Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет56/76
Дата09.06.2016
өлшемі4.66 Mb.
#123802
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76

4. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

      29. 8-сынып (1640-1914 жж). Барлығы – 34 сағат (аптасына 1 сағаттан)


      30. Кіріспе – (1 сағат):
      Жаңа тарихтың негізгі мазмұны. Жеке елдерде өндірістің капиталистік жолмен дамуының ерекшеліктері. Өнеркәсіп төңкерісі: мәні, маңызы. Еуропалық мемлекеттердің отарлық басқыншылығы.
      31. I – Бөлім. ХVІІ-ХVIII ғғ. Еуропа және Америка елдері – (8 сағат).
      ХVІІ-ХVIII ғғ. Англия – (1 сағат):
      Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуы. Азаматтық соғыс. Левеллерлер және республиканың құрылуы. О.Кромвельдің протектораты. Екінші республика және Стюарттарды қалпына келтіру. ХVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Англияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Наполеондық Франциямен соғыс. Конституциялық парламенттік монархия. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. Отарлық басқыншылық.
      32. ХVІІ-ХVIII ғғ. Франция – (1 сағат):
      Француз абсолютизмінің дағдарысы. Ұлы Француз буржуазиялық революциясы (5 мамыр 1789 ж.–10 тамыз 1792 ж.). Француз революциясына дайындық алдындағы ағартушылық және оның рөлі. «Азамат және адам құқығы туралы Декларация». Республиканың жариялануы. ХVI Людовикті жазалау. Якобиншілер блогының ыдырауы және якобиншілер диктатурасының құлауы. Директорияның ішкі және сыртқы саясаты;
      Наполеонның ішкі және сыртқы саясаты. Францияның басқыншылық соғыстарының басталуы. Наполеонның Ресейге басып кіру жорығы. Француздарға қарсы коалициялар. Вена конгресі және Бурбондарды қалпына келтіру. Қасиетті одақ.
      33. ХVІІ-ХVIII ғғ. Германия – (1 сағат):
      Германдық мемлекеттердің экономикалық жағдайы. Шаруалар қозғалысы. Бранденбург-Пруссия. Халықаралық қатынастардағы германдық мемлекеттер. Наполеон соғыстары жылдарындағы германдық мемлекеттер. Германдық одақ. Либералды және демократиялық қозғалыстар. Германиядағы революция. Бисмарктың конституциялық шиеленісі. Солтүстік герман одағының құрылуы.
      34. ХVІІ-ХVIII ғғ. Италия – (1 сағат):
      Елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. ХVІІ ғасырдағы Италия. Италиядағы революция. Әлеуметтік-экономикалық даму. Ымырашыл либералдардың қызметі. Италияның бірігуі үшін күрес. Рисорджиментоның шешуші шайқасы. Итальян королдығының құрылуы.
      35. ХVІІ-ХVIII ғғ. Австрия – (1 сағат):
      Вестфаль бейбіт бітімінен кейінгі Австрия. Габсбургтер империясы құрамындағы Венгрия. Түркиямен соғыс. Австрия мұрасы үшін күрес. Жетіжылдық соғыс. «Ағартушылық абсолютизм» саясаты. ІІ Иосифтің «ағартушылық абсолютизмнің» аяқталуы. Феодалдық-абсолюттық реакция кезеңі. Наполеон соғыстары жылдарындағы Австрия империясы. Империяның әлеуметтік-экономикалық дамуы. «Ұлттық қайта гүлдеу» дәуірі.
      36. ХVІІ-ХVIII ғғ.Солтүстік Америка – (1 сағат):
      Солтүстік Америкадағы Британ отарлары. Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Тәуелсіздік үшін күрес және Америка Құрама Штаттарының құрылуы. «Тәуелсіздік Декларациясы». Американдық революцияның сипаты мен ерекшелігі. Екіпартиялық жүйенің құрылуы. Азамат соғысының маңызы және Оңтүстікті қалпына келтіру.
      37. ХVІІ-ХVIII ғғ. Ресей – (1 сағат):
      І Петр дәуіріндегі Ресей. Алдыңғы қатарлы еуропалық мемлекеттерден Ресейдің артта қалуының себептері. Ішкі қайта құрулардың алғышарттары. І Петрдің реформалары. Солтүстікке соғыс және оның қорытындылары. XVIII ғасырдың ортасы мен соңындағы Ресей. Феодалдық-кіріптарлық шаруашылықтың басталуы. Шаруалар көтерілісі. Халықты жаппай қанаудың күшеюі;
      Қайталау – (1 сағат).
      38. II – Бөлім. ХVІІ-ХVIII ғғ. Азия және Африка елдері – (8 сағат).
      ХVІІ-ХVIII ғғ. Жапония – (1 сағат):
      Токугава әулеті сегундарының билігі. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы: жоғары көтерілу және төмен түсу циклдары. Сегунаттың ішкі және сыртқы саясаты. Жапон қалалары және олардың сауданың дамуындағы рөлі. Жапонияның сыртқы байланыстары. ХVIII ғасырда орыстар мен еуропалықтардың Жапонияға келуі. Саяси дағдарыс. Азамат соғысы. Мэйдзи исиннің революциялық төңкерісі. Бірінші буржуазиялық реформалар.
      39. ХVІІ-ХVIII ғғ. Қытай – (1 сағат):
      Маньчжурлардың Қытайды басып алуы. Цин династиясы билігі кезіндегі Қытайдың мемлекеттік, әлеуметтік-саяси және экономикалық құрылымы. Цин династиясының аграрлық саясаты. Цин династиясының басқыншылық соғыстары және сыртқы байланыстары. Халықаралық жағдай. Ресей және басқа көрші мемлекеттермен қарым қатынасы. Тайпиндердің шаруалар соғысы. Қазақ-қытай қарым-қатынасы.
      40. ХVІІ-ХVIII ғғ. Үндістан – (1 сағат):
      Моғолдар державасының пайда болуы. Моғолдар империясының құрамына кіретін халықтар мен княздықтардың әлеуметтік-саяси жағдайы. ХVII ғасырдағы Үндістанның солтүстік-батысындағы сикхтардың діни қозғалыстары. Сикхтар мемлекетінің құрылуы. Маратхтар мемлекетінің құрылуы. ХVIIІ ғасырдың ортасындағы сепаратизмнің күшеюі және Моғолдар империясының құлауы. Үндістанда қала, қолөнер және сауданың дамуы. Ағылшындардың отарлық басқыншылығы. Еуропалық державалардың Ост-Инд компаниясы. Үндістандағы Англияның отарлық саясаты.
      41. ХVІІ-ХVIII ғғ. Иран – (1 сағат):
      ХVII ғасырдағы Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Саяси құрылымның ерекшелігі. Сефевидтер династиясының билігі. Ирандағы діни топтардың әсері. ХVIII ғасырдың басындағы Сефевидтер династиясы билігінің әлсіреуі. Надир шахтың билігі кезіндегі Иран. Иранда Каджар әулеті билігінің орнауы. Бабид көтерілісі. Ирандағы ықпал аймағы үшін Англия және Ресей бақталастығының күшеюі.
      42. ХVІІ-ХVIII ғғ. Осман империясы – (1 сағат):
      Осман империясының құрамына кірген мемлекеттер мен халықтар. Империяның саяси, әлеуметтік-экономикалык даму ерекшеліктері. Осман империясындағы дағдарыс. «Шығыс мәселесі» және провинциялардың жағдайы. ІІІ Селим және ІІ Махмудтың жүргізген реформалары. Танзимат реформасы: мақсаты және нәтижесі. Осман империясының құрамына кірген халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстары. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Осман империясының жүргізген соғыстары, оның салдары.
      43. ХVІІ-ХVIII ғғ. Азия және Африка елдері – (1 сағат):
      Голландияның отарлық саясаты. Индонезия мен Цейлоңды голланд отаршылдарының басып алуы. Ағылшындық Ост-Индия компаниясының отаршылдық әрекеттері. Капиталистік державалардың Азия және Африка елдерін отарлау мен ықпал аймақтарына ие болу үшін күресі. Толық және жартылай отарлыққа түскен Шығыс елдерінің жағдайы. Африканы отарлық бөлшектеудің аяқталуы. Отар және тәуелді елдерге капитал енгізу. Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар.
      44. ХVІІ-ХVIII ғасырлардағы ғылым мен мәдениеттің дамуы – (1 сағат):
      Капитализмнің жаңа, прогрессивтік идеялары және олардың мәдениеттің дамуына ықпалы. Қоғам дамуындағы жеке қайраткерлердің рөлі. Ғылым және ағарту ici. Фрэнсис Бэкон, Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Рене (Картезий) Декарт, Исаак Ньютон және олардың ашқан жаңалықтары.
      XVIII ғасырдағы классицизм. Халықтың тұрмысы, салты және әдет-ғұрпы. Ғылым және мәдениет. Әдебиет пен өнер. Шығыс мәдениеті мен ғылымының дамуы. Шығыс өркениеттері. Шығыстық философиялық ақыл-ой және оның көрнекті өкілдері. Шығыс әдебиеті мен өнері;
      Қайталау – (1 сағат).
      45. III – Бөлім. XIX – XX ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері – (8 сағат).
      46. Ұлыбритания – (1 сағат):
      Ұлыбританияның конституциялық құрылымы. Ағылшын иеліктерінің статусы. Вильям Гладстон және Бенджамин Дизраэли. Ирландиядағы бүлік. Социализм және жұмысшылар қозғалысы. Лейбористтік партияның алғашқы қадамы. Дэвид Ллойд Джордждың ішкі саясаты. Екіпартиялық жүйе және оның қоғамның саяси дамуындағы рөлі. Парламенттік реформа үшін күрес. Жұмысшылар қозғалысы. Соғыс қарсаңындағы дағдарыс.
      47. Франция – (1 сағат):
      Францияның экономикалық дамуы. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі. Бурбондардың конституциялық монархиясы. Шілде революциясы. Екінші империя. Француз-прусс соғысы. 1870 жылғы 4 қыркүйектегі революция және Үшінші Республиканың орнауы. Саяси жағдайдың шиеленісуі. Париж Коммунасы. Монополиялық капитализмнің ерекшелігі. Францияның сыртқы саясаты. ХХ ғасырдың басындағы Франция.
      48. Германия – (1 сағат):
      Германияның бірігуі. 1871 жылы империя және конституцияны жариялау. Саяси партиялар. Культуркамп. Социалистерге қарсы заң. ІІІ Фридрих және ІІ Вильгельм. Бисмарктың отставкаға кетуі. Капривидің «жаңа бағыты» және Гогенлоэнің канцлерлігі. «Әлемдік саясатқа» көшу. Ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы. Германияның милитаризациялануы. Милитаризмді насихаттау. Таяу Шығысқа басқыншылық жасау.
      49. Италия – (1 сағат):
      Италияның бірігуі. Итальяндық патшалықтың мемлекеттік құрылымы. «Оңшылдар» билігі жылдарындағы Италияның саяси дамуы. «Солшылдар» билігі тұсындағы Италия. Криспидің авторитарлық билігі. Ғасыр шебіндегі Италия. Экономикалық даму. Джолиттидің «либералды дәуірі». 1911-1912 жылдардағы италия-түрік соғысы. «Либералды дәуірдің» ақыры. Джолитти. Католиктер қозғалысы.
      50. Австрия-Венгрия – (1 сағат):
      1867 жылғы келісім және екібірлік монархияның құрылуы. Әлеуметтік-саяси және экономикалық даму. Қоғамдық-саяси қозғалыстар аясында ұлттық мәселелерді шешудің жолдары. Габсбургтер монархиясы және чех ұлттық қозғалыстары. Екібірлік дәуіріндегі Венгрия. Екібірліктің дағдарысы.
      51. Ресей – (1 сағат):
      Әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1861 жылғы реформа және оның маңызы. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі. Индустриаланудың ерекшеліктері. Халық еріктілерінің қозғалысы. Марксизмнің таралуы. Жұмысшы қозғалысы. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы.
      52. АҚШ – (1 сағат):
      АҚШ территориясының кеңеюі. Англиямен соғыстан кейінгі АҚШ экономикасы. «Джексондық демократия» және екіпартиялық жүйе. Республикалық партияның құрылуы. Республикандықтардың билік басына келуі және құл иеленушілердің бүлігі. Өнеркәсіптің өрлеуі және әлеуметтік-экономикалық даму. «Монро доктринасы». Теңіз күшінің дамуы. Испания-америка соғысы. «Доллар дипломатиясы». Қиыр Шығыстық саясаты. Елді индустрияландырудың ерекшеліктері.
      Қайталау – (1 сағат).
      53. IV – Бөлім. XIX – XX Ғ. басындағы Азия және Африка елдері – (9 сағат).
      54. Жапония – (1 сағат):
      ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Елдің модернизациялануының жалғасуы. Мейдзи революциясы және оның маңызы. Жапониядағы капиталистік қатынастардың дамуы. ХІХ ғасырдың соңындағы әскери-феодалдық қатынастың дамуы. 1894-1895 жылдардағы жапон-қытай соғысы. Алғашқы саяси партиялар. XIX-XX ғасырдың басындағы жапон империализмінің дамуы. Орыс-жапон соғысы. ХХ ғасырдың басындағы Жапонияның әлеуметтік-саяси жағдайы.
      55. Қытай – (1 сағат):
      Жапон-қытай соғысы және ихэтуандар қозғалысы. Опиум соғыстары: себебі және нәтижелері. Француз-қытай соғысы. «Ықпал аймағы» үшін Қытайды бөлшектеу. «Реформаның жүз күні». Жартылай отар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық эволюциясы. Қытай бұржуазиясы. Ихэтуандардың дағдарысы және үкіметке қарсы күштің өсуі. «Жаңа саясат» және династияның әлсіреуі. Шенді оппозицияның пайда болуы. 1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясы. Цин династиясын жою. Монархияның құлауы және республиканың жариялануы.
      56. Үндістан – (1 сағат):
      ХІХ ғасырдың басындағы Үндістандағы тәуелсіз мемлекеттер. Отаршылдарға қарсы Сикх, Маратх, Майсур мемлекеттерінің күресі. Үнді ағартушылары – ұлт-азаттық қозғалыстардың дем берушілері. 1857-1859 жылдардағы Ұлы халық көтерілісі, (сипайлар көтерілісі). Реформациялық қозғалыстар, Үндістан Ұлттық конгресінің құрылуы. «Сварадж» және «свадеш» қозғалыстары.1905-1908 жылдардағы отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар. Балгангадхар Тилак және оның қызметі.
      57. Иран – (1 сағат):
      Иранның әлеуметтік-саяси жағдайы. Еуропалықтардың Иранға ене бастауы. Англия мен Ресейдің Ирандағы саясаты. Иранның жартылай отар елге айналуы. Елдің саяси дамуы: реформалар және олардың салдары. Иранда ұлттық буржуазияның қалыптаса бастауы. Ұлтшылдық идеялардың дамуы. Діни қозғалыстар, олардың сипаты. 1905-1911 жылдардағы Иран революциясы және оның нәтижелері. XX ғасырдың басындағы Иранның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы.
      58. Осман империясы – (1 сағат):
      Әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Балқандағы ұлт-азаттық қозғалыс. «Шығыс мәселесінің» жаңадан шиеленісуі. 1853-1856 жылдардағы Қырым соғысы, оның нәтижесі. Түркияның жартылай отар елге айналуы. ХІХ ғасырдың соңында Түркияда ұлттық-патриоттық сананың оянуы. «Жас түріктер» қозғалысы және олардың мақсаты. 1908 жылғы «Жас түріктер» революциясы, оның маңызы. ХХ ғасырдың басындағы Түркияның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы.
      59. Араб елдері – (1 сағат):
      XIX ғасырдағы Мысырда Мұхаммед Әли паша билігінің орнауы. Оның жүргізген реформалары, ішкі және сыртқы саясаты. XIX ғасырдың 50-70 жылдарындағы Мысыр. Еуропалық капиталдың Мысырға енуі. Суданның XIX ғасырдағы даму сипаты;
      Арабия түбегі елдері, олардың саяси дамуы. Ирак, Сирия, Магриб елдері. Араб ағартушылары, олардың көзқарастары.
      XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы араб елдерінің дамуы. Ұлт-азаттық қозғалыстар. XX ғасырдың басындағы Мысыр, Судан, Арабия түбегі елдері, Магриб елдері, Ирак, Сирия елдері.
      60. Мәдениеттің дамуы – (1 сағат):
      Ғылым мен техника. Әдебиет және өнер. Мәдениеттің өркендеуіне үлес қосқан көрнекті тұлғалар: Дж.Байрон, В.Гюго, Г.Гейне, О. де Бальзак, Ч.Диккенс, Б.Шоу, Г.Ибсен, Э.Золя, А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Р.Тагор, И.Франко, Ян.Райнис, Х.Хакимзаде, С.Айни, Т.Сатылганов, М.Ахундов. Мәдениет саласындағы жаңа ағымдар. Декаденттер.
      61. Халықаралық қатынастар – (1 сағат):
      Еуропа мен АҚШ-та жұмысшы қозғалысының дамуы. Жұмысшы қозғалысының өрлеуіне коммунистік идеялардың әсері. Коммунистер одағының құрылуы. Бірінші Интернационал және жұмысшы қозғалысы.
      Ұлы державалардың дүние жүзін бөлісудің аяқталуы және олардың арасындағы қайшылықтардың тереңдеуі. Әскери-саяси блоктардың құрылуы. XIX ғасырдың соңындағы империалистік соғыстар. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы дипломатиялық саясат.
      Қорытынды қайталау – (1 сағат).

5. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

      62. 9-сынып (1914 ж - бүгінгі күнге дейін). Барлығы – 34 сағат, (аптасына 1 сағаттан).


      63. Кіріспе. Қазіргі заман тарихының мазмұны. Қазіргі заман тарихының мерзімдік шектері. Индустриалдық қоғам. Постиндустриалдық қоғамға өту. Ақпараттық қоғам.
      64. I бөлім. Еуропа және Америка елдері 1918-1945 жж. – (9 сағат).
      65. Бірінші дүниежүзілік соғыс – (1 сағат):
      ХХ ғасырдың басындағы саяси дағдарыс. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.1914-1918 жж. соғыс қимылдарының негізгі кезеңдері. Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Ресейдің соғыстан шығуы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Соғыстың соңғы кезеңі. Үштік одақтың жеңілуі. Компьен уақытша бітімі. Соғыстың зардаптары.
      66. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесі– (1 сағат):
      Париж бейбіт конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе. Германия және оның одақтастарымен жасалатын бітім жобаларын талқылау. Вашингтон конференциясы. Төрт мемлекеттің аралдық иеліктері туралы келісімі. Бес держава келісімі. Қытай мәселесі. Тоғыз держава келісімі. Версаль-Вашингтон жүйесі: мәні және қайшылықтары.
      67. Ұлыбритания – (1 сағат):
      Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Жұмысшы қозғалысы. Ағылшын экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. Ұлыбритания дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында. Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясаты. У.Черчилль және сыртқы саясаттағы өзгерістер.
      68. Франция – (1 сағат):
      Францияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. «Солшыл одақ» үкіметі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары. Фашистік қозғалыс. Халықтық майдан және оның парламенттік сайлаудағы жеңісі. Францияның сыртқы саясаты.
      69. Германия – (1 сағат):
      Соғыстың зардаптары, экономикалық және саяси дағдарыс. 1918-1919 жж. революция. Веймар республикасы. Фашистік партия және нацистердің өкімет басына келуі. Германияның өнеркәсіптік қуатының қалпына келтірілуі. Тоталитарлық режим орнату. Нацистік диктатураның әлеуметтік-экономикалық саясаты. Үшінші Рейъхтің сыртқы саясаты. Соғысқа дайындық.
      70. Италия – (1 сағат):
      Италия соғыстан кейінгі кезеңде. Фашистік ұйымның құрылуы. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. «Маттеотти дағдарысы». Фашистік үкіметтің төтенше заңдары. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Корпоративтік мемлекет. Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.
      71. КСРО – (1 сағат):
      Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Уақытша үкіметтің құрылуы. Саяси күштердің күресі. Большевиктердің өкімет басына келуі. Жер және бітім туралы Декреттер. Ресей халықтары құқықтарының декларациясы. Азамат соғысы және интервенция. КСРО құрылуы. 1924 ж. конституция. И.В. Сталин және тоталитаризм. Индустриаландыру. Ұжымдастыру. Жоспарлы экономиканың құрылуы. 1937-1938 жж. жаппай жазалаулар. ГУЛАГ жүйесін құру. 1936 ж. конституция. Кеңес өкіметінің сыртқы саясаты.
      72. Америка Құрама Штаттары – (1 сағат):
      АҚШ-тың соғыстан кейінгі экономикалық және саяси дамуы. «Просперити» кезеңі. Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның АҚШ-на әсері. Г. Гувер әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы. 1932 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты». Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы АҚШ-тың сыртқы саясаты;
      Қайталау – (1 сағат).
      73. II-Бөлім. Азия және Африка елдері 1918-1945 жж. – (6 сағат).
      74. Жапония – (1 сағат):
      Жапонияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Танака үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Танака меморандумы және сыртқы саясаттағы бетбұрыс. «Антикоминтерндік пакт» мен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық әрекеті.
      75. Түркия – (1 сағат):
      Осман империясының ыдырауы. Сұлтандық режимнің дағдарысы және шетел интервенттеріне қарсы күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік реформалары. Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру. Түркия Республикасының ХХ ғасырдың 30–40-жылдардағы дамуы.
      76. Қытай және Монғолия – (1 сағат):
      Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы. Шаньдун мәселесі. Гоминьданның қызметі. Азамат соғысы. Чан Кайши үкіметінің саясаты. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық әрекеттері және біртұтас майдан мәселесі;
      Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921 жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құрылуы. Әлеуметтік өзгерістер және олардың салдары. Х. Чойбалсан және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары.
      77. Ауғанстан және Иран – (1 сағат):
      Жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялау. Аманолла-хан. Реформалар. Нәдір-хан билігі тұсындағы Ауғанстанның дамуы;
      Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран. 1921 ж. мемлекеттік төңкеріс. Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Иранның саяси және экономикалық дамуы. Сыртқы саясаты.
      78. Үндістан – (1 сағат):
      Үндістан халқының Британ билеушілерінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз қарсылық идеясы. Сатъяграха науқаны. Мұсылман Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы идея.
      79. Азия және Африкадағы араб елдері – (1 сағат):
      Осман империясы ыдырағаннан кейін Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Араб мемлекеттерінің дамуы. Азиядағы араб елдері халықтарының азаттық күресі;
      Африкадағы араб елдері және олардың дамуы. Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар аралығында. Араб халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Египеттегі ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Судан және Ливия.
      80. Екінші дүниежүзілік соғыс – (1 сағат):
      Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік «Оғаш соғыс». Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Антигитлерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп». Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы. Еуропада екінші майданның ашылуы. Ялта, Қырым конференциялары. Соғыстың қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы. БҰҰ құрылуы;
      81. Қайталау – (1 сағат).
      82. ІІІ-бөлім. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері – (8 сағат).
      83. Ұлыбритания – (1 сағат):
      Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. К. Эттли үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Британ отарлық империясының ыдырауы. Англияның Еуропалық Экономикалық Одаққа қосылуы туралы мәселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың шиеленісуі. М. Тэтчер үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Тэтчеризм. Сыртқы саясат. Ольстер мәселесі. Елдің ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Т. Блэр үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм. Дж. Г. Браун үкіметі. Англия-Қазақстан қатынастары.
      84. Франция – (1 сағат):
      Францияның азат етілгеннен кейінгі экономикалық және саяси жағдайы. Уақытша режим. Францияның Төртінші республика кезіндегі дамуы. Отарлық мәселенің шиеленісуі. Алжирдегі соғыс және оның елдегі саяси ахуалға әсері. IV республиканың дағдарысы және құлауы. 1958 ж. Конституция және Бесінші республиканың құрылуы. «Голлизм». «Миттеран дәуірі». Сыртқы саясат. Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Н. Саркози билігі тұсындағы Францияның дамуы. Конституциялық реформа. 2012 жылғы сайлау және социалистердің жеңісі. Франция-Қазақстан қатынастары.
      85. Германия Федеративтік Республикасы – (1 сағат):
      Германиядағы оккупациялық режим. Экономиканы қалпына келтіру мәселесі. Елді жіктеу және екі герман мемлекетінің пайда болуы. Германия Федеративтік Республикасының Конституциясы. К. Аденауэр үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Неміс «экономикалық ғажайыбы». НАТО құрамына ену. В. Брандт үкіметі. Г.Коль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. 80-жылдардың екінші жартысындағы экономикалық өрлеу. Берлин қабырғасының құлатылуы. Германияны біріктіру. ГФР біріккеннен кейінгі дамуы. Шығыс жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе. Социал-демократтар үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. ГФР XXI ғ. басындағы дамуы. А. Меркель үкіметі.
      86. Италия – (1 сағат):
      Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 50-жылдарда. Демократиялық қайта құрулар. Республиканың жариялануы. Экономиканы қалпына келтіре бастау. Аграрлық реформа. 70-жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс және оның зардаптары. Лаңкестік және неофашизм. Италия ХХ ғ. 80-жылдарында. Итальян неоконсерватизмі. Саяси тұрақсыздық. Коррупциямен күрес. Италиядағы екінші республика. Италия XX-XXI ғғ. тоғысында.
      87. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері – (2 сағат):
      Аймақ елдерінде кеңестік үлгі бойынша социализм орнату. Югославиядағы «өзін-өзі басқару социализмі» және экономикалық реформалар. ГДР-ғы 1953 ж. оқиғалар. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Чехословакиядағы 1968-1969 жж. дағдарыс. Польшадағы қоғамдық-саяси және экономикалық дағдарыс. Ереуілдер және «Ынтымақ» ұйымының құрылуы. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси ахуал. Чехословакиядағы «мақпал революция». Румыниядағы ЧаушесҒку режимінің күйреуі. Шығыс Германиядағы саяси өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы және Балканда қарулы қақтығыстың басталуы. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі.
      88. КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері – (1 сағат):
      Соғыстан кейінгі экономикалық даму. Саяси жағдай, жазалаулардың жаңа толқыны. «Хрущев жылымығы». Тың жерлерді игеру кезеңі. Л.И. Брежневтің билік құру заманы. Кеңес экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің себептері. 1960-1980 жж. кеңестік жүйенің дағдарысы. 1977 ж. Конституция. Коррупцияның күшеюі. М.С. Горбачев және қайта құру саясаты. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағыт ұстау. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО ыдырауы. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы. Орталық Азия мемлекеттері. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі егеменді мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары.
      89. Америка Құрама Штаттары – (1 сағат):
      Елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Г. Трумен. Маккартизм. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб дағдарысы. Вьетнамда соғыс бастау. НеоконсерҒватизм. АҚШ-тың ХХ ғ. соңғы онжылдығы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты. Кіші-Джордж Буштың және Б. Обама. билігі кезеңіндегі АҚШ-ның дамуы. Америка-Қазақстан қатынастары.
      90. ІV-Бөлім. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. Азия және Африка елдері – (6 сағат).
      91. Жапония – (1 сағат):
      Американ оккупациясы және Жапонияны демилитарландыру мен демократияландыру шаралары. Саяси партиялар. Жаңа конституцияның қабылдануы. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына келтірілуі. Сан-Франциско бітім шарты және қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-жылдардағы жапон «экономикалық ғажайыбы». Ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы мен экономикасына әсері. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясаты. Жапон-Қазақстан қатынастары.
      92. Түркия – (1 сағат):
      Соғыстан кейінгі кезеңдегі елдің саяси және экономикалық дамуы.
      Кемализмнің қағидаларын жаңаша түсіндіру. Демократиялық партияның билікке келуі, оның ішкі және сыртқы саясаты. Ұлттық бірлік комитеті және оның қызметі. 1970-1980 жж. саяси дағдарыс. Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың басталуы және әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары. Түркия және Қазақстан қатынастары.
      93. Ауғанстан. Иран – (1 сағат):
      Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери төңкеріс және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы азамат соғысы. ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың басындағы Ауғанстан;
      Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Мосаддык үкіметі және мұнай мәселесі. 1978-1979 жж. ислам революциясы. Иран ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. Иран-Қазақстан қатынастары.
      94. Қытай. Моңғолия – (1 сағат):
      ҚХР құрылуы. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық. «Ұлы секіріс». «Мәдени революция». КХР мен КСРО арасындағы қатынастардың шиеленісуі. Қытайдағы саяси өзгерістер. Дэн Сяопин және экономикалық реформалар. Қытай – Қазақстан қатынастары;
      50-80 жылдардағы Моңғолиядағы қайта құру, қайшылықтары. 90-жылдардағы экономикалық және әлеуметтік даму. ХХ ғ. аяғы –XXI ғ. басындағы Моңғолия. Моңғолия-Қазақстан қатынастары.
      95. Үндістан. Пакистан – (1 сағат):
      Британдық Үндістанның бөлінісі және екі доминионның құрылуы. Үндістанның республика болып жариялануы. «Неру бағыты». И. Ганди және оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. Сыртқы саясаты. Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында;
      Пакистан республикасының жариялануы. Азаматтық үкіметтердің тұрақсыздығы және әскери биліктің орнауы. Пакистан-Ислам республикасы. ХХІ ғасырдың басындағы Пакистан. Бангладеш Халық Республикасы.
      96. Араб елдері – (1 сағат):
      Араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары. Египеттегі 1952 ж. революция және оның араб әлемі үшін тарихи маңызы. Суец каналын национализациялау. Г.А.Носердің бағыты. Магриб елдеріндегі ұлт-азаттық күрес. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. Араб-израиль қайшылықтары және Палестина мәселесі. Кэмп-Дэвид келісімдері. ХХ ғасырдың соңы- ХХІ ғасырдың басындағы араб-израиль қатынастары.
      97. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар – (1 сағат):
      Соғыстан кейінгі жылдардағы халықаралық мәселелерді реттеу жолдары. «Қырғи қабақ соғысы» және әскери қақтығыстар. Еуропа мен Азияда әскери-саяси блоктардың құрылуы. Біріккен Ұлттар ұйымының құрылуы. НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса қарулану. Еуропалық интеграция. ЕҚЫҰ құрылуы. АСЕАН құрылуы. Таяу Шығыстағы қақтығыстар. Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Әлемдік сыртқы саясаттағы Қазақстанның орны.
      98. ХХ – ХХI ғасырдың басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы – (1 сағат):
      Ғылым мен мәдениеттің дамуындағы негізгі бағыттар. ХХ ғасырдағы жаратылыстану, қоғамдық ғылым саласындағы, техника мен өндірістегі маңызды ашылулар мен жетістіктер. ҒТР. Халықаралық мәдени орталықтардың құрылуы. ЮНЕСКО-ның қызметі. Дамушы елдердегі мәдени-техникалық эволюцияның ерекшеліктері мен заңдылықтары. Шығыстағы қоғамдық ой. Мәдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы.
      Қорытынды қайталау – (1 сағат).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет