91
тақырыптар ұсынылды. Мысалы,
«Ғарышты игеру», «Қызыл кітапқа енген
жануарлар», «Энергия ресурстары» , «Туризм. Экотуризм», «Театр», «Заң»
бөлімдеріне қатысты лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын
байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін
жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Бағдарламада әртүрлі оқыту сатыларында
өмірлік маңызды міндеттерді
шешу үшін қажетті дағды мен қабілеттерді бірізді және кезеңдік дамыту
жүреді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және
стильдерде
мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме,
мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу
дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды
ынталандыруға септігін
тигізеді.
Бағдарлама мазмұнына түрлі санаттағы мәтіндермен жұмыс істеу түрлері
енгізілді. Мысалы, оқылымның
«Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану» оқу
мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі сөйлеу және жазба
стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда
әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын
жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде
оқушылардың мәтінді талдау
дағдысы қалыптасады. Білім алушы табиғат пен қоршаған ортаны тануда,
күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесіп қалатын табиғи құбылыстардың сырын
ашуда, ой бөлісуде, пікір алмасуда
тілді құрал ретінде пайдаланып,
грамматикалық заңдылықтар мен формаларды дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Білім алушылар грамматиканы дәстүрлі «жаттанды» әдіспен емес, өмірмен
байланысты мәнмәтінде меңгереді. Ол оқу бағдарламасында сөйлеу әрекеті
түрлері бөлімінен бөлек «Әдеби тіл нормалары» бөлімінде көрініс табады.
Грамматика
бөлек қарастырылмай, лексикалық тақырыптар аясында
әдеби тілдік норма арқылы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде
оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда
қандай функционалдық мағыналық қызмет
атқарғанын таныту міндеті
жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: