Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Тіркелу үшін тұтынушының ЖСН-інің болуы міндетті емес



Pdf көрінісі
бет24/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   244
Тіркелу үшін тұтынушының ЖСН-інің болуы міндетті емес. Ата-
аналарға тіркелу үшін тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін және жынысын 
хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін талап 
етілмейді. Ата-аналардың тіркелуі өз қалауы бойынша іске асады, себебі, 
үлгерім туралы ақпаратпен қатар, ата-ана, мұғалімдер және мектеп 
әкімшілігінен жеке хабарлама да ала алады.


32 
Осындай жолмен, ата-аналар мен педагогтер арасында тікелей онлайн 
коммуникация орнатылады. Сонымен қатар, келешекте, мысалы, Ата-аналар 
кеңесі және т.б. ата-аналарға арналған ақпараттық бөлімдер қосылады.
«Kundelik.kz» жүйесінде жыл басында бір-ақ рет таңдап алынатын 
журналдың екі түрі бар, олар – жаңартылған мазмұнға кірген 1-10-сыныптарға 
арналған «Критериалды бағалау журналы» және 11-сыныптарға арналған 
«Классикалық журнал». 
Жиынтық бағалау журналында оқу бағдарламасы бөлімдері үшін 
жиынтық бағалаудың ең жоғарғы санын қою және ең жоғарғы балл көрсетілген 
баған қарастырылған. 
Егер оқу бағдарламасының бөлімдері аз болса (мысалы 2 бірлік), онда 2 
артық жиынтық жұмыстарының ең жоғарғы балын көрсету қажет емес.
Жиынтық бағалау журналына: 
• 
бөлім бойынша әр жиынтық жұмысының (БЖБ) балы – жиналған 
балдардың сомасы мен оқу жетістіктерінің тиісті деңгейі; 
• 
оқу кезеңінің жиынтық жұмыстары (ТЖБ) бойынша балы –
ерекшеліктерге сәйкес жиналған балдардың сомасы; 
• 
оқу кезеңі бойынша баға - оқу кезеңінің ішінде барлық жиынтық 
жұмыстарға белгілі бір пайыздық арақатынасында берілген балдар сомасы;
• 
жылдық баға – шкалаға сәйкес барлық оқу кезеңі бойынша ықтимал ең 
жоғарғы балға жиналған соманың пайыздық арақатынасы. 
Пайыздарды шығару үшін балды енгізген кезде браузер парақшасын 
жаңарту керек: парақшада «Ctrl+F5» пернесінің комбинациясын басу керек. 
Егер балды түзету немесе жою қажет болса, онда курсорды қажетті балға 
қойып, түзету немесе жою, содан кейін пернетақтадағы «Enter»-ді басу керек. 
Егер қателесіп басқа бөлім толтырылатын болса, онда алдымен балдарды 
жойып, содан кейін ғана ең жоғарғы балды жоюға тура келеді. 
Жиынтық бағалауды қою үшін алдымен «Ең жоғарғы балды», содан кейін 
БЖБ-лар мен ТЖБ-ларды қою керек. 1-сыныптарда БЖБ-лар мен ТЖБ-ларды 
тек 3-4-тоқсандарда қою қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет