Міндім де жасыл қоңыз сона қудым,
Басынан мұнар төбе сағым будым.
Дәулеттің маған біткен арқасында,
Қанменен көйлегімнің кірін жудым.
Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,
Ши оқпен мың құланды атып қырдым
Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,
Ұялмай жүз тұсақтан сатып тұрдым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет