Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Информатика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы



бет42/76
Дата09.06.2016
өлшемі4.66 Mb.
#123802
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін
«Информатика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілдерінің бірімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.
      3. Оқыту міндеттері:
      1) ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;
      2) есептеу техниканың негізгі құрылғылары және телекоммуникацияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
      3) ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;
      4) программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;
      5) ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;
      6) жобалық іс-әрекетте ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;
      7) алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
      8) қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау;
      9) оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
      4. Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
      1) 5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
      2) 6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
      3) 7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
      4) 8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
      5) 9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
      5. Информатика курсын оқыту үдерісінде басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асады.
      6. Математика пәнімен пәнаралық байланыс:
      1) сандық, мәтіндік және графикалық ақпараттарды кодтау жасағанда сандық деректер типі туралы мағлұматты пайдалану;
      2) калькулятор арқылы есептеулер жүргізу;
      3) графикалық редактор және электрондық кесте арқылы функциялардың графиктерін салу.
      7. Алгебра пәнімен пәнаралық байланыс:
      1) үдерістерді автоматтандыру үшін функция, формулалар, салыстыру операцияларын пайдалану;
      2) электрондық кесте арқылы есептеулер орындағанда математикалық білімдерін пайдалану;
      3) стандартты функциялармен амалдар орындағанда әртүрлі есептеулер ережелерін пайдалану;
      4) кестелік процессорда графиктерді салғанда координаталық жүйені пайдалану;
      5) есептер шығарғанда қолданылатын амалдарды іске асыру мақсатында негізгі кезеңдерді анықтау үшін математикалық логика элементтерін пайдалану;
      6) математикалық объектілерді зерттегенде ақпараттық көзқарасты пайдалану;
      7) программалау тілінде суреттерді салу үшін координаталық жүйені пайдалана отырып алгоритмдерді өңдеу.
      8. Геометрия пәнімен пәнаралық байланыс:
      1) векторлық графика объектілерін құруда геометриялық фигуралармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану;
      2) әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді программалауда планиметрия формулаларын қолдану;
      3) геометриялық объектілерді модельдеу, геометриялық композицияларды құру.
      9. Физика пәнімен пәнаралық байланыс:
      1) компьютердің архитектурасын, ақпаратты кодтау, санау жүйелерін, логика элементтерін қарастырғанда электр тоқ саласынан білімге тірек жасау;
      2) дыбыстың, бейненің және графиктің физикалық мәніне бағдар жасау;
      3) физикалық үдерістерді модельдеу үшін ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалану;
      4) алгоритмдерді өндеуде физикалық есептерді қарастыру;
      5) дербес компьютердің құрылымының жұмыс істеуінің физикалық принципі.
      10. Қазақ, орыс және шетел тілдерімен пәнаралық байланыс:
      1) информатика терминдерімен сөздік қорды байыту;
      2) мәтіндік материалдарды рәсімдегенде орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;
      3) мәтіндік процессормен жұмыс істегенде ұлттық халық ауыз әдебиетімен байланысты мәтіндерді пайдалану;
      4) жоба қорғау барысында, жарыс сөздер және ауызша жауаптарда сөйлеу мәдениетін дамыту;
      5) операциялық жүйелерді және программалау тілін меңгеру барысында ағылшын тілін пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
      6) программалау тілінің синтаксисін түсіну, компьютерлік технологияларды меңгеру, кең таралған әдебиеттерге еркін қол жетімдік;
      7) телекоммуникациялық ресурстар ағылшын тілін меңгеру құралы ретінде қарастыру.
      11. Биология пәнімен пәнаралық байланыс:
      биологиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.
      12. Химия пәнімен пәнаралық байланыс:
      химиялық үдерістерді кестелік процессор және программалау тілі арқылы модельдеу.
      13. Тарих пәнімен пәнаралық байланыс:
      дербес компьютердің құралдарының дамуы мен шығуы және ақпараттарды өндеу әдістері.
      14. Бейнелеу өнері пәнімен пәнаралық байланыс:
      1) жалпы ақпараттық мәдениет элементі ретінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;
      2) мәтіндік және графикалық редакторларын оқу барысында қазақ және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.
      15. Сызу пәнімен пәнаралық байланыс:
      мәтіндік және графикалық редакторларын оқығанда ұлттық және басқа халқының бейнелеу өнерінің элементтерін пайдалану.
      16. Технология пәнімен пәнаралық байланыс:
      1) есептеулерде және шамаларды өлшегенде алгоритмдерді пайдалану;
      2) ақпараттық іс-әрекет технологиясын меңгеру.

2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

      17. Кіріспе (1 сағат):


      техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
      18. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):
      информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері;
      ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.
      19. Компьютер (9 сағат):
      компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері;
      пернетақта;
      программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі, операциялық жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері;
      файлдар, бумалар және белгішелер, бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту,
      объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою, ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.
      20. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (17 сағат):
      қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару;
      қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру;
      калькулятор, блокнот;
      дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.
      21. Жобалық іс-әрекет (4 сағат).

3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

      22. Кіріспе (1 сағат):


      техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
      23. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (4 сағат):
      әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпарат қасиеті, ақпаратты қорғау;
      вирусқа қарсы программалар, ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.
      24. Компьютер (2 сағат):
      есептеу техникасының даму тарихы, электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері;
      компьютерлік техниканың даму үрдісі.
      25. Алгоритмдеу және модельдеу (8 сағат):
      алгоритм және оның атқарушылары, алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар, алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер);
      модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді;
      модельдер түрлері.
      26. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (15 сағат):
      мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі, құжаттарды құру және сақтау, мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері;
      қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар;
      нөмірленген және маркерлеген тізімдер;
      бағандар, беттердің параметрлері, жиек, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару;
      кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу;
      графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу;
      программа интерфейсімен танысу, презентациялар;
      мультимедиялық презентациялардың конструкторы;
      презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру, кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру;
      анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету.
      27. Телекоммуникациялар (2 сағат):
      компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер, интернет, интернетте ақпаратты іздеу, электрондық пошта.
      28. Жобалық іс-әрекет (2 сағат).

4.Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

      29. Кіріспе (1 сағат):


      техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
      30. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат):
      компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері;
      сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.
      31. Компьютер (3 сағат):
      компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары.
      32. Алгоритмдеу және программалау (9 сағат):
      программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі;
      айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.
      33. Ақпараттық модельдеу (2 сағат):
      модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.
      34. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (14 сағат):
      компьютерлік графика түрлері;
      векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі;
      векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру;
      растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс.
      35. Жобалық іс-әрекет (2 сағат).

5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

      36. Кіріспе (1 сағат):


      техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
      37. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (7 сағат):
      санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық), сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару;
      екілік арифметика;
      логика және логикалық операциялар, ақиқат кестелері;
      компьютердің логикалық негіздері.
      38. Компьютер (2 сағат):
      қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі;
      компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер.
      39. Алгоритмдеу және программалау (10 сағат):
      тармақталу операторлары;
      күрделі шарттар;
      циклдік алгоритмдер, циклдік алгоритмдерді программалау, тура және кері есепшоты бар циклдер;
      циклдің алғы шарты, циклдің ілесу шарты.
      40. Ақпараттық модельдеу (2 сағат):
      компьютерде модельдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері.
      41. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (8 сағат):
      электрондық кестелер, кестелік процессордың терезе интерфейсі, электрондық кестелердің негізгі ұғымдары;
      деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, толтыру маркері, формулаларды енгізу;
      абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер;
      функциялар, стандартты функцияларды пайдалану, диаграммаларды құру, кестені баспаға дайындау.
      42. Телекоммуникациялар (2 сағат):
      компьютерлік байланыстың міндеті, компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары, жергілікті желі, ауқымды компьютерлік желі, Интернет ресурстарына қол жетімдік, Интернет қызметтері.
      43. Жобалық іс-әрекет (2 сағат).

6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

      44. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат):


      компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.
      45. Компьютер:
      қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі, қызметтік программалар.
      46. Алгоритмдеу және программалау (16 сағат):
      файл және оны баптау, құрылымдық мәліметтер;
      салынған циклдер;
      массив туралы түсінік, массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер;
      символдық жолдар, символдар бойынша жолдарды өндеу, символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.
      47. Ақпараттық модельдеу (3 сағат):
      компьютерлік модельдеу, есептеу эксперименті, программалау тілі арқылы модельдер жасау.
      48. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (9 сағат):
      деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі;
      жазулар, жиектер, деректер типі;
      кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру, іздеу амалдары, сұрыптау, қорытынды мәнің шығару;
      видео ақпаратты өндеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі;
      жобаны құру, ашу, сақтау, фильмді көрсету;
      видео монтажы, анимациялар және визаулды әсерлер, дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару.
      49. Жобалық іс-әрекет (2 сағат).

7. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      50. Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспекті бойынша бағаланады (пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер және жүйелі-әрекеттік нәтижелер).


      51. Пәндік нәтижелер екі аспектімен көрсетіледі (оқушылардың білуі тиіс және меңгеруі тиіс).
      52. 5-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
      1) қауіпсіздік техникасының ережесін;
      2) информатика пәні нені оқытатының;
      3) ақпарат түсінігін;
      4) ақпарат түрлерін;
      5) ақпаратты өңдеу тәсілдерін;
      6) ақпараттың өлшеу бірлігін;
      7) компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;
      8) компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеттері мен түрлерін;
      9) операциялық жүйе ұғымын;
      10) операциялық жүйеде жұмыс істеу тәсілдерін;
      11) операциялық жүйені басқару тәсілдері мен негізгі объектілерін;
      12) ақпараттарды тасымалдаушылар міндетін;
      13) графиктік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
      14) мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;
      15) мәтінде теру ережесін;
      16) мәтінді редакциялау және пішімдеу тәсілдерін;
      17) калькуляторда жұмыс істеу тәсілдерін;
      18) сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша бағдарламаларда жұмыс істеу тәсілдерін;
      19) мәтіндік құжатты рәсімдеу тәсілдерін.
      53. 5-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
      1) қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
      2) ақпараттың түрін анықтауды;
      3) ақпараттық объектілері мен процесстердің сандық параметрлерін бағалау, олар: ақпаратты сақтау үшін қажетті жады көлемін;
      4) компьютердің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;
      5) файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;
      6) қарапайым графиктік редактор құралдарымен графиктік объектілерді салуды;
      7) мәтіндік редактор құралдарымен мәтінді теруді, редакциялауды, пішімдеуді;
      8) аралас құжаттарды құруды;
      9) калькулятор арқылы есептеу нәтижелерін табуды;
      10) дыбыстық ақпаратты жазуды.
      54. 6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
      1) қауіпсіздік техникасының ережесін;
      2) вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы ақпаратты қорғау тәсілдерін;
      3) ақпаратты сығу ұғымын;
      4) мұрағаттау міндеттерін;
      5) есептеуіш техниканың даму тарихын;
      6) электронды-есепеуіш машиналардың кезеңдерін;
      7) дербес компьютердің даму архитектурасының үрдісін;
      8) алгоритм және атқарушы ұғымын;
      9) алгоритмдерді жазу пішімін;
      10) алгоритмді блок-схема арқылы жазуын;
      11) алгоритмдер типін;
      12) модель ұғымын;
      13) модель түрлерін;
      14) мәтіндік редактордың мәтіндік процессордан айырмашылығын;
      15) мәтіндік процессор интерфейсін;
      16) құжатты құру және сақтау тәсілдерін;
      17) мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерін (қаріп, абзац, шегініс, аралық, тізім);
      18) мәтіндік процессорда кестелерді құру және редакциялау тәсілдерін;
      19) бағанға мәтінді орналастыру тәсілдерін;
      20) беттердің параметрлерін баптауын;
      21) құжатты баспаға дайындауын;
      22) мәтінге графикалық объектілерді және жазуларды кірістіру командаларын;
      23) презентация ұғымын, слайдтармен жұмыс істеу тәсілдерін;
      24) презентацияларды безендіру шаблондарының міндетін;
      25) анимация ұғымын, анимация әсерлерін баптауын;
      26) презентацияда мәтінмен, кестелермен, графикалық объектілермен, бейнемен және дыбыспен жұмыс істеу тәсілдерін;
      27) презентацияларды көрсетудің баптау тәсілдерін;
      28) компьютерлік байланыстардың түрлерін;
      29) Интернетте ақпаратты іздеу әдістерін;
      30) электрондық поштаны пайдалану салаларын.
      55. 6-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
      1) қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
      2) файлдарды мұрағаттау және мұрағаттан шығаруды;
      3) вирусқа қарсы программаларды пайдалану арқылы компьютерде ақпараттарды қорғау әдістерін пайдалануды;
      4) әртүрлі алгоритм түрлерін ауызша және графиктік формада құрастыруды;
      5) модельді нақты объектіден айыра білуді;
      6) модель түрлерін анықтауды;
      7) мәтінді теруді, редакциялауды және пішімдеуді;
      8) тізімдер (нөмірленген және маркерлеген тізім) бар мәтіндік құжаттарды құруды;
      9) мәтіндік құжаттарға кесте салуды;
      10) мәтінге бағана орналастыруды;
      11) бет параметрлерін баптауды;
      12) мәтіндік құжаттарға графикалық объектілерді және жазуларды кірістіруді;
      13) қарапайым мультимедиялық презентациялар құруды;
      14) слайдқа мәтін, кесте, графикалық объектілері, бейне және дыбыс кірістіруді;
      15) слайдтардың әсерлерін және көрсетулерін баптауды;
      16) Интернет желісінде ақпаратты іздеуді іске асыруды;
      17) электрондық поштаны пайдалануды.
      56. 7-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
      1) қауіпсіздік техника ережелерін;
      2) ақпаратты кодтау тәсілдерін;
      3) компьютердің жады құрылғысын;
      4) компьютердің жады түрлерін;
      5) операциялық жүйенің жіктелуін;
      6) операциялық жүйенің функцияларын;
      7) операциялық жүйенің мысалдарын;
      8) программалау тілі туралы түсінігін;
      9) программалау тілінде программа құрылымын;
      10) программалау тілінің синтаксисін;
      11) айнымалылар типтерін;
      12) программалау тілінде арифметикалық өрнектерді жазу ережелерін;
      13) енгізі, шығару және меншіктеу операторларын;
      14) модельдің әдісін және қасиеттерін;
      15) компьютерлік графика түрлерін;
      16) графикалық файлдардың пішімін;
      17) векторлық объектілермен орындалатын қарапайым амалдарын;
      18) растрлық бейнелердің параметрлерін;
      19) растрлық графиканың сурет салу құралдарын.
      57. 7-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
      1) қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
      2) ақпаратты кодтау және кодтан шығаруды;
      3) операциялық жүйелердің түрі мен жүктелуін ажырата білуді;
      4) айнымалылар типтерін анықтауды;
      5) сызықты құрылымның программаларын құруды;
      6) модельдерді зерттеуді;
      7) векторлық графикада қарапайым фигураларды құруды;
      8) векторлық объектілермен қарапайым амалдарды орындауды;
      9) растрлық графиканың объектілерімен жұмыс істеуді;
      10) растрлық графикада ерекшелінген аймақтармен, қабаттармен жұмыс істеуді.
      58. 8-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
      1) техника қауіпсіздігі ережесін;
      2) позициялық және позициялық емес санау жүйелерінде сандарды ұсыну қағидаларын;
      3) сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару ережелерін;
      4) логика ұғымын;
      5) логикалық амалдарын;
      6) логикалық функцияларды жазу ережесін;
      7) ақиқат кестесін;
      8) компьютердің логикалық негіздерін;
      9) дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісін;
      10) компьютердің қосымша құрылғыларының міндеттерін;
      11) драйвер ұғымын;
      12) тармақталу алгоритмдердің программалау операторларын;
      13) шартты және шартсыз өту операторларын;
      14) циклдік алгоритмдердің программалау операторларын;
      15) параметрі бар циклдер, ДЕЙІН циклы, ӘЗІРШЕ циклын;
      16) графикалық операторлар және процедураларын;
      17) модельді құрастыру кезеңдерін;
      18) электрондық кестелердің міндеті мен мүмкіндіктерін;
      19) электрондық кестенің негізгі ұғымдарын;
      20) электрондық кестедегі сандық пішімдерін;
      21) толтыру маркерлерінің міндетін;
      22) деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеуін;
      23) электрондық кестелердегі сілтемелер қағидасын;
      24) стандартты функцияларды пайдалануын;
      25) диаграммалар және графиктерді салуын;
      26) компьютерлік желілердің міндетін;
      27) жергілікті желіні ұйымдастыру қағидаларын;
      28) Интернет желісінің қызметтер міндетін;
      29) жобалық іс-әрекетте жұмыс істеу дағдыларын.
      59. 8-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
      1) қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
      2) сандарды екілік, сегіздік, ондық және он алтылық санау жүйелерінде жазуды;
      3) сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды;
      4) ақиқат кестесін құруды;
      5) есептерді шығарғанда логикалық функцияларды пайдалануды;
      6) компьютердің қосымшана құрылғыларын баптауды;
      7) тармақталу және циклдік алгоритмдер негіздерінде программалар құруды;
      8) программалау ортасында жұмыс істеудің графиктік тәртібін пайдалануды;
      9) компьютерлік модельдер құруды;
      10) электрондық кестелерге деректерді енгізуді ұйымдастыруды;
      11) электрондық кестелер арқылы қарапайым кестелік есептеулер жүргізуді;
      12) диаграмма және графиктарды салуды;
      13) Интернет қызметтерінің негізгі жұмыс істеу қағидаларын түсіндіруді;
      14) жергілікті желі бойынша ақпаратты жіберуді және қабылдауды.
      60. 9-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
      1) қауіпсіздік техника ережесін;
      2) ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын;
      3) қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етудің даму үрдісін;
      4) қызметтік программаларын;
      5) программалау тілінде файлдармен жұмыс істеу амалдарын;
      6) массив ұғымын;
      7) символдық және жолдық мәліметтерге орындалатын амалдарын;
      8) есептеу экспериментін;
      9) деректер қоры ұғымын;
      10) деректер типін;
      11) деректер қорының құрылымын;
      12) деректер қорының кестесінде жазуларды іздеу және сұрыптау тәсілдерін;
      13) видеофайлдардың пішімін;
      14) видеомен жұмыс істеу кезеңдерін;
      15) видеомонтаж тәсілдерін.
      61. 9-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:
      1) қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратпен жұмыс істеу ережелерін сақтауды;
      3) қызметтік программаларды қолдануды;
      4) программалау тілінде файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды;
      5) салынған циклдермен программаларды құруды;
      6) программаларды құруда массивтерді пайдалануды;
      7) өңделген символдық алгоритмдерді программалауды;
      8) программалау тілі арқылы модельдер құруды;
      9) электрондық кестеде деректер қорын құруды;
      10) электрондық кесте арқылы деректерді іздеуді және сұрыптауды ұйымдастыруды;
      11) видео ақпаратты программалық құралдар арқылы өндеуді.
      62. Жеке тұлғалық нәтижелер:
      1) өз меншік жеке және топтық іс-әрекетін жоспарлау қабілеттіліктері;
      2) оқу және практикалық іс-әрекетте коммуникативтік құзыреттілік пен ақпараттық мәдениеті;
      3) қабылданған ақпаратқа талдау және сын көзбен бағалау дағдылары;
      4) өз іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары мен ақпараттық көздерді пайдалануды;
      5) салауатты өмiр салтының құндылықтарын және негiзгi гигиеналық, эргономиялық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құрал-жабдықтарды қауiпсiз пайдалану техникалық шарттарын қабылдай білуді;
      6) жеке меншік өмір туралы ақпаратқа дұрыс көзқараспен қарауды;
      7) оргтехникаға ұқыпты қарауды.
      63. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
      1) оқыту, тестілеу-программалары және тренажер-программаларымен жұмыс істеуді;
      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен қоса сандық тұрмыстық техниканы басқару, оны баптау;
      3) қарапайым құрылымды құжаттарды, суреттерді дайындау;
      4) ақпараттық объектілерді құруды, оның ішінде оқу жұмыстарының нәтижесін рәсімдеу;
      5) жеке ақпараттық кеңістікті ұйымдастыруда, жеке ақпараттық объектілері коллекциясын құру;
      6) мәтіндік және мультимедиалық объектілерді құру;
      7) оқу іс-әрекетінде электрондық кестелер мүмкіндіктерін пайдалану;
      8) кестелік процессор арқылы есептерді шығару және есептеулерді автоматтандыру;
      9) деректер қорында ақпараттарды сақтау;
      10) күнделік өмірде кездесетін объектілері мен жағдайларды модельдеу;
      11) векторлық және растрлық графикалық объектілерді, видеобъектілерді құруды;
      12) күрделі емес математикалық және физикалық есептерді шешу үшін әртүрлі алгоритмдік құрылымдарды құру;
      13) дүниежүзілік ауқымды желіден ақпарат алуды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет