Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет142/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   244
қажет (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 
қыркүйекте № 15725 болып тіркелген). 
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының 
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік 
құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші 
куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі 
істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Алғашқы 


236 
әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың 
құқықтары мен міндеттерін қамтиды. 
Бөлімдер: 
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери 
қауіпсіздігінің кепілі».
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери 
құрылымдарының жалпыәскери жарғылары».
3. «Тактикалық дайындық». 
4. «Атыс дайындығы». 
5. 
«Саптық дайындық». 
6. «Әскери топография». 
7. «
Әскери роботты техникалардың негіздері». 
8. «Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері». 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сабағына білім 
алушылар білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіліп 
белгіленген киім үлгісінде қатысуы тиіс. Қару макеттері және өзге де әскери-
техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі білім беру 
ұйымдарының есебінен іске асырылады. 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-
ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық 
таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке 
деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты 
міндеттерін шешеді. 
Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рөлі мен маңызын 
түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен 
әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген 
қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына 
деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан 
Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің 
тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын 
орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет. 
«
Әскери роботты техникалардың негіздері» бөлімі: Әскери роботты 
техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды 
әскери істе пайдалануды. Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу 
траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және 
алгоритмдерін. Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын 
қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде 
бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды. 
«Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері» бөлімінде – 
азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар 
Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи 
апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-
шаралармен таныстырады. 
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта 
«Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу 


237 
жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы 
жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті 
болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. 
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік 
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша 
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-
2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу 
ұсынылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 
бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша 
оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 10-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат, сондай-ақ далалық 
оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған. 
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық 
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы: 
1) әскери іс, белгілеуді, ұйымдастыру құрылымын, штаттық
қаруландыруды және техниканы, төменгі тактикалық буын бөлімшесінің 
мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, робототехника және IT-
технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын 
ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, 
террористік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау жүйесін және әрекет 
ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару 
және апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл ұйымдастыруды; 
штаттық қаруды, қорғанудың дербес және ұжымдық құралдарының, 
радиобелсенді және химиялық бақылау құрылғыларының атқаратын қызметін, 
құрылысы мен қолдану тәртібін, сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялауды, 
жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; алғашқы 
медициналық көмектің міндеттері мен түрлерін, жолда жүру ережесін біледі; 
2) әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық, 
химиялық, биологиялық (бактериологиялық) қарулардың және басқа да 
адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарының әсер ету 
ерекшеліктерін, оларды қолданған кезде шаруашылық нысандарына, қоршаған 
ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы 
төтенше жағдайдың салдары мен келтіруі мүмкін экономикалық және 
экологиялық шығынын түсінеді;
3) орын алған әртүрлі жағдаятта ұрыс алаңында сарбаздың рөлінде, 
радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы 
ретінде әрекет етуді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану 
құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік шалғанда, 
күн өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы медициналық 
көмек көрсетуді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің 
түрлі бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы 
медициналық көмек көрсетуді; интернет байланысты, аудио-визуалды 


238 
технологияларды пайдаланады, робототехника дағдыларын меңгереді, сандық 
фото және бейне жабдықтарды қолданады; 
4) зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы 
мүмкін тосын жағдайды; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың 
салдарын талдайды; 
5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін 
тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы 
төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмін жинақтайды; 
6) 
қабылданған шешімнің салдарын бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет