«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті



Дата17.07.2016
өлшемі166.54 Kb.




«Әлеуметтік қорғау саласында

мемлекеттік қызмет көрсету

регламенттерін бекіту туралы »

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2012 жылғы _____________№____

қаулысымен бекітілген


«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ұғымдар
1.Қолданылатын  терминдер мен  аббревиатуралардың анықтамалары:

1)ҚҚБ - мемлекеттік қызмет көрсету барысында қатысатын мүдделес органдардың құрылымдық-қызметтік бірлігі, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйесі;

2)Құжаттар ресімдеу бойынша уәкілетті орган -«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  (бұдан әрі-Бөлім);

3)Тұтынушы –мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға.


2. Жалпы ережелер
2.«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- бөлім) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін «Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне (бұдан әрі- регламент) 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді, орталықтардың мекенжайлары осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

3.Көрсетілетін  мемлекеттік қызметтің нысаны:  автоматтандырылмаған.

4.Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 24-бабының 1-тармағы,«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердің кепiлдік берілген көлемінің  тiзбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысының        1-тармағы, «Халықты әлеуметтiк қорғау  саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы   № 394-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6714 тіркелген) негізінде ұсынылады.

5.Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.kz, Қарағанды қаласы әкімдігінің www.karaganda-akimat.kz. интернет-ресурсында, бөлімнің, орталықтың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады, сондай-ақ  нөмірлері осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефондары арқылы алуға болады.

6.Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 5 қосымшаға сәйкес жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

7.Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар):

1)жасы он сегізден асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге; 

2)психоневрологиялық патологиясы бар немесе тірек-қимыл аппаратының функциясы бұзылған мүгедек балаларға;       

3)жалғыз тұратын бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен қарттарға көрсетіледі;

4)өзіне өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік көрсетілуге мұқтаж, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 131-бабы бойынша ата-анасын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру мекемелерінде отыруына, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) оларға тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабы 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен мүгедектерге және қарттарға тәуліктің күндізгі уақытында әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.

Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсетуге ауру процесінің белсенді стадиясындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, психикалық аурулардың, соматикалық ауру кезіндегі неврозға ұқсас жай-күйлердің, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдардың, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.

8.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері тұтынушы осы  регламенттың 4-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

бөлімде – он   төрт  жұмыс күні ішінде;

орталықта – он  төрт жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет құжатын (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

2)тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты (талон алғанға дейін)  30 минуттан аспайды;

3)тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты уәкілетті органда  15 минуттан, орталықта 30 минуттан аспайды.

9.Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10.Жұмыс кестесі:

1)бөлімнің: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда,  сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

2)орталықтың: күн сайын  үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, орталықтың филиалдары мен өкілдіктерінде: мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, «электронды»  кезек тәртiбiмен  жүзеге асырылады.

11.Мемлекеттік қызмет:

1)тұтынушының тұрғылықты жері бойынша бөлімнің үй-жайларында көрсетіледі, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгілері ілінген ақпараттық стенділер бар, мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсету үшін жағдай көзделген;

2)залында анықтама бюросы, кресло, толтырылған бланк үлгілері ілінген ақпарат стенділері бар орталықтың үй-жайында көрсетіледі, мүмкіндіктері шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсетуге жағдай көзделген.


3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
12.Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:  

1)тұтынушының жазбаша өтініші, ал кәмелеттік жасқа толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдарға – заңды өкілінің (баланың ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе белгіленген нысандағы  медициналық ұйымның қолдаухаты; 

2)баланың туу туралы куәлігі немесе тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі; 

3)ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру және тұтынушының әлеуметтік жеке коды туралы куәлігі қосымша ұсынылады; 

4)мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді); 

5)мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді); 

6)жасы он сегізден асқан адамдарға – еңбекке қабілетсіздігін тану туралы сот шешімі (болған жағдайда); 

7)зейнеткер жастағы адамдар үшін – зейнеткер куәлігі;

8)Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдар үшін Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысы және соларға теңестiрiлген адамдардың мәртебесін растайтын куәлік.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.  

13.Бөлімде өтініштің үлгісі мен медициналық карта өтініш күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.

Орталықта күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.

14.Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған өтініштің, медициналық картаның нысандары мен басқа да құжаттар электрондық поштасының мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны осы   регламентқа  1-қосымшада көрсетілген бөлімнің жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты орналастырылған стенділерінде орналасқан. 

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілгенде құжаттар «терезелердің»  мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ  орталық  инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі. 

15.Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:

1)бөлімде – өтініш берушінің тіркелген және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні туралы талон беріледі;

2)орталықта: өтініштің нөмірі және қабылданған күні; сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; құжаттарды беру күні, уақыты және орны; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

16.Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты жеткізу:

1)бөлімге жүгінген кезде – тұтынушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өзі келген кезде  не пошта байланысы арқылы;

2)орталыққа жүгінген кезде – тұтынушы тұрғылықты жері бойынша орталыққа өзі келген кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.

17.Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылады:

1)әлеуметтік қызмет көрсету үшін қабылдауға тұтынушыда медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы;

2)осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың бірінің болмауы;

3)көрінеу жалған құжаттама беру.

18.Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1)Тұтынушы қажетті құжаттарды жауапты маманға тапсырады;

2)Жауапты маман тұтынушының ұсынған құжаттарын көрсетілген талаптарға сәйкес тексереді;

3)Жауапты маман тұтынушыға тіркелген күні көрсетілген талон береді;

4)Жауапты маман тұтынушының құжаттарын көрсетілген талаптарға сәйкес комиссияның қарауына тапсырады;

5)Комиссия танысады, мемлекеттік қызмет көрсетуді тағайындау(бас тарту) жөнінде шешім дайындайды;

6)Жауапты маман комиссияның шешімін «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ-і мен «Қарағанды қаласының Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ-леріне тапсырады.

19.Көрсетілген қызметтерге жауапты тұлға бөлімнің бастығы, бөлімнің жауапты лауазымдық тұлғалары , ХҚКО –ның басшысы болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдері мен іс-әрекеттері (іс-әрекетсіздігі), үшін белгіленген мерзімдерде мемлекеттік   қызмет көрсетуді іске  асыруға жауапты болады. 

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

20.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚҚБ:

1)уәкілетті органның бастығы;

2)уәкілетті органның жауапты маманы.

21.Әрбір әкімшілік әрекетті(үдерісті) орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚҚБ-нің қарапайым әрекеттері(шаралары) жүйелігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.

 Мемлекеттік қызмет орталық арқылы жүзеге асырылған кезде бөлім жоғарыда көрсетілген себептер бойынша бас тарту себебін жазбаша жауаппен дәлелдейді құжаттар пакетін алғаннан кейін  он үшінші  жұмыс күні құжаттарды қайтарады және кейін тұтынушыға беру үшін бас тарту себебін көрсете отырып, «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ-і мен «Қарағанды қаласының Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ-леріне хабарлама жібереді.

4.Шағымдану тәртібі
22.Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесетін мемлекеттік органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы осы регламентқа 1-қосымшада көрсетілген.

Орталық қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефоны арқылы түсіндіріледі.

23.Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайлары және электрондық поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік орган басшысының атына беріледі.  

24.Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі бөлімнің, орталықтың ақпараттық стендісінде көрсетілген  бөлім басшысының атына беріледі. Бөлімнің жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, Қарағанды қаласы әкімі аппаратының және Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, орталықтың телефоны мен мекенжайы осы регламентқа 1, 2 қосымшаларда көрсетілген.

25.Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 

26.Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық     мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде әрекетіне шағымданатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру және талап ету себептері көрсетіледі.

27.Жазбаша шағым берген тұтынушыға, берілген шағымға жауап алуға болатын күні мен уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

 28.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz

 Қосымша 1

«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,

бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне

мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға

үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге  құжаттарды

рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

                                

 

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі




р/с

Уәкілетті органның аталуы

Уәкілетті органның заңды мекен-жайы (қала, аудан, көше, үйдің № , электрондық поштасының мекен-жайы)

Телефон номері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1.

«Қарағанды қаласының

жұмыспен қамту

және әлеуметтік

бағдарламалар

бөлімі»

мемлекеттік

мекемесі


Қарағанды қаласы

Поспелов, көшесі 16-үй,

еmail: krggorsobes@mail.ru


8 (7212)

300169


300228

демалыс (сенбі, жексенбі) және

мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00 бастап 14.00 дейінгі түскі

үзіліспен 9.00

бастап 18.00

дейін күн сайын.

Қосымша 2

«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,

бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне

мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға

үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге  құжаттарды

рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне


Халыққа қызмет көрсмету Орталықтарының тізімі



р/с



Орталықтың

аталуы

Орталық орналасқан заңды мекен-жайы

(қала, аудан, көше,

үй№, (пәтер)

Операциондық зал

телефонының нөмірі


1

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ

Қарағанды қаласы

Ержанов көшесі,47-3



41-63-10

2

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ №1 филиалы

Қарағанды қаласы

Чкалов көшесі,7



41-63-03

3

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ №2 филиалы

Қарағанды қаласы

Муқанов көшесі,5



77-24-40

4

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ №3 филиалы

Қарағанды қаласы

Архитектура көшесі,8



45-71-01

5

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ №4 филиалы

Қарағанды қаласы

21 ш.а.,6-үй



53-91-47

6

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ №5 филиалы

Қарағанды қаласы

Серов көшесі,73



93-16-86

Қосымша 3

«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,

бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне

мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға

үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге  құжаттарды

рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

 

_________________________________________________________________



(үйде қызмет көрсету субьектісінің атауы.)

 

Т.А.Ә.______________________________________________________



Туған жері _________________________________________________

Тұрғылықты мекен-жайы__________________________________________

Телефон нөмірі (үй,ұялы телефон)  __________________________________

Мүгедектік санаты(болған жағдайда)_________________________________

Бірге тұратын отбасы мүшелері(Т.А.Ә.,туысқандық дәрежесін көрсету)______________________________________________________________

 

ӨТІНІШ


 Үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді беру үшін ______________________________________ есепке алуыңызды сұраймын.

(тұтынушының Т.А.Ә. көрсету)

Үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібімен және шарттарымен таныстым.

Келесі құжаттарды қоса беремін:


 

 



 Т.А.Ә. және қолы ________________     Күні  «___»_________ 20 __ жыл  
____________________________________________________________  

 ( талон)

 

 

Өтінішті  қабылдады ________________________________________             



  ( Т.А.Ә.,  және лауазымын көрсету)  
 

 

Қосымша 4



«Жалғызілікті,жалғыз тұратын қарттарға,

бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне

мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға

үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге  құжаттарды

рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне

1 Кесте ҚҚБ әрекетін сипаттау


1.

Іс-әрекет № (жүріс жұмыс)

1

2.

ҚҚБ атауы Жалғызіліктілерге,жалғыз тұратын қарттарға,бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

3.

Іс-әрекет атауы (процесстің, процедураның, операцияның) және олардың сипаты

Жалғызіліктілерге,жалғыз тұратын қарттарға,бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге өтініш білдірген азаматтардың құжаттарын тексеріп, қабылдау рәсімдеу

4.

Аяқтау үлгісі (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-басқару тәртібінің шешімі)

Мемлекеттік қызметті алатын тұтынушыға тіркелген кұні белгіленген талон беру(15 мин)

5.

Іс-әрекет атауы (процесстің, процедураның, операцияның) және олардың сипаты

Жалғызіліктілерге,жалғыз тұратын қарттарға,бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету туралы шешім

6.

Аяқтау үлгісі (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-басқару тәртібінің шешімі)

Жалғызіліктілерге,жалғыз тұратын қарттарға,бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама(рәсімдеуден бас тарту) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

7.

Орындау мерзімі

14 жұмыс күні

 Қосымша 5

«Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға,

бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне

мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға

үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге  құжаттарды

рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне




Хабарлама

 

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Сіздің _______________________________________________________________________



_____________________________________________________________________________

(құжаттарды ресімдеудегі мемлекеттік қызмет көрсетудің аталуы)

тапсырған құжаттарыңыздың ресімделгендігі (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарлайды.

  Себебі:_________________________________________________________________

(құжаттарды ресімдеуден бас тарту жағдайында толтырылады )

 

 



 

ММ басшысы                           (қолы)


 
Каталог: files -> gosuslug
gosuslug -> «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
gosuslug -> «Салық есептілігін кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Салық есептілігін кері қайтарып алу»
gosuslug -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік көрсетілетін
gosuslug -> Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 ж
gosuslug -> «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі»
gosuslug -> «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
gosuslug -> «Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
gosuslug -> «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (дсн-код) беру»
gosuslug -> «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет