Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


  Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл



Pdf көрінісі
бет173/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   244
7. 
Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл; 
8. 
Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі 
мәрте Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», төрт мәрте «Қызыл Ту», «Александр 
Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар 
медальдардың иегері Леонид Игнатьевич Беданың туғанына 100 жыл. (1920 
жыл.16 тамыз); 
9. 
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың 
иегері Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан); 
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге 
асады: 

базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, 
мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру; 

таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен 
олимпиадалар жүргізу; 

оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 

кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген 
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге 
үйретеді. Сонымен қатар, теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және 
білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 

«
Өзін-өзі тану» оқу пәні 
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай 
мектептің жоғары сатысындағы 11 сыныптың базалық мазмұнында негізгі төрт 
тарауды қамтиды: «Таным тағылымдары»; «Адам болам десеңіз...»; 
«Жарасымды өмір салтанаты»; «Кең дүние келбеті». 
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға 
34 сағат.
Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың білім сапасын бағалау 
Жалпы білім беретін мектептің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-11 


295 
сыныптарына арналған оқу бағдарламаларындағы 11-сынып бағдарламасында 
белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» 
негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық 
құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын 
жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) 
қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық 
емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда 
«сынақ» деген баға қойылады. 
Оқушы 11-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық 
деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне 
сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет