300
–
оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету
үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде,
практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;
–
оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі
туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге
асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері
бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен
тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу
құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
11-
сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен
практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының
соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ)
қарастырылған.
11-
сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім
негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар,
ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын
қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске
асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда
болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын
жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
ережелерімен танысады.
Әрбір оқу орнында меншік түрі мен
формасына қарамастан АӘД
бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:
1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың
көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі;
2) алғашқы әскери дайындық, өмір қауіпсіздігінің негіздері және
азаматтық қорғаныс, медициналық білім бойынша арнайы жабдықтарды
сақтауға арналған бөлме;
3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;
4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін
орын;
5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;
6) тактикалық алаң;
7) кедергілерден өту жолының кешені;
8) жабдықталған ату тирі;
9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.
Оқу орындарын қару және өзге де
әскери-техникалық құралдар
макеттерімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске
асырылады.
Алғашқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушы әскери іс
негіздерін оқыту үдерісінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігін қорғау қажеттілігіне деген сенімділік, әскери
301
қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыру
секілді тәрбиелеу мен
оқытудың басты міндеттерін шешеді. Әр сабақ сайын жастардың әскери анттың
рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне,
оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери
мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, жастардың әскери білім
алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Әскери Күштердің тұрмыс-
тіршіліктерін реттестіретін құжаттар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау
–
әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.
Саптық дайындық бойынша сабақтар арнайы алаңда (плацта) өткізіледі.
Практикалық сабақтарды өткізу кезінде оқушыларды үйрету әдістемесіне
(оқытушының саптық тәсілді тұтас және бөлшектеп көрсетуі мен оқушылардың
жаттығуы) баса назар аударылады.
Оқушылардың бойында саптық дайындық элементтерін орындау
дағдыларын шыңдау
басқа пәндерді оқу кезінде, сондай-ақ алғашқы әскери
дайындық бойынша сыныптан тыс іс-шаралар кезінде де жалғасады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 10-11-
сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25 сағаттық
жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-
ұйымдастырушысы жүзеге асырады. 11-сыныпта оқушылар азаматтық
қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және
соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі
заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының
халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен
қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану
ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу,
сондай-ақ жарақаттанған
адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.
Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып
табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
Оқушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша қорытынды тексеру
сынақтарын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып
саналады, сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, спортқа, әскери
істерге қызығушылықтарын қалыптастырады, дене шынықтыруды жетілдіреді.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:
11-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты
құрайды.