Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет51/76
Дата09.06.2016
өлшемі4.66 Mb.
#123802
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76

5. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      41. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.


      42. Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеруі тиіс» аспектілерімен көрсетілген.
      43. 7-сынып оқушылары білуі тиіс:
      1) ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялық қорытындылар);
      2) ғылыми таным әдістері (бақылау; эксперимент);
      3) ұғымдар (физикалық құбылыстар, физикалық заңдар, заттар, материалдық нүкте, траектория, жол, орын ауыстыру, өзара әсерлесу);
      4) шамалар (жол, жылдамдық, масса, тығыздық, күш, қысым, жұмыс, қуат, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия);
      5) заңдар (Паскаль, Архимед);
      44. 7-сынып оқушылары меңгеруі тиіс:
      1) зерттеудің эксперимент әдiстерін пайдалана алуы: бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлау және орындау, физикалық құралдардың бөлік құнын және өлшеу қателіктерін анықтау;
      2) қолданыстарын білуі: физика бойынша теориялық білімдерін әр түрлі қызмет саласындағы өмірлік есептерді шешкенде;
      3) физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру: бірқалыпты түзусызықты қозғалыс, сұйықтар мен газдардағы қысымның берілуі, денелердің жүзуі;
      4) физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану: ара қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш, қысым;
      5) пайдалана алуы: игерген білім, білік, дағдысын күнделікті өмірде, тұрмыста, қоршаған ортаны қорғауда;
      6) келтіре білуі: физикалық шамалардың еселік және үлестік өлшем бірліктерін және өлшеу нәтижелерін ХБ жүйесіне.
      45. 8-сынып оқушылары білуі тиіс:
      1) ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялық қорытындылар);
      2) ғылыми таным әдістері (бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру, зерттеулердің қорытындысы және оларды тексеру);
      3) ұғымдар (заттың дискреттік құрылысы; жылулық қозғалыс; молекулалар қозғалысының жылдамдығы; температура; ішкі энергия; жұмыс ішкі энергияны өзгертудің тәсілі ретінде; жылу өткізгіштік; конвекция; сәуле шығару; жылу мөлшері; заттың меншікті жылу сыйымдылығы; калориметр; отынның меншікті жану жылуы; заттың агрегаттық күйлері; қатты денелер; кристалл және аморф денелер; деформация; жылулық ұлғаю; балқу және қатаю; меншікті балқу жылуы; сұйық; булану; конденсация; қайнау; қайнау температурасы; меншікті булану жылуы және конденсацияның меншікті жылуы; газ; газдың көлемі және қысымы; газ және бу ұлғайғандағы жасалынатын жұмыс; іштен жану двигателі; жылу двигателінің пайдалы әсер коэффициенті; денелердің электрленуі, электр заряды, электр зарядтарының екі тегі, электр өрісі, электр өрісінің күш сызықтары, кернеулік, потенциал, электр өрісінің жұмысы, электроскоп, конденсатор, электрсыйымдылығы; электр тоғы: тоқтың бағыты, тоқ күші, электр тізбегі, электр кернеуі, электр кедергісі, меншікті кедергі, өткізгіш, диэлектрик, жартылай өткізгіш, тұрақты ток, амперметр, вольтметр, омметр, реостат, тоқ көздері, тоқтың жұмысы мен қуаты; газ разряды, электролиз, плазма, анод, катод);
      4) шамалар (ішкі энергия, температура, жылу мөлшері, отынның меншiктi жану жылуы, меншікті жылу сыйымдылық, меншікті балқу жылуы, меншікті булану жылуы, ауаның ылғалдылығы, электр заряды, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электр тогының жұмысы және қуаты, линзаның фокустық арақашықтығы).
      5) заңдар (молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, жылулық және механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу, Кулон, Ом, Джоуль-Ленц, электролиз).
      46. 8-сынып оқушылар меңгеруі тиіс:
      1) пайдалана алуы: табиғат құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері, бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлап және орындау, өлшеу нәтижелерді өңдеу, формулалар, кестелер, графиктер арқылы ұсыну, физикалық шамалар арасында тәуелдiлiк орнату, алған нәтижені түсіндіру, қорытынды жасау, өлшеу нәтижесіндегі қателіктерді бағалау;
      2) қолданыстарын білуі: жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылығы, электр құбылысы бойынша теориялық білімдерін әр түрлi жұмыс салаларында өмірлік тәжірибеде шешу үшін;
      3) физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру: физикалық құбылыс, диффузия, заттың агрегаттық күйлері, жылу берілудiң түрлерi, жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену, булану, конденсациялану, қайнау, балқу, кристалдану, денелердің электрленуі, электр зарядының әрекеттесуі, магниттердің әсерлесуі, тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, токтың жылулық әсері, электромагниттік индукция, шағылу, жарықтың сынуы және шағылуы, дисперсиясы.
      4) физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану: қысым, температура, ауаның ылғалдылығы, ток күші, кернеу, электр кедіргісі, электр тогының жұмысы мен қуаты, электр тогы;
      5) өлшеу нәтижелерін кесте, сызба, графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер негізінде көрсету: суыған дененің температурасының уақытқа тәуелділігі, заттың агрегаттық күйi өзгерiсіндегі заттың температурасының уақытқа тәуелдігі, тізбектегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі, түсу бұрышының шағылу бұрышына, шағылу бұрышының түсу бұрышына тәуелділігі;
      6) келтіре білуі: физикалық шамалардың өлшем бірліктерін және өлшеу нәтижелерін ХБ жүйесіне.
      47. 9-сынып білуі тиіс:
      1) ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, түсініктер, заңдар, теориялық қорытындылар);
      2) ғылыми таным әдістері (бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру, нәтижелерден қорытындысы және оларды тексеру;
      3) ұғымдар (физикалық құбылыстар, физикалық заң, материялық нүкте, орын ауыстыру, лездік жылдамдық, үдеу, инерциялық санақ жүйесі, инерциялық емес санақ жүйесі, инерция, масса, күш, дененің салмағы, салмақсыздық, тұйық жүйе, дене импульсі және импульс күші, реактивті қозғалыс; гармониялық тербеліс, көлденең және қума толқын, фотон, фотоэффект, фотоэффектінің қызыл шекарасы, ядролық реакция; байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды, бөлінудің тізбекті ядролық реакциясы, радиоактивтілік, радиоактивтік ыдырау, ядролардың бөлінуі).
      4) шамалар (жол, жылдамдық, үдеу, күш, импульс, жұмыс, қуат, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, пайдалы әрекет коэффициенті, ішкі энергия, тербелістің амплитудасы, периоды, жиілігі, толқын ұзындығы).
      5) заңдар (Ньютон, Кеплер, бүкіләлемдік тартылыс, Гук, механикалық энергияның және импульстің сақталу, радиоактивті ыдырау).
      48. 9-сынып физика курсын оқу нәтижесінде меңгеруі тиіс:
      1) пайдалана алуы: табиғат құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері, бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлап және орындау, өлшеу нәтижелерін өңдеу, алған нәтижені түсіндіру, қорытынды жасау, өлшеу нәтижесіндегі қателіктерді бағалауда;
      2) қолданыстарын білуі:: физика бойынша теориялық білімдерін әр түрлі қызмет саласында, өмірде;
      3) физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру: кинематика заңдары негізінде тұрақты үдеумен қозғалуы, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы, еркін түсу үдеуі;
      3-1) Ньютонның динамика заңдары, импульс пен энергияның сақталу заңдарын қолдану негізінде әр түрлі механикалық қозғалыстар, денелердің өзара әрекеттесуі;
      3-2) атомдардың энергия шығаруы және жұтуы; жылулық сәулелену және Планктың кванттық гипотезасы, фотоэффект, кванттың энергиясы, рентген сәулелері;
      3-3) ядролық реактордың әрекет ету принципі, тіршілік иелеріне иондаушы сәулелердің әсері; ядролық энергетиканы пайдалануға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар; ядролық физика саласындағы отандық және шетел ғалымдарының жетістіктері;
      3-4) -элементар бөлшектер, нанотехнологиялар, олардың адамзаттың дамуындағы рөлі туралы мәліметтерді;
      4) физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану: ара қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш;
      5) өлшеу нәтижелерін кесте, сызба, графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер негізінде көрсету: уақыттың жүрілген жолға тәуелділігі, серпінділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігі, үйкеліс күшінің нормаль қысым күшіне тәуелділігі, маятниктің тербеліс периодының жіптің ұзындығына тәуелділігі, жүктің тербеліс периодының серіппеге ілінген жүктің массасына және серіппенің қатаңдығына тәуелділігі.
      49. Тұлғалық нәтижелер:
      1) көрсете білуі қажет:
      1-1) өзіндік қалыптасуында танымдық қызығушылық, шығармашылық қабілет, сын тұрғысына ойлау;
      1-2) табиғатты тану мүмкіндіктеріне сенімділік, адамзат қоғамын келешекте дамыту үшін ғылым мен техника жетістігін қажеттілігіне қарай орынды қолдану, ғылым мен техниканың негізін қалаушыларды құрметтеу;
      физикаға жалпы адамзат мәдениетінің элементі ретінде қарау;
      1-3) мәдени құндылықтар жүйесіне және қоршаған ортаға бейімделу біліктілігі;
      1-4) тұлғаға бағытталған әдіс негізінде білім алуға ынталығы;
      50. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
      1) практикалық тапсырмаларды орындағанда (мақсат, әдістер, құрал-жабдықтар, нәтиже) іс-әрекет теориясын қолдануы керек;
      2) өзінің және жобалаған жұмыстарының нәтижесін презентациялағанда дамыған коммуникативтік қабілеттің, көптілділік мәдениетін меңгеру;
      3) практикалық тапсырмаларды орындауда және оларды көркемдеуде, өз білімдерін тереңдетіп, кеңейтуде қазіргі ақпаратты-коммуникативті технологияны қолдану;
      4) функционалдық сауаттылық дағдыларын білу;
      5) жаратылыстану ғылымы мазмұнын әр түрлi ақпарат көздерін қолданып өзігінен iздестiруi жүзеге асыру(оқу мәтіні, анықтама және белгілі ғылыми баслымдар, компьютерлік базалық мәлімет, Интернет ресурстары), әртүрлi формаларда ұсыну және оларды өңдеу (ауызша, графиктер көмегімен, математикалық белгіленуімен, суреттер және құрылымды сызбалармен).

Қазақстан Республикасы  


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 cәуірдегі  
№ 115 бұйрығына     
39-қосымша        

Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9 сыныптары үшін
«Химия» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1.Түсінік хат

      1. «Химия» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген..


      2. Оқытудың мақсаты қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстану ғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз денсаулығына, туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тәрбиелеу болып табылады.
      3. Оқыту міндеттері:
      1) әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;
      2) заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;
      3) химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;
      4) заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;
      5) заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;
      6) адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;
      7) көпұлтты қоғамға сай кіріктірілген білім, құндылық пен қарым-қатынас жүйесін дамыту;
      8) өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;
      9) мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;
      10) негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.
      4. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
      8-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан;
      9-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.
      5. Пәнаралық байланыс келесі оқу пәндерімен жүзеге асырылады:
      1) «Биология» пәнімен:
      оттектің, атмосфералық ауаның, судың және сулы ерітінділердің тірі организмдер үшін биологиялық рөлі және оларды ластанудан қорғау; жасушадағы судың биологиялық рөлі; фотосинтез процесінің маңызы; тірі организмдердегі микро- және макроэлементтердің маңызы; жүйелердегі бейорганикалық және органикалық заттардың маңызы;тұрмыста химиялық заттарды қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.
      «География» пәнімен:
      адамзат тіршілігіндегі судың рөлі және халық шаруашылығындағы және Қазақстан экожүйелеріндегі су ресурстарын қорғау;Қазақстандағы металлургиялық, химиялық және қайта өңдеу кешендері;Қазақстан территориясындағы пайдалы қазбалардың кен орындары;минералды ресурстарды тиімді пайдалану және табиғатты экологиялық қорғау;энергияның альтернативті көздері;
      2) «Алгебра» және «Геометрия» пәндерімен:
      физикалық шамалардың сандық мәндерінің пропорционалдық тәуелділігі;заттың мөлшерлік құрамы бойынша есептеулер;химиялық реакция теңдеулері және формулаларды қолданып есептеулер жүргізу;кеңістіктік конфигурация; молекуланың кеңістіктегі пішіні, молекула құрамындағы атомдар арасындағы валенттік бұрыштар;
      3) «Физика» пәнімен:
      атом, молекула және заттардың құрылысы туралы атом-молекулалық ілім;зат массасының сақталу заңы, Авогадро заңы;ерітінділердің тығыздығы, газдардың салыстырмалы тығыздығы және көлемі;кристалл торларының типтері және құрылысы;атом ядросының құрылысы, изотоптар;жылулық энергия түрі;
      4) «Информатика» пәнімен:
      электронды оқулықтармен, нұсқаулықтармен, виртуальді лабораториямен, тесттік құрылғылармен, аспаптармен жұмыс жүргізу;компьютерлік бағдарламаларды қолданып, ақпаратты-иллюстративтік слайдтар, презентациялар, тесттер, жобалар жасау;
      5) «Тарих» пәнімен:
      химия ғылымының тарихи және ғылыми алғышарттары, ғылыми ашылулар және қазақстандық ғалымдардың ғылым, технология және өндірістің дамуына қосқан үлестері.

2.8 сынып оқу пәнінің базалық мазмұны:

      6. Алғашқы химиялық ұғымдар (18 сағат):


      химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы, химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер, заттар және олардың физикалық қасиеттері, таза заттар және қоспалар, заттарды тазарту әдістері, атомдар және молекулалар, атом-молекулалық ілім және оның маңызы;
      химиялық элементтер, олардың атаулары, таңбалары;
      металдар және бейметалдар туралы түсінік (химиялық элементтер және жай заттар), салыстырмалы атомдық масса, салыстырмалы молекулалық масса, зат мөлшері, мольдік масса, жай және күрделі заттар, химиялық формула, химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі, зат құрамының тұрақтылық заңы, физикалық және химиялық құбылыстар;
      химиялық реакциялар, олардың жүру белгілері және жағдайлары;
      химиялық реакциялардың теңдеулері, зат массасының сақталу заңы, химиялық реакциялардың типтері:қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу;
      табиғаттағы, химиялық реакциялар тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар;
      сандық есептер:
      жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасын және мольдік массасын есептеу;
      химиялық формула бойынша заттың мольдік массасын, массасын және зат мөлшерін есептеу;
      берілген масса немесе зат мөлшері бойынша атомдардың және молекулалардың сандарын есептеу;
      белгілі зат мөлшері бойынша атомдардың (молекулалардың) сандарын есептеу;
      химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеу;
      № 1 көрсетілім: «Заттарды тазарту әдістері», «Жай және күрделі заттардың үлгілері», «Қоршаған ортадағы құбылыстарға мысалдар» (мультимедиа);
      № 1 зертханалық тәжірибе:
      «Заттардың (металдар және бейметалдар) физикалық қасиеттерін танып білу. Физикалық құбылыстар (судың қайнауы, парафиннің және қанттың балқуы). Химиялық құбылыстар (тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі, иістің пайда болуы, заттың түсінің өзгеруі, жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі)»;
      № 2 зертханалық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілеріне және типтеріне тәжірибелер жүргізу; мыс сымын қыздыру; малахиттің ыдырауы. ағаш жаңқасының және парафиннің жануы.»;
      № 1 практикалық жұмыс «Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу; лабораториялық құрылғылармен, химиялық ыдыстармен шыны түтікшелермен, қыздыру құрылғыларымен жұмыс істеу ережелері; сұйықтықты қыздыру ережесіне»;
      № 2 практикалық жұмыс «Лас тұзды қоспалардан тазарту»; № 1 бақылау жұмысы.
      7. Атомның құрылысы. Д.И Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі.Химиялық байланыс (14 сағат):
      атомның құрамы және құрылысы, химиялық элементтердің жіктелуі, Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, атомдық құрылыс теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі;
      периодтық жүйедегі орны және атомдық құрылыс теориясы бойынша химиялық элементерге және олардың қасиеттеріне сипаттама;
      жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер, химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы, адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі;
      химиялық элементтердің электртерістілігі, атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының бірлігі, коваленттік байланыс, полюсті және полюссіз байланыстар, иондық байланыс,металдық байланыс, заттың аморфты және кристалдық күйлері, кристалл торларының түрлері, заттардың қасиеттерінің құрылысына тәуелділігі;
      сандық есептер:
      химиялық формула бойынша қосылыстағы элементтің массалық үлесін есептеу;
      элементтердің массалық үлестері бойынша заттың қарапайым формуласын анықтау;
      № 2 көрсетілім (мультимедиа):
      Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің кестесі;
      адам организміндегі химиялық элементтердің топографиясы» кестесі;
      әр түрлі химиялық байланысы бар заттардың табиғи үлгілері;
      натрий хлоридінің, алмаздың, көміртек (ІV) оксидінің, металдардың кристалдық торларының модельдері;
      № 3 зертханалық тәжірибе «Түрлі химиялық байланысы бар заттардың табиғи үлгілерін зерттеу»; № 2 бақылау жұмысы.
      8. Ауа. Оттегі. Жану. (8 сағат):
      оттегі:
      химиялық элемент және жай зат, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы; жану және баяу тотығу,оксидтер;
      оттектің аллотропиясы, озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы;
      атмосфералық ауа – газдар қоспасы, ауаны ластанудан қорғау, заттардың ауада жануы;
      экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, реакциялардың жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер;
      газдардың мольдік көлемі, Авогадро заңы, газдардың салыстырмалы тығыздығы, химиялық реакциялар барысындағы газдардың көлемдік қатынастары;
      сандық есептер:
      қалыпты жағдайлардағы газдардың көлемдерін есептеу;
      газдардың салыстырмалы тығыздықтарын есептеу;
      термохимиялық теңдеулер бойынша химиялық реакциялардың жылу эффекттісін есептеу;
      оттек және ауа бойынша газдардың салыстырмалы тығыздықтарын есептеу;
      зат мөлшері, мольдік масса, газдың мольдік көлемі, Авогадро заңы сияқты түсініктерді қолданып, формулалар бойынша есептер шығару;
      химиялық реакциялар барысындағы газдардың көлемдік қатынастары түсініктерін қолданып есептер шығару;
      № 3 көрсетілім (мультимедиа):
      оттекті түрлі әдістермен алу;
      оттекте жай заттардың:
      темірдің, күкірттің, фосфордың, көмірдің жануы;
      жылу бөлінетін және сіңірілетін реакциялардың мысалдары;
      № 4 зертханалық тәжірибе «Сутек асқын тотығын катализатор қатысында айыру арқылы оттек алу»; № 3 бақылау жұмысы.
      9. Сутегі «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» (6 сағат):
      сутек – химиялық элемент және жай зат, сутектің изотоптары;
      сутектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы;
      химиялық элементтердің тотығу дәрежелері, формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау, сутектің бинарлы қосылыстары, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш туралы түсінік, тотығу-тотықсыздану реакциялары;
      сандық есептер:
      реакцияға қатысушы немесе реакция нәтижесінде түзілген өнімнің белгілі массасы, зат мөлшері немесе көлемі бойынша заттың массасын, зат мөлшерін, көлемін (газдың) есептеу.
      № 4 көрсетілім (мультимедиа):
      сутекті түрлі әдістермен алу;
      сутектің химиялық қасиеттері;
      № 5 зертханалық тәжірибе «Зертханада сутек алу және оның қасиеттерін зерттеу»; № 4 бақылау жұмысы.
      10. Су. Ерітінділер (8 сағат):
      судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы, табиғаттағы су, су – табиғи әмбебап еріткіш, сулы ерітінділер және жүзгіндер, қоспаларды бөлу жолдары;
      ерітінділер концентрацияларының түрлері, еріген заттың массалық үлесі және мольдік концентрация, қатты заттардың, сұйықтардың және газдардың суда ерігіштігі, кристаллогидраттар;
      судың тірі организмдер үшін маңызы, су және ерітінділердің табиғаттағы, өндірістің түрлі салаларындағы және ауыл шаруашылығындағы маңызы;
      ауыз суын тазарту, Қазақстан Республикасындағы ауыз су мәселесі, су басейнін ластанудан қорғау, Қазақстандағы су ресурстарының экологиялық мәселелері;
      сандық есептер:
      еріген заттың массалық үлесін, еріткіштің, еріген заттың массасын, ерітіндінің массасын тығыздығы бойынша анықтау;
      № 5 көрсетілім (мультимедиа):
      суды тазарту әдістері, суды айдау (дистильдеу);
      мыс тұздарының суда еруі;
      қатты заттарды бөліп алу (ас тұзы, темір жоңқалары);
      бір-бірінде ерімейтін сұйықтықтарды бөлу (күнбағыс майы, су);
      еріген заттың қатты бөлшектерін сұйықтықтан бөлу (қанттың сулы ерітіндісі);
      № 6 зертханалық тәжірибе (мультимедиа):
      судың металдармен (натрий, алюминий, мыс) әрекеттесуі;
      судың кальций және фосфор (V) оксидтерімен әрекеттесуі, индикаторлар көмегімен алынған ерітінділердің ортасын анықтау;
      № 3 практикалық жұмыс «Суды лас қоспалардан тазарту»;
      № 4 практикалық жұмыс «Берілген мольдік үлесі бойынша қант ерітіндісін дайындау», № 5 бақылау жұмысы.
      11. Бейорганикалық заттардың негізгі кластары (14 сағат):
      жай және күрделі бейорганикалық заттардың жіктелуі, металдар және бейметалдар, сілтілік металдар және галогендер, химиялық элементтер және жай заттар;
      натрий және оның маңызды қосылыстары, қасиеттері, алынуы және қолданылуы;
      хлор және оның маңызды қосылыстары, қасиеттері, алынуы және қолданылуы;
      сілтілік металдар, галогендер және олардың қосылыстарының биологиялық рөлдері;
      оксидтер: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы;
      қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы;
      индикаторлар, бейтараптану реакциялары, қышқыл жаңбыр туралы түсінік;
      негіздер: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы;
      тұздар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы;
      жай заттар мен оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар арасындағы генетикалық байланыс;
      кейбір бейорганикалық заттардың табиғатта кездесуі және айналымы; Қазақстан Республикасындағы тұзды көлдер және олардың маңызы;
      сандық есептер:
      химиялық реакция теңдеуі бойынша реакцияға қатысушы немесе реакция нәтижесінде түзілген бір заттың белгілі массасы, мөлшері немесе көлемі бойынша табиғатта жүретін процестер мен химиялық реакция нәтижесінде түзілген өнімнің немесе реагенттің массасын, зат мөлшерін, көлемін есептеу;
      ерітіндінің массасы және еріген заттың массалық үлесі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін және зат мөлшерін есептеу;
      № 6 көрсетілім (мультимедиа):
      оксидтердің, қышқылдардың, тұздардың және негіздердің үлгілері;
      кальций оксидінің сумен әрекеттесуі (әкті сөндіру);
      натрий гидроксидінің ерітіндісін индикатормен сынау;
      лимон шырынын лимоннан бөліп алу және оны суда еріту; лимон шырынын индикатормен сынау;
      № 7 зертханалық тәжірибе:
      «Қышқылдардың химиялық қасиеттерімен (ортофосфор қышқылының мысалында) танысу; негіздердің химиялық қасиеттерімен (натрий гидроксидінің мысалында) танысу; тұздардың химиялық қасиеттерімен (мыс (ІІ) сульфатының және кальций карбонатының мысалында) танысу»;
      № 5 практикалық жұмыс «Бейорганикалық заттардың кластары арасындағы генетикалық байланыс», № 6 бақылау жұмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет