Жалпы білім беру бағдарламасы мен психологияны оқыту: жалпы мәдениет пен дүниетанудың құрамды бөлігі ретіндегі психологиялық білімді оқыту; психологиялық танымның және психологиялық тәжірибенің әдістерімен танысу



бет2/3
Дата19.11.2022
өлшемі17.38 Kb.
#465264
түріСеминар
1   2   3
13апта

Оқытушының мақсаты — болашақ маманға өзінде жинақталған білім мен іскерліктерді беру, сонымен қатар оларды тәжірибеде және шындық өмірде қолдануға үйрету. Бірақ, психология – бұл гуманитарлық танымға жататын ерекше ғылым. М.М.Бахтин гуманитарлық таным – ғылыми танымның ерекше типі, оның негізінде зат емес, тұлға, субъект-субъект қатынасы тұрады деп атап өткен. Тұлға танылушы ретінде танымның нақтылығын талап етпейді, ол танымның тереңдігін қалайды. Оның бірегейлігі студенттің дамуын «Психология» пәнін оқу барысында тек нәтиже ретінде ғана емес, сонымен қатар оны өзіндік сана, өзін-өзі тану және өзін -өзі жетілдіру процесі ретінде қарастыру қажеттігінде. Мұндағы маңызды сәт әлемді бейнелеу ғана емес, сонымен бірге қазір және болашақта осы әлемде өзін, өзінің жағдайын, өзінің әлемге қатынасын, өзінің мінез-құлқын бейнелеу болмақ.
Аталған гуманитарлық танымның, психологиялық танымның ерекшеліктеріне орай психолог маманы үшін де, педагогикалық әрекетті игеру жүйесінде психологияны меңгерушілер үшін де психологияны оқыту келесідей мақсаты көздейді: өмірдің әртүрлі жағдайында адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынасты құрудың теориялық және практикалық білімдерімен, әдістерімен қаруландыру.
Б.Ц.Бадмаев бойынша психологияны оқытудың мақсаты студенттерде ғылыми психологиялық білімді басқа адамдармен шынайы өзараәрекет барысында практикалық басшылыққа алу іскерлігін қалыптастыру, бұл студенттердің психологиялық ойлауын қалыптастыруды көздейді. Психологияны оқи отырып студент болашақ мамандығына қарамастан адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарын бағалап, талдауда, тұлғаның мінезінің және қабілетінің, темпераментінің ерекшеліктерін, қоғамдағы, ұжымдағы, адамдардың қарым-қатынасындағы әлеуметтік-психолоргиялық құбылыстарды анықтауда психологиялық ойлауға үйренуі қажет.
«Психологияның» оқу пәні ретіндегі ерекшелігі ондағы қажеттіліктің, оқу міндеттерінің, оқуға мотивациясының, әрекеттер мен амалдардың және оқу нәтижесінің болуымен сипатталады. Оқу әрекетіндегі қажеттілік студенттердің теориялық білімді меңгеруге талпынысы ретінде қарастырылады. Оқу міндеті — өнімі міндетті шешу және субъектінің өзгеруі болып табылатын міндет. Оқу әректінің мотиві әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ең нәтижелісі танымдық мотив болып табылады. Оқу әрекетін жүзеге асыру — бұл студенттің оқу әрекеті мен амалдарын бірізділікпен орындау. Студенттерде қалыптасқан білім, іскерлік дағды оқытудың нәтижесі болып табылады. Психологияны оқытудағы оқу әрекетінің объектісі психологиялық шындық болады. Психологиялық шындық пен әрекет етудің әртүрлі тәсілдерін игеру оқу әрекетінің пәні болады.
Орта және жоғары оқу орнында психологияны оқытудың міндеттері:
• Болашақ мұғалімдер ретінде орта және жоғары оқу орны оқушыларында дүниетаным мен тұлғаның жоғары моралдық қасиеттерін қалыптастыру.
• Орта және жоғары оқу орны оқушыларында кәсіби бағыттылықты тәрбиелеу яғни мұғалімдік қызметке қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, баланы зерттеуге талпыну, оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпыну.
• Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана білу іскерлігін, оқу-тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу процесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізізнде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болу, даму себебі туралы қорытынды жасауға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет