272
бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылады. Бұл деңгейде қазіргі әлемде және
Қазақстанда шетел тілін білудің маңыздылығы мен қажеттілігін, болашақ
мансабында кәсіби даму үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынын түсінуді
қалыптастыру қажет.
Шетел тілі сабақтарындағы аутентті материалдарды
пайдалану - жас
ерекшеліктері мен жоғары сынып білім алушыларының тұлғалық мүддесіне
жауап беруі, кәсіптік бағдар элементтерімен, таңдалған мамандық
ерекшеліктерімен және болашақ мамандықты меңгерудегі шетел тілінің
рөлімен танысуды, ғылыми-техникалық
және мәдени прогреске тартуды,
таңдаған бейіндік бағыт саласындағы жалпы ой-өрісін кеңейтуді қамтамасыз
етуі тиіс.
Бейіндік бағыттағы оқу материалдарымен жұмыс істеу кейбір
продуктивті, рецептивті тілдік минимумдарды ұлғайтуға, сонымен қатар әрі
қарай колледждер мен жоғары оқу орындарында
кәсіби бағдарлы базаны
жалғастырып оқуға мүмкіндік беретін сөйлеу қызметінің барлық түрінде
білімін, шеберлігі мен дағдысын арттыруға бағытталған болуы керек.
Оқытудың мазмұнын және оқытудың шығармашылық-креативті деңгейін
арттыруға қабілетті білім беру технологиялары жалпыеуропалық стандартқа
сәйкес шет тілін В1+ (В2) деңгейінде меңгеруді қамтамасыз етуі тиіс. Білім
алушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын меңгеруі, әңгімелесу барысында
тілдік
материалды пайдалануы, белгілі бір тақырыптар шеңберінде
коммуникативтік міндеттерге сәйкес ауызша және жазбаша түрдегі
монологиялық және диалогтік сөздерді оқуы, түсінуі және ой қорытуы тиіс.
Шетел тілі бойынша сағат саны:
қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
11-
сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында 136 сағатты;
жаратылыстану-математикалық бағытта:
11-
сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Білім алушы дәптерлерінің саны мен түрлеріне, білім алушы дәптерін
жүргізуге қойылатын негізгі талаптарға және дәптерлерді тексеруге
қойылатын негізгі талаптарға берілетін ұсыныстар өзгеріссіз қалады.
Достарыңызбен бөлісу: