Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет172/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   244
Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер: 
Жалпы білім беру деңгейінде тарих пәндерін оқытуда білім алушылардың 
жас және танымдық ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зерттеу және 
жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар 
көбірек қолданылуы керек. Мысалы, талдамалық эссе мен есеп жазу, 
салыстырмалы талдау жасау және тағы басқалар. 
Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, 
жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың дербес 
танымдық қызметін ұйымдастыру, практикалық және шығармашылық 
тапсырмалар, конференция, дебат, дискуссия, рөлдік ойындар, кейс әдісі, 
іскерлік ойындар, пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану 
ұсынылады. 
Отандық және дүниежүзі тарихының кейбір тақырыптарын кіріктіріп 
оқыту ұсынылады. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның 
сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет 
т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін 
қалыптастыру оқу процесінің коммуникативтік әлеуетін біршама арттырады.
Жалпы білім беру деңгейінде тарихи және қоғамдық білім берудің негізгі 
мәселелерінің бірі білім алушылардың білімді өз бетінше игеруі болып 
табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті білім мазмұнына сәйкес 
сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және 
сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін білім 
алушылардың әрқайсысы тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, 
олардың сабақтастық байланысын түсінуіне мүмкіндік беретін тәсілдерді 
қолдану ұсынылады. 
«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді тәжірибеде қолдану тез 
өзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, өз елінің игілігі үшін жауапты 
Қазақстан 
Республикасының 
зияткер, 
әлеуметтік-рухани 
азаматын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пәнді оқытуда оқылған материалдарды ашу 
мен нақтылауға, оны білім алушылардың жеке әлеуметтік тәжірибесі, жеке 
бақылауы, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі туралы 
қалыптасқан түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану 
ұсынылады. 
Оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды дәстүрлі 
әдістермен сәйкестендіре отырып белсенді қолдану ұсынылады. Жобалық 
тақырыптар және шығармашылық тапсырмаларды (хабарлама, презентация, 
жобалар, коллаждар және т.б.) білім алушыларға алдын ала беру қажет. 
Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың 
тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны 
«Рухани жаңғыру» идеясына және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» 
бағдарламасына сай болуы қажет. Тарих және қоғамдық пәндер бойынша 
рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде 
жүзеге асыру ұсынылады. 


292 
Рухани жаңғыру бағдарламасы материалдарын оқу тәрбие процесіне 
қолдануға 
арналған 
әдістемелік 
ұсынымдар 
академия 
сайтында 
орналастырылған: (
https://www.nao.kz
 
/
Білім беруді ғылыми-әдістемелік 
қамтамасыз ету/ 
Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған интерактивті 
сабақты өткізу бойынша әдістемелік ұсыным./ 
Мектеп 
бітірушілерді 
қорытынды 
аттестаттау 
бойынша 
ұсынымдамалар. 
Бітіру смтиханын өткізу формалары: 
Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан билеттер бойынша 
жүргізіледі. Құрастырылатын билеттердің саны – 30; әр билетте 3 сұрақ 
болады, оның екі сұрағы– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан 
тарихы курсының негізгі бөлімдері мен тақырыптарының теориялық 
материалдары бойынша, үшінші сұрақ – практикалық түрде беріледі (тарихи 
карталар, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).
Ауызша емтиханда білім алушы дайындалу үшін кем дегенде 20 минут 
уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған 
екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиді). 
Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мазмұнына 
қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері: 
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік бітіру емтихандарына 
емтихан материалдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі 
Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленеді.
Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттерінің құрылымы 
мен мазмұны: 
1-2- 
сұрақтар ежелгі және орта ғасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы 
Қазақстан тарихы курсы материалдарын; 
3-
сұрақ практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин 
сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама және т.б.) қамтиды. 
Әрқайсысы ең жоғары 10 балмен бағаланатын 1 және 2 сұрақтарды 
бағалауға қойылатын талаптар:

базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл; 

жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл. 
Базалық деңгей: 

Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді 
білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.
Жоғары деңгей: 

қосымша тарихи, хронологиялық, картографиялық деректер негізінде 
қоғамдық-саяси жағдайды сипаттау, тарихи оқиғаларды талдау, жүйелеу, себеп-
салдарлық байланыстарды анықтау; 

жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау. 
Тарихи карталармен, терминологиямен жұмыс және тарихи тұлғаларды 
сиптаттау барысында билеттің 3-сұрағын максималды 10 балмен бағалауға 
келесі талаптар қойылады: 

тарихи картадан оқиғалар мен нысандарды көрсету; 


293 

тарихи фактілерді, құбылыстар мен процестерді тірек-сызбаларға 
түсіру, хронологиялық тізбек құру; 

тұлғаға тарихи сипаттама беру және оның тарихта алатын орнын 
бағалау; 

иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.  
Төмендегі 109- кестеде қорытынды аттестаттаудың бағалау критерийлері 
берілген. 
109-
кесте. Қорытынды аттестаттаудың бағалау критерийлері 
№ 
Критерийлер 
Балдары 

Жалпы білім деңгейі 
1 балл 

Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерді пайдалану 
5 балл 

Логикалық және талдамалық ойлауы және баяндау стилі 

балл 

Тарихиматериалдыашудағдылары 

балл 

Сындарлы тұжырымдар мен қорытындылар жасау мүмкіндігі 

балл 
Ескерту: Билеттің әрбір 3 сұрағына жауап 10 (он) балмен бағаланады. 
Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 балды құрайды.
Сұрақтарға жауап беру барысында жинақтаған балды бес балдық бағалау 
жүйесіне ауыстыру шкаласы төменде 110-кестеде көрсетілген.
110-
кесте. Баллды бес балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы 
Бағалаудың бес балдық жүйесі 
бойынша баға 
«2» 
«3» 
«4» 
«5» 
Жалпы балл 
0-4 
5–16 
17–24 
25–30 
Емтихан жұмысының ұзақтығы сыныптағы білім алушы санына 
(параллелдердегі) байланысты.
Емтиханда заманауи техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдануға 
тыйым салынады. Барлық қосымша қажетті материалдарды (карталар, 
сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: 
http://www.tarih-begalinka.kz

http://www.e-history.kz

http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
.  
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru

http://historic.ru

http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық
өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-
қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын 
әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:
«Тарих» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және 
жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық 


294 
шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
1. 
Ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдірұлы 
Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз); 
2. 
Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 
жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан); 
3. 
ҚҒА Тұңғыш президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш 
Сәтбаевтың туғанына 120 жыл 
4. 
Республикалық «Казахстанская правда» газетінің шыққанына 100 
жыл. (1920 жыл.1 қаңтар); 
5. 
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың 
иегері Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.1 
сәуір); 
6. 
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, 
қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси 
қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175жыл. (1845 жыл.10 тамыз); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет