Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Математика бойынша қорытынды аттестаттау



Pdf көрінісі
бет168/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   244
Математика бойынша қорытынды аттестаттау 
Қорытынды аттестаттау аясында алгебра және анализ бастамалары 
бойынша жазбаша емтихан, қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін 5 
тапсырмадан, жаратылыстану-математикалық бағыт және математиканы 
тереңдетіп оқытатын мектептер (сыныптар) үшін 6 тапсырмадан тұрады. 
Тапсырмалар теориялық материалды, ұғымдар мен тәсілдерді меңгеру 
дәрежесін, есептерді шешу біліктерін, функционалдық сауаттылық деңгейін 
айқындауға бағытталған. 
Кез келген жазбаша емтиханды өткізу барысында басты назар оқыту 
бағытына, емтихан тапсырмаларының мазмұнына, жазбаша жұмысты 
рәсімдеуге және бағалауға аударылуы керек. 
Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан тапсырмаларының 
мазмұны туралы 
І. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныптарында оқыту бағыттар 
бойынша жүргізіледі, сонымен қатар жекелеген мектептерде (сыныптарда) 
математика пәні тереңдетіліп оқытылады. Сондықтан емтихан тапсырмалары 
оқыту бағыттарына (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-
математикалық бағыт, математиканы тереңдетіп оқыту) сәйкес құрастырылуы 


277 
тиіс.
ІІ. Емтихан тапсырмаларының мазмұны оқыту бағытына сәйкес «Алгебра 
және анализ бастамалары» пәні оқу бағдарламасының барлық тарауларын 
қамтуы тиіс. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу 
бағдарламасының тараулары төмендегі 103-кестеде келтірілген. 
103-
кесте. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу 
бағдарламасының тараулары 
Қоғамдық-гуманитарлық 
бағыт 
Жаратылыстану-
математикалық бағыт 
Математиканы тереңдетіп 
оқыту 
10-
сынып 
Функция, огың қасиеттері 
және графигі 
Функция, огың қасиеттері 
және графигі 
Функция, огың қасиеттері 
және графигі 
Тригонометриялық 
функциялар 
Тригонометриялық 
функциялар 
Тригонометриялық 
функциялар 
Тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық 
теңдеулер мен теңсіздіктер 
Тригонометриялық 
теңдеулер мен теңсіздіктер 
Туынды
Туынды
Туынды
Туындының қолданылуы
Туындының қолданылуы
Туындының қолданылуы
11-
сынып 
Алғашқы 
функция 
және
интеграл 
Алғашқы функция және
интеграл 
Алғашқы функция және
интеграл 
Дәреже және түбір. Дәрежелік 
функция 
Дәреже 
және 
түбір. 
Дәрежелік функция 
Дәреже 
және 
түбір. 
Дәрежелік функция 
Көрсеткіштік 
және 
логарифмдік функциялар 
Көрсеткіштік 
және 
логарифмдік функциялар 
Көрсеткіштік 
және 
логарифмдік функциялар 
Көрсеткіштік 
және 
логарифмдік теңдеулер мен 
теңсіздіктер 
Көрсеткіштік 
және 
логарифмдік теңдеулер мен 
теңсіздіктер 
Көрсеткіштік 
және 
логарифмдік теңдеулер мен 
теңсіздіктер 
Теңдеулер және теңсіздіктер, 
теңдеулер мен теңсіздіктер 
жүйелері
Теңдеулер 
және 
теңсіздіктер, теңдеулер мен 
теңсіздіктер жүйелері
ІІІ. Көрсетілген тарауларды ескере отырып, емтихан жұмыстарының 
тапсырмаларын «Есептеулер», «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру», «Теңдеулер 
мен олардың жүйелері», «Теңсіздіктер мен олардың жүйелері», «Функция және 
оның графигі», «Мәтіндік есептер» бөлімдері бойынша құрастыру ұсынылады. 
Мәтіндік есептер жазық фигураның ауданы және дене көлемін табу, ең үлкен 
немесе ең кіші мәнді табу есептерін және т.б. құрайды. Барлық тапсырмалар А, 
В, С, деңгейлеріне бөлінеді: 

А деңгейінің тапсырмаларын орындау үшін білім алушыларда күрделі 
емес есептеулер мен түрлендірулерді, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің 
стандарт тәсілдерін меңгеру бойынша базалық білімдері мен дағдылары болуы 
тиіс; 

В деңгейі – күрделілігі орташа деңгейдегі тапсырмалар;

С деңгейі тапсырмаларын орындау үшін білім алушыларда оқу 
бағдарламасымен бекітілген көлемде терең теориялық білімі болуы тиіс.


278 
Оқыту бағытын ескере отырып, бақылау жұмысындағы емтихан 
тапсырмаларын төмендегідей бөлу ұсынылады: 
1) қоғамдық-гуманитарлық бағыты сыныптары үшін үш тапсырма - А 
деңгейі, бір тапсырма – В деңгейі, бір тапсырма – С деңгейі, барлығы 5 
тапсырма (3А + 1В + 1С);
2) жаратылыстану-математикалық бағыты сыныптары үшін үш тапсырма 

А деңгейі, екі тапсырма - В деңгейі, бір тапсырма - С деңгейі, барлығы 6 
тапсырма (3А + 2В + 1С);
3) физика-математикалық мектеп сыныптары (математиканы тереңдетіп 
оқытатын) үшін 1 тапсырма – А деңгейі, 3 тапсырма – В деңгейі, екі тапсырма – 
С деңгейінен, барлығы 6 тапсырма (1А + 3В + 2С).
Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалау 
Математика пәнінен бағаны қою кезінде маңызды және маңызды емес 
қателерді атауға болады. 
104-
кесте. Математика пәні бойынша маңызды және маңызды емес 
қателер 
Маңызды
Маңызды емес 
Білім алушылардың формулаларды, 
ережелерді, 
негізгі 
қасиеттерді, 
теоремаларды 
білмейтінін 
және 
қолдана 
алмайтынын 
көрсететін 
қателер 
Тұжырымдамаларды 
анықтамаларды, 
теоремаларды, теориялық материалды беруде 
дәлдіктің болмауы 
Оқулықта қарастырылған есептерді 
шығару тәсілдерін білмеуі 
Графиктерді салуда дәлдіктің болмауы 
Функция графиктерін салу мен оқуды 
білмеуі 
Тиімсіз шешімді қолдануы 
Есептеу қателері, егер ол жаңылыс 
жазу болмаса 
Шешуде 
негіздеменің, 
түсініктеменің 
жеткіліксіз болуы немесе болмауы 
Логикалық қателер 
Жазулардың, сызбалар мен графиктердің 
ұқыпсыз орындалуы
Түбірдің жоғалуы немесе жауабында 
бөгде түбірдің болуы 
Жауапты қысқартылатын бөлшек түрінде 
жазу, бөлімінде иррационалдықтың болуы 
Емтихан жұмысын бағалау кезінде елеулі және елеусіз қателердің 
сипаттамасына көңіл бөлінуі керек. Елеулі және елеусіз қателерді ажырата білу 
өте маңызды. Көрнекті емес жағдайларды міндетті түрде негіздеу қажет. 
Мысалы, теңдеудің екі жағын квадраттауды түсіндіру, квадрат теңдеудің 
жалпы формулаларын, тригонометрия формулаларын және т.б. жазу қажет 
емес. Бірақ бөгде түбірдің болуын, түбірлердің болмауын, жазық фигураның 
ауданын және дененің көлемін табуды суретте қосымша сызықтарды жүргізуді 
және т.б. міндетті түрде негіздеп көрсету қажет.
Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалауға 
төмендегідей ұсыныстар жасалады.


279 
105-
кесте. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жазба 
жұмыстарын бағалау критерийлері 
«5» 
«4» 
«3» 
«2» 
Жұмыс толығымен 
орындалған: 
5 (ҚГБ), 6 (ЖМБ, 
тереңдетіп 
оқыту) 
тапсырма 
Жұмыста 4 (ҚГБ), 4 
немесе 6 (ЖМБ, 
тереңдетіп 
оқыту) 
тапсырма 
дұрыс 
орындалған 
(деңгейіне 
байланысты емес) 
Жұмыста 3 тапсырма 
дұрыс 
орындалған 
(деңгейіне 
байланысты емес) 
Тапсырмалардың 
жартысынан 
көбі 
орындалмаған 
Жұмыста 
математикалық 
қателер жоқ 
Бір 
қате 
немесе 
түрлендірулер мен 
есептеулерде, 
суреттер 
мен 
графиктерде екі-үш 
кемшіліктер 
жіберілген 
Екі-үш қате немесе 
түрлендірулер мен 
есептеулерде, 
суреттер 
мен 
графиктерде үш-төрт 
кемшіліктер 
жіберілген, 
бірақ 
білім алушы міндетті 
білім мен білікті 
меңгерген. 
Білім 
алушының 
тақырып 
бойынша 
міндетті білім мен 
біліктігін 
меңгермегенін 
көрсететін 
үштен 
артық қате жіберілген 
Материал 
мазмұнының 
логикалығы 
және 
толықтығы 
Материалды 
баяндауда жекелеген 
дәлсіздіктер 
жіберілген 
Материалды баяндау 
логикасы бұзылған, 
материал толығымен 
ашылмаған 
Материалды баяндау 
логикасы бұзылған 
Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын 
рәсімдеу 
Емтихан жұмысын рәсімдеуде емтихан тапсырмаларын орындау 
барысында келесі талаптар сақталуы тиіс:

есептің шығарылуының дұрыстығы;

есептің шығарылуының негізделуі;

есептің шығарылуының толықтығы; 

есептің шығарылуының тиімділігі; 

емле ережесінің сақталуы. 
Суреттер, кестелер, графиктер және т.б. қаламмен салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет