Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет41/76
Дата09.06.2016
өлшемі4.66 Mb.
#123802
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76

2. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

      27. Геометрияның алғашқы ұғымдары (13 сағат):


      1) геометрияның негізгі ұғымдары;
      2) геометриялық фигура ұғымы;
      3) нүкте, түзу, сәуле (жартытүзу), кесінді, жазықтық және олардың өара орналасуы;
      4) геометриялық фигураларға мысалдар: көпбұрыштар, көпжақтар (куб, тікбұрышты параллелепипед, пирамида);
      5) фигуралардың теңдігі;
      6) кесінділерді өлшеу;
      7) бұрыш, бұрыштың градустық өлшемі және оның қасиеттері;
      8) геометрияның аксиомалары;
      9) бұрыштың биссектрисасы;
      10) теорема және теореманы дәлелдеу;
      11) сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.
      28. Үшбұрыштар (19 сағат):
      1) үшбұрыш және оның түрлері;
      2) бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштар;
      3) үшбұрыштың медианалары, биссектрисалары және биіктіктері;
      4) үшбұрыштың сыртқы бұрышы;
      5) үшбұрыштардың теңдігі, үшбұрыштар теңдігінің белгілері;
      6) теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері;
      7) перпендикуляр түзулер;
      8) перпендикуляр және көлбеу;
      9) нүктеден түзуге дейінгі қашықтық;
      10) тікбұрышты үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері;
      11) сүйір бұрышы 30о және 45о болатын тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттері;
      12) үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатыстар;
      13) үшбұрыштың теңсіздігі.
      29. Түзулердің өзара орналасуы (12 сағат):
      1) қиылысқан түзулер;
      2) параллель түзулер, түзулердің параллельдік белгілері;
      3) бізді қоршаған әлемдегі параллель түзулер;
      4) үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы;
      5) параллель түзулердің қасиеттері;
      6) параллель түзулердің арақашықтығы.
      30. «Шеңбер. Геометриялық салулар (18 сағат)»:
      1) шеңбер және оның элементтері (хорда, диаметр, радиус, доға);
      2) диаметр мен хорданың перпендикулярлығы туралы теоремалар;
      3) шеңберге жанама және оның қасиеттері;
      4) түзу мен шеңбердің өзара орналасуы;
      5) екі шеңбердің өзара орналасуы;
      6) центрлік бұрыштар, доғаның градустық өлшемі;
      7) жазықтықтағы нүктелердің геометриялық орны: орта перпендикуляр және бұрыштың биссектрисасы;
      8) үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер;
      9) үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер;
      10) салу есептері, салу есептерін шешу кезеңдері.
      31. «Қайталау. Есептер шығару (6 сағат)».

3. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

      32. 7-сынып геометрия курсын қайталау (4 сағат):


      1) нүкте, түзу, сәуле (жартытүзу), кесінді, жазықтық және олардың өзара орналасуы;
      2) фигуралардың теңдігі;
      3) геометрия аксиомалары;
      4) теорема және теореманы дәлелдеу;
      5) сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері;
      6) үшбұрыштар теңдігінің белгілері;
      7) теңбүйірлі үшбұрыш;
      8) тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері мен қасиеттері;
      9) үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатыстар;
      10) параллель түзулердің белгілері мен қасиеттері;
      11) үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы;
      12) шеңбер;
      13) түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасуы;
      14) центрлік бұрыш, доғаның градустық өлшемі;
      15) салу есептері.
      33. Төртбұрыштар (18 сағат):
      1) төртбұрыштың анықтамасы, дөңес төртбұрыштар, төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы;
      2) параллелограмм және оның қасиеттері;
      3) параллелограммның белгілері;
      4) тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері мен белгілері;
      5) Фалес теоремасы, пропорционал кесінділер;
      6) трапеция;
      7) бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (параллелограммдар, тіктөртбұрыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар);
      8) үшбұрыштың орта сызығы, трапецияның орта сызығы;
      9) үшбұрыштың тамаша нүктелері.
      34. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар (15 сағат):
      1) тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;
      2) Пифагор теоремасы;
      3) негізгі тригонометриялық тепе-теңдік және оның салдары;
      4) 30о, 45о, 60о бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенс тригонометриялық функцияларының мәндері;
      5) тікбұрышты үшбұрыштарды шешу;
      6) тікбұрышты үшбұрыштарды салу.
      35. Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі (10 сағат):
      1) жазықтықтағы нүктенің координаталары, кесінді ортасының координаталары, екі нүктенің арақашықтығы;
      2) шеңбердің теңдеуі, түзудің теңдеуі;
      3) есептерді шешуде координаталарды қолдану.
      36. Аудан (14 сағат):
      1) фигураның ауданы туралы түсінік;
      2) фигуралардың теңшамалылығы және теңқұралғандығы;
      3) тіктөртбұрыштың, параллелограммның, үшбұрыштың және трапецияның аудандары.
      37. «Қайталау. Есептер шығару (7 сағат)».

4. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

      38. 8-сынып геометрия курсын қайталау (4 сағат):


      1) төртбұрыш, дөңес төртбұрыштар;
      2) параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция және олардың қасиеттері мен белгілері;
      3) пропорционал кесінділер туралы теоремалар;
      4) үшбұрыштың тамаша нүктелері;
      5) Пифагор теоремасы;
      6) сүйір және доғал бұрыштардың тригонометриялық функциялары;
      7) жазықтықтағы координаталар әдісі;
      8) үшбұрыштың және кейбір төртбұрыштардың аудандары.
      39. Векторлар (16 сағат):
      1) вектор ұғымы;
      2) коллинеар векторлар;
      3) вектордың ұзындығы (модулі) және бағыты;
      4) векторлардың теңдігі, векторларды қосу және оның қасиеттері, векторларды азайту, векторды санға көбейту;
      5) векторлардың коллинеарлық критерийі;
      6) векторды санға көбейтудің қасиеттері;
      7) жазықтықтағы векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу;
      8) тікбұрышты координаталар жүйесіндегі векторлар, вектордың координаталары;
      9) векторлардың арасындағы бұрыш;
      10) вектордың координаталық осьтердегі проекциялары;
      11) векторлардың скалярлық көбейтіндісі;
      12) тікбұрышты координаталар жүйесінде түзудің берілуінің әртүрлі тәсілдері (екі нүктемен, нүкте және бұрыштық коэффициентімен берілген түзудің теңдеулері);
      13) есептерді шешуде векторларды қолдану.
      40. Жазықтықтағы түрлендірулер (10 сағат):
      1) жазықтықты түрлендіру, қозғалыс және оның қасиеттері;
      2) фигуралардың теңдігі және оның қасиеттері;
      3) жазықтықтағы қозғалыстар – осьтік және центрлік симметриялар, параллель көшіру, бұру;
      4) гомотетия, ұқсастық түрлендіру және оның қасиеттері;
      5) ұқсас фигуралар;
      6) үшбұрыштар ұқсастығының белгілері, тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығы.
      41. Көпбұрыштар (13 сағат):
      1) сынық сызық;
      2) дөңес көпбұрыштар, дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысы;
      3) шеңберге іштей сызылған бұрыштар және олардың қасиеттері;
      4) шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы туралы теорема;
      5) шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар;
      6) дұрыс көпбұрыштар;
      7) іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын, қабырғаларды, периметрді және ауданды байланыстыратын формулалар;
      8) дұрыс көпбұрыштарды салу;
      9) бізді қоршаған әлемдегі көпбұрыштар.
      42. Үшбұрыштарды шешу (7 сағат):
      1) синустар және косинустар теоремалары;
      2) үшбұрыштарды шешу;
      3) геометриялық есептерді және практикалық мазмұнды есептерді шешуде тригонометрияны қолдану.
      43. Шеңбердің ұзындығы және дөңгелектің ауданы (6 сағат):
      1) шеңбердің ұзындығы, р саны;
      2) шеңбердің доғасының ұзындығы;
      3) бұрыштың радиандық өлшемі;
      4) дөңгелектің және оның бөліктерінің (сегменттің және сектордың) ауданы.
      44. Стереометрия элементтері (6 сағат):
      1) стереометрия аксиомалары және олардың қарапайым салдарлары;
      2) кеңістіктегі екі түзудің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы;
      3) түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш;
      4) түзулердің, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы;
      5) параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, олардың қырларының өзара орналасуы, биіктік;
      6) цилиндр, конус, шар және олардың кескіндері;
      7) бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік геометриялық фигуралар.
      45. «Қайталау. Есептер шығару (6 сағат)».

5. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар

      46. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.


      47. Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеруі тиіс» аспектілерімен көрсетілген.
      48. 7-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:
      1) геометрия нені оқытатынын;
      2) геометрия аксиомаларын;
      3) кесіндінің анықтамасын;
      4) сәуленің (жартытүзудің) анықтамасын;
      5) бұрыштың анықтамасын;
      6) кесінділердің теңдігінің анықтамасын;
      7) бұрыштардың теңдігінің анықтамасын;
      8) фигуралардың теңдігінің анықтамасын;
      9) бұрыштың биссектрисасының және кесіндінің ортасының анықтамаларын;
      10) кесінділерді және бұрыштарды салыстыруды;
      11) теореманы, теореманың шарты мен қорытындысын, теореманы дәлелдеуді, теоремалардың түрлерін;
      12) сыбайлас бұрыштардың анықтамасын;
      13) сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін;
      14) вертикаль бұрыштардың анықтамасын;
      15) вертикаль бұрыштардың қасиеттерін;
      16) үшбұрыштың анықтамасын, үшбұрыштардың түрлерін;
      17) үшбұрыштың медианасының, биссектрисасының және биіктігінің анықтамаларын;
      18) үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы;
      19) үшбұрыштар теңдігінің белгілерін;
      20) теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін;
      21) перпендикуляр түзулердің анықтамасын;
      22) берілген түзуге перпендикуляр мен көлбеудің анықтамасын;
      23) перпендикуляр түзулердің қасиеттерін;
      24) тікбұрышты үшбұрыштың анықтамасын;
      25 тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін;
      26) үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатыстарды;
      27) үшбұрыштың теңсіздігін;
      28) сүйір бұрышы 30о және 45о болатын тікбұрышты үшбұрыштардың қасиеттерін;
      29) параллель түзулердің анықтамасын;
      30) параллельдік аксиомасын;
      31) екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың анықтамаларын;
      32) түзулердің параллельдік белгілерін;
      33) параллель түзулердің қасиеттерін;
      34) үшбұрыш бұрыштарының қосындысы туралы теореманы;
      35) шеңбердің анықтамасын;
      36) радиустың, диаметрдің, доғаның және хорданың анықтамаларын;
      37) шеңберге жүргізілген жанаманың анықтамасын;
      38) диаметр мен хорданың перпендикулярлығы туралы теореманы және оған кері теореманы;
      39) шеңберді қиюшының анықтамасын;
      40) шеңберге одан тыс жатқан нүктеден жүргізілген жанамалардың қасиетін;
      41) центрлік бұрыш пен доғаның градустық өлшемінің анықтамасын;
      42) екі шеңбердің өзара орналасуын;
      43) үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің анықтамасын;
      44) үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің анықтамасын;
      45) нүктелердің геометриялық орны ұғымын;
      46) кесінділердің ұштарынан және бұрыштың қабырғаларынан бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің жиынын;
      47) «геометриялық салу» ұғымының мәнін;
      48) салу есептерін шешу кезеңдерін;
      49) салудағы талдаудың мәнін;
      50) салу есептерін шешудегі дәлелдеуді және зерттеуді;
      51) сызбаларды орындаудың қарапайым ережелерін.
      49. 7-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:
      1) сызу құралдарымен жұмыс істеу;
      2) фигуралардың белгілеулерін дұрыс оқи білу және жаза білу;
      3) геометриялық фигураларды кескіндеу;
      4) есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;
      5) сызбалардан геометриялық фигураларды танып білу және олардың өзара орналасуын ажырата білу;
      6) қоршаған әлемдегі геометриялық фигураларды танып білу;
      7) фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп және қосымша салуларды қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;
      8) суретте нүктелерді, кесінділерді және түзулерді белгілеу, кесінділерді және транспортирдің көмегімен бұрыштарды салыстыру, бұрыштың биссектрисасын жүргізу;
      9) нүктелердің, кесінділердің және түзулердің өзара орналасуын анықтау және сипаттау;
      10) суретте аталған фигураларды өзара орналасуы бойынша кескіндеу;
      11) кесінділерге амалдар орындау;
      12) сүйір, тік, доғал және жазыңқы бұрыштарды ажырата білу;
      13) сүйір, тік, доғал және жазыңқы бұрыштарды кескіндеу;
      14) суреттен вертикаль және сыбайлас бұрыштарды табу;
      15) берілген бұрышпен вертикаль немесе сыбайлас болатын бұрышты салу;
      16) вертикаль немесе сыбайлас бұрыштардың біреуінің белгілі градустық өлшемі бойынша екіншісінің градустық өлшемін табу;
      17) суреттен берілген үшбұрыштарды және олардың қабырғаларын, төбелері мен бұрыштарын табу;
      18) үшбұрыштарды кескіндеу және олардың периметрін табу;
      19) үшбұрыштың биссектрисасын, биіктігін және медианасын салу;
      20) сүйірбұрышты, тікбұрышты және доғалбұрышты үшбұрыштарды ажырата білу және оларды суреттерде кескіндеу;
      21) қабырғалары әртүрлі, теңбүйірлі және теңқабырғалы үшбұрыштарды ажырата білу және оларды суреттерде кескіндеу;
      22) есептерді шешуде теңбүйірлі және теңқабырғалы үшбұрыштардың қасиеттерін пайдалану;
      23) екі тең үшбұрыштардың сәйкес элементтерін табу;
      24) есептерді шешуде үшбұрыштар теңдігінің белгілерін пайдалану;
      25) берілген нүкте арқылы берілген түзуге перпендикуляр түзуді жүргізу;
      26) перпендикуляр түзулердің қасиеттерін қолдануға есептер шешу;
      27) ұзындығы берілген нүктеден берілген түзуге дейінгі қашықтыққа тең болатын кесіндіні анықтау;
      28) есептерді шешуде тікбұрышты үшбұрыштардың белгілерін қолдану;
      29) параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда пайда болған бұрыштардың теңдігін орнату;
      30) суреттен айқыш, сәйкес және тұстас бұрыштардың жұптарын көрсету;
      31) түзулердің параллельдігіне арналған есептерді шешу;
      32) үшбұрыштың екі бұрышының белгілі шамалары бойынша үшінші бұрышының шамасын табу;
      33) үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табу;
      34) шеңберге жанама жүргізу;
      35) үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің центрлерінің, радиустарының және жанасу нүктелерінің орналасуын көрсету;
      36) есептерді шешуде жанаманың қасиеттерін пайдалану;
      37) суретте үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлерді кескіндеу;
      38) үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрін табу;
      39) үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрін табу;
      40) кесінділердің ұзындықтарын және бұрыштардың шамасын өлшеуге, сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолдануға, салуға арналған есептерді шешу;
      41) сызу құралдарының көмегімен кесіндіні және бұрышты тең екі бөлікке бөлу;
      42) бұрыштың биссектрисасын салу;
      43) кесіндінің орта перпендикулярын жүргізу;
      44) берілген түзуге перпендикуляр түзуді салу;
      45) белгілі элементтері бойынша тікбұрышты үшбұрышты, үшбұрышты салу;
      46) кесіндіні берілген қатынаста бөлу;
      47) төртінші пропорционал кесіндіні салу.
      50. 8-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:
      1) төртбұрыштың, дөңес төртбұрыштың анықтамаларын;
      2) төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы;
      3) параллелограмның анықтамасын және оның элементтерін;
      4) параллелограмның қасиеттері мен белгілерін;
      5) тіктөртбұрыштың, ромбтың және квадраттың анықтамаларын, белгілерін және қасиеттерін;
      6) Фалес теоремасын;
      7) пропорционал кесінділер туралы теореманы;
      8) трапецияның, теңбүйірлі және тікбұрышты трапециялардың анықтамаларын және олардың элементтерін;
      9) үшбұрыштың орта сызығының анықтамасын және оның қасиеттерін;
      10) трапецияның орта сызығының анықтамасын және оның қасиеттерін;
      11) үшбұрыштың төрт тамаша нүктелерінің атауларын;
      12) үшбұрыштың медианаларының, биіктіктерінің, биссектрисаларының және қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлардың қасиеттерін;
      13) тікбұрышты үшбұрыштағы сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын;
      14) Пифагор теоремасын және оған кері теореманы;
      15) негізгі тригонометриялық тепе-теңдікті және кейбір басқадай тепе-теңдіктерді;
      16) 30о, 45о, 60о бұрыштардың тригонометриялық функцияларының мәндерін;
      17) тікбұрышты үшбұрыштарды шешудің негізгі әдістерін;
      18) кесінді ортасының координаталарының формуласын;
      19) тікбұрышты координаталар жүйесіндегі екі нүктенің арақашықтығының формуласын;
      20) түзу мен шеңбердің теңдеулерін;
      21) теңшамалы және теңқұралған фигуралардың анықтамаларын;
      22) аудандарды өлшеу аксиомаларын, аудандардың өлшем бірліктерін;
      23) тіктөртбұрыш, квадрат, үшбұрыш, параллелограмм және трапецияның аудандарын табу формулаларын.
      51. 8-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:
      1) қоршаған әлемдегі заттарды суреттеуде геометриялық тілді пайдалану;
      2) талдау жүргізу, салыстыру, жалпылау, нақтылау, аналогияны қолдану, ой қорыта білу;
      3) сызу құралдарымен жұмыс істеу;
      4) есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;
      5) қоршаған әлемдегі геометриялық фигураларды танып білу;
      6) геометриялық шамалардың (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар) мәндерін есептеу;
      7) 0-ден 900-қа дейінгі бұрыштардағы тригонометриялық функциялардың мәндерін анықтау, белгілі бір мәні бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табу;
      8) үшбұрыштардың, төртбұрыштардың қабырғаларын, бұрыштарын және аудандарын табу;
      9) фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп, қосымша салуларды, алгебралық және тригонометриялық аппаратты қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;
      10) параллелограмды, тіктөртбұрышты, квадратты, ромбты және трапецияны сипаттауды және ажырата білу;
      11) суреттен төртбұрыштарды және олардың қабырғаларын, төбелері мен бұрыштарын табу;
      12) суретте төртбұрышты, оның диагональдары мен биіктіктерін кескіндеу;
      13) параллелограмның элементтерінің арасындағы қатыстарды бейнелейтін есептерді шешу;
      14) циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні тең n бөлікке бөлу;
      15) пропорционал кесінділерді салу;
      16) берілген екі кесіндінің қатынасындай етіп кесіндіні қатынасқа бөлу;
      17) трапецияның белгісіз элементтерін табуға арналған есептерді шешу;
      18) үшбұрыш пен трапецияның орта сызықтарының қасиеттерін қолдануға арналған есептерді шешу;
      19) үшбұрыштың тамаша нүктелерін пайдаланып есептерді шешу;
      20) сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің мәндерін табуға арналған есептерді шешу;
      21) тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін сүйір бұрыштың тригонометриялық функцияларын қолдану;
      22) тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларын табу үшін Пифагор теоремасын қолдану;
      23) қабырғалары бойынша үшбұрыштың тікбұрышты болатынын тексеру;
      24) геометриялық есептерді шешуде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану;
      25) sina, cosa, tga және ctga мәндерінің біреуінің белгілі мәні бойынша қалғандарының мәндерін табу;
      26) үшбұрыш элементтерінің жуық сандық мәндерін табуға арналған есептерді шешу;
      27) синус, косинус, тангенс және котангенстің белгілі мәндері бойынша бұрышты салу;
      28) кесінді ортасының координаталарын оның ұштарының координаталары бойынша табу;
      29) нүктелердің арақашықтығын (кесіндінің ұзындығын) осы нүктелердің координаталары бойынша табу;
      30) тікбұрышты координаталар жүйесіндегі екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын пайдаланып есептер шешу;
      31) центрінің координаталары мен радиусы бойынша шеңбердің теңдеуін жазу;
      32) берілген теңдеуі бойынша шеңбердің центрінің координаталары мен радиусын табу;
      33) екі нүкте арқылы өтетін немесе координаталық осьтердің біреуіне параллель болатын түзудің теңдеуін табу;
      34) түзулердің, түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің қиылысу нүктесін табу;
      35) берілген элементтері бойынша квадраттың, тіктөртбұрыштың, параллелограммның, үшбұрыштың және трапецияның аудандарын есептеу;
      36) тіктөртбұрыштың, квадраттың, үшбұрыштың, параллелограммның және трапецияның аудандарын табу формулаларын қолдану.
      52. 9-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар білуі тиіс:
      1) бағытталған кесіндінің және вектордың анықтамасын;
      2) вектордың ұзындығының, нөлдік вектордың анықтамасын;
      3) бірдей және қарама-қарсы бағытталған векторларды, бағытталған кесінділердің және векторлардың теңдігін;
      4) нүктеден векторды салу туралы теореманы;
      5) векторларды қосу мен азайту амалдарының анықтамаларын;
      6) екі векторды қосудың үшбұрыш және параллелограмм ережелерін;
      7) үшбұрыш, параллелограмм және көпбұрыш ережелерін қолдану аймағын;
      8) векторлардың айырымын салудың әртүрлі тәсілдерін;
      9) векторларды қосу амалының қасиеттерін;
      10) векторды санға көбейтудің анықтамасын;
      11) векторлардың коллинеарлық критерийін;
      12) векторды санға көбейтудің қасиеттерін;
      13) векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу туралы теореманы;
      14) вектордың координаталарының анықтамасын;
      15) вектордың координаталарын оның ұштарының координаталары бойынша табу ережесін;
      16) координаталары берілген векторлардың теңдігін;
      17) координаталары берілген векторларға амалдар қолдану туралы теореманы;
      18) коллинеар векторлардың координаталары арасындағы байланысты;
      19) вектордың ұзындығын есептеу формуласын;
      20) екі вектордың арасындағы бұрыштың анықтамасын;
      21) вектордың координаталарын оның ұзындығы және осы вектормен Ох осі арасындағы бұрышы арқылы өрнектелуін;
      22) векторлардың скалярлық көбейтіндісінің анықтамасын және қасиеттерін;
      23) координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін;
      24) векторлардың арасындағы бұрыштың косинусының формуласын;
      25) векторлардың перпендикулярлық шартын;
      26) тікбұрышты координаталар жүйесінде түзудің әртүрлі берілу тәсілдерін;
      27) түзудің бұрыштық коэффициентінің анықтамасын;
      28) түзудің бұрыштық коэффициентінің геометриялық мағынасын;
      29) түзулердің параллельдік және перпендикулярлық шарттарын;
      30) екі нүктемен, нүкте және бұрыштық коэффициентімен берілген түзудің теңдеулерін;
      31) жазықтықтағы қозғалыстың және оның дербес түрлерінің параллель (көшіру, осьтік және центрлік симметриялар, бұру) анықтамаларын;
      32) фигуралардың теңдігі туралы теореманың тұжырымдамасын;
      33) гомотетияның анықтамасын және оның қасиеттерін;
      34) ұқсастық түрлендірудің және ұқсас фигуралардың анықтамасын;
      35) ұқсас фигуралардың қасиеттерін;
      36) ұқсастық түрлендірудің қасиеттерінің тұжырымдамасын;
      37) үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін;
      38) ұқсас фигуралардың аудандарының арасындағы байланысты;
      39) дөңес көпбұрыштың анықтамасын;
      40) дөңес n-бұрыштың бұрыштарының қосындысы туралы теореманы;
      41) іштей сызылған бұрыштың өлшемі туралы теореманы;
      42) шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттерін және белгілерін;
      43) дұрыс көпбұрыштың анықтамасын;
      44) дұрыс көпбұрыштардың қасиеттерін;
      45) дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің бар болуы туралы теореманы;
      46) іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын дұрыс көпбұрыштың қабырғасы арқылы өрнектейтін формулаларды;
      47) дұрыс көпбұрыштың ауданын оның периметрі мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусы арқылы өрнектейтін формуланы;
      48) дұрыс көпбұрыштың ауданын оған сырттай сызылған шеңбердің радиусы арқылы өрнектейтін формуланы;
      49) кейбір дұрыс көпбұрыштарды салуды;
      50) косинустар теоремасын;
      51) синустар теоремасын;
      52) үшбұрыштың бұрыштарының косинустарын оның қабырғалары арқылы өрнектейтін формуланы;
      53) бұрыштың (доғаның) градустық және радиандық өлшемдерінің арасындағы байланысты;
      54) доға ұзындығының оның градустық және радиандық өлшемдері арқылы өрнектелуін;
      55) p санының үтірден кейін екі таңбаға дейінгі дәлдікпен алынған жуық мәнін;
      56) шеңбердің ұзындығын оның радиусы және диаметрі арқылы өрнектейтін формулаларды;
      57) доға ұзындығының формуласын;
      58) бұрыштың градустық өлшемін радианға көшіру ережесін;
      59) бұрыштың радиандық өлшемін градусқа көшіру ережесін;
      60) дөңгелектің және сектордың аудандарының формулаларын;
      61) сегменттің ауданын есептеу ережесін;
      62) стереометрия аксиомаларын және олардың қарапайым салдарларын;
      63) түзулердің, түзу мен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуының түрлерін;
      64) кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін;
      65) параллель жазықтықтардың анықтамасын;
      66) түзу мен жазықтықтың параллельдігінің анықтамасын;
      67) түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыштың анықтамасын;
      68) түзулердің, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының анықтамасын.
      53. 9-сынып геометрия курсын оқу нәтижесінде, оқушылар келесі біліктерді меңгеруі тиіс:
      1) қоршаған әлемдегі заттарды суреттеуде геометриялық тілді пайдалану;
      2) талдау жүргізу, салыстыру, жалпылау, нақтылау, аналогияны қолдану, ой қорыта білу;
      3) сызу құралдарымен жұмыс істеу;
      4) жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды кескіндеу;
      5) есептің шарты бойынша сызбаларды орындау;
      6) фигураларды түрлендіру;
      7) сызбалардан геометриялық фигураларды танып білу, олардың өзара орналасуын ажырата білу;
      8) қоршаған әлемдегі геометриялық фигураларды танып білу;
      9) дөңес және дөңес емес көпбұрыштарды ажырата білу;
      10) векторларға амалдар қолдану, вектордың ұзындығын және координаталарын, векторлардың арасындағы бұрышты есептеу;
      11) геометриялық шамалардың (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар) мәндерін есептеу;
      12) фигуралардың оқып игерілген қасиеттеріне және олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп және қосымша салуларды, алгебралық және тригонометриялық аппаратты, симметрия түсінігін қолдана отырып, геометриялық есептерді шешу;
      13) жазық және кеңістіктік фигураларды ажырата білу;
      14) векторларды суретте кескіндеу және белгілеу немесе жазылудан вектордың басы мен ұшын ажырата білу;
      15) жазықтықтағы екі және бірнеше векторлардың қосындысын табу;
      16) суретте екі вектордың қосындысы мен айырымын геометриялық түрде кескіндей білу;
      17) векторлардың қосындысын табу үшін үшбұрыш, параллелограм және көпбұрыштар ережелерін қолдану;
      18) вектордың санға көбейтіндісін табу;
      19) коллинеар векторларды ажырата білу;
      20) векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу;
      21) векторлардың жіктелуін суретте кескіндеу;
      22) векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеуге арналған есептерді шешу;
      23) вектордың координаталарын оның басы мен ұшының координаталары бойынша табу;
      24) бірнеше векторлардың қосындысының (айырымының) және вектордың санға көбейтіндісінің координаталарын табу;
      25) есептерді шешуде координаталары берілген векторлардың теңдігі мен коллинеарлық шарттарын пайдалану;
      26) координаталары бойынша вектордың ұзындығын табу;
      27) векторлардың скалярлық көбейтіндісін табу;
      28) координаталары берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін табу;
      29) векторлардың арасындағы бұрыштың косинусын табу;
      30) есептеуге және дәлелдеуге арналған есептерді шешуде векторлардың скалярлық көбейтіндісін пайдалану;
      31) екі нүктемен, нүкте және бұрыштық коэффициентімен берілген түзудің теңдеулерін табу;
      32) түзудің бұрыштық коэффициентін табу;
      33) геометриялық есептерді шешуде түзулердің параллельдік және перпендикулярлық шарттарын пайдалану;
      34) осьтік және центрлік симметриялар, параллель көшіру, бұру кезіндегі фигуралардың бейнелерін салу;
      35) гомотетия кезіндегі әртүрлі фигуралардың бейнелерін салу;
      36) ұқсас үшбұрыштардың сәйкес элементтерін табу;
      37) үшбұрыштардың ұқсастық коэффициентін табу;
      38) есептерді шешуде үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін пайдалану;
      39) ұқсас фигуралардың аудандарының арасындағы қатынасты қолдану;
      40) дұрыс көпбұрыштың төбесіндегі бұрыштарды табу;
      41) дөңес n-бұрыштың бұрыштарының қосындысын және дұрыс n-бұрыштың бұрыштарын, бұрыштарының қосындысы бойынша дұрыс көпбұрыштың қабырғаларының санын табу;
      42) центрлік және іштей сызылған бұрыштарды суретте кескіндей және таба білу;
      43) есептерді шешуде центрлік және іштей сызылған бұрыштардың қасиеттерін қолдану;
      44) дұрыс көпбұрыштың қабырғасын және ауданын оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары арқылы өрнектеу;
      45) үшбұрыштың элементтерін табу үшін синустар және косинустар теоремаларын қолдану;
      46) геометриялық есептерді шешуде тригонометрияны қолдану;
      47) шеңбердің ұзындығын және доғаның ұзындығын табу;
      48) доғаның және бұрыштың градустық өлшемін радианға және керісінше көшіруді орындау;
      49) дөңгелектің ауданын радиусы және диаметрі бойынша табу;
      50) центрлік бұрышы градуспен немесе радианмен өлшенген сектордың ауданын, сегменттің ауданын табу;
      51) негізгі кеңістіктік фигураларды кескіндеу;
      52) түзулердің және жазықтықтардың өзара орналасуын сызбаларда көрнекі түрде бейнелеу;
      53) призманың, пирмиданың, цилиндрдің, конустың, шардың кескіндерін салу.
      54. Тұлғалық нәтижелер:
      1) мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуі, қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауы тиіс;
      2) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуы, этикалық нормаларды сақтай білуі тиіс;
      3) өздігінен білім алу, өзін-өзі дамыту және өз мүмкіндігін жүзеге асыру қабілеттілігі болуы тиіс;
      4) оқу және танып білу ынтасының қалыптасуы тиіс;
      5) математикалық оқу қызметінің үдерісіне және нәтижесіне бақылау жасай білуі тиіс;
      6) білім беру, қоғамдық пайдалы, оқу-зерттеушілік, шығармашылық және басқа да қызмет түрлерінде құрдастарымен, үлкен және кіші жастағылармен қарым-қатынас жасау мен ынтымақтастықта болуда коммуникативтік дағдыларды меңгеруі тиіс.
      55. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
      1) индукциялық және дедукциялық ойлау тәсілдерін қолдануы, геометриялық есептерді шешудің әртүрлі жолдарын көре білуі тиіс;
      2) геометриялық шамаларды табуға байланысты (қажеттілігіне қарай анықтамалықтарды және техникалық құралдарды пайдаланып) практикалық есептерді құрастыра және шығара білуі тиіс;
      3) жазық геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білуі тиіс;
      4) компьютерлік программалардың көмегімен жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін зерттеуде тәжірибе жинақтауы тиіс.

Қазақстан Республикасы    


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына      
34-қосымша        


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет