Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тапсырмаларын



Pdf көрінісі
бет20/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   244
 
Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тапсырмаларын 
мұғалімдер өздігінен әзірлейді. 
Қалыптастырушы
 
бағалау бойынша есеп 
беру құжаты болуының қажеттілігі жоқ. 
 
Қалыптастырушы
бағалау кезінде мұғалімнің өзі білім алушылардың 
санын және кері байланыс жиілігін анықтайды. 
Қалыптастырушы
бағалаудың нәтижелерін тіркеу формасын мұғалім өзі 
(сандық, графикалық, балдық) дербес анықтайды. 
Қалыптастырушы
бағалау 
нәтижелері мұғалімнің есептік құжаты болып табылмайды. 
 


27 
 
 
Критериалды бағалау рәсімдері бойынша нұсқаулық 
1. 
Критериалды бағалау жүйесінің принциптері, рәсімдері және 
құралдары
1.1 
Критериалды бағалау жүйесінің принциптері  
1.1.1 
Критериалды бағалау жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
• 
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу 
бағдарламасындағы мақсаттармен және күтілетін нәтижелермен тікелей 
байланысты оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады.
• 
Объективтілік, нақтылық және валидтілік. Бағалау нақты және 
сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу 
мақсаттарына және күтілетін нәтижелерге жетуді бағалайтынына сенімділік 
бар. 
• 
Анықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті және ашық ақпарат 
береді, білім беру процесінің барлық қатысушыларының қызығушылығы мен 
жауапкершілігін арттырады. 
• 
Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерінің прогресін 
уақытылы және жүйелі түрде қадағалауға мүмкіндік беретін үздіксіз процесс 
болып табылады. 
• 
Дамуға бағыттылық. Бағалау білім беру жүйесін, мектепті, 
мұғалімдер мен әр оқушының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Білім алушының жеке қасиеттері емес, оқу іс-әрекетінің нәтижелері мен 
олардың қалыптасу процесі ғана бағалануы мүмкін екенін түсіну маңызды. 
Бағалаудың негізгі критерийлері жоспарланған нәтижелер болып 
табылады. Бұл ретте бағалау нормалары мен критерийлері, бөлім және тоқсан 
бойынша жиынтық бағалау (БЖБ мен ТЖБ) нәтижелерін қою алгоритмі 
мұғалімдерге және білім алушыларға алдын ала белгілі болуы тиіс.
Бағалау жүйесі білім алушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау 
дағдыларын меңгере отырып, бағалау қызметіне қатысатындай
етіп құрылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет