Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет174/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   244
 
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Технология» білім саласы «Технология» пәні оқытылады. 
 
«Технология» оқу пәні
«Технология» пәні білім алушылардың өзіндік еңбек өміріне 
дайындалуларына, олардың жасампаз және қайта құрылу саласына байланысты, 
кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік береді. 
11-
сыныптарда пәнді оқытудың мақсаты – техника мен технология 
саласында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, 
әр түрлі қызмет түрлеріне (білім беру, зияткерлік, кәсіби) бейімделу үшін 
технологиялық білім, білік және дағдыларды меңгерту арқылы жоғары сынып 
білім алушысының тұлғасын қалыптастыру, технологиялық ойлауды, 
орындалған жұмысқа шығармашылық көзқарасын дамыту. 
Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған: 
– 
техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген 
білімді қалыптастыру; 
– 
құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-
әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы 
біліктер мен дағдыларын қалыптастыру; 
– 
технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық 
көзқарасын дамыту; 
– 
оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек 
нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің 
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету; 
– 
еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру; 
– 
білім алушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру. 
«Технология» пәнін оқыту барысына азаматтардың әлеуметтік 
тәжірибесініңбарлық төрт компоненті кіреді: танымдық қызмет тәжірибесі 
(түрлі облыстағы ақиқат туралы білімі), танымал қызмет тәсілдерінорындау 
тәжірибесі, шығармашылық қызмет тәжірибесі мен нысандарға эмоционалды-


296 
құндылықтар қатынасы және адам қызметіне арналған тәжірибе құралдары. Бұл 
барлық компоненттер оқу курсының мазмұнында бар. 
Технологиялық дайындықты ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін 
білім алушылардың оқу-еңбек, қызмет көрсету іс-әрекеттеріне араласуға 
дайындығының деңгейіне байланысты анықтайды. 
Сабақтарды өткізу барысында «Технология» пәнін оқытудың 
дидактикалық талаптарын сапалы іске асыруға ықпал ететін заманауи оқыту 
технологиялары, ұйымдастыру әдістері, оқу процестерін қадағалау және білім 
алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары қолданылады.
Басым әдістерге – жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау 
әдістері жатады. Оқу жылының соңында орындаған жобаларына қорғау 
ұйымдастыру ұсынылады. Жобаларды білім алушылар жеке немесе топ болып 
орындай алады. 
11-
сынып білім алушыларымен кәсіби бағдарлау апталықтарын өткізу 
барысында кәсіби шешім қабылдауға дайындығын қалыптастыратын, сонымен 
қатар жұмысқа орналасу немесе білім алу траекториясының негізгі және 
қосымша (ықтималды) нұсқаларын таңдаудың қажеттілігі туралы, кәсіптік 
ұтқырлық және бәсекелестікке дайын болуы қажет екендігі туралы ой салатын 
тренинг сабақтар өткізу тиімді болып табылады. 
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын 
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
«Технология» пәнінің мазмұнында мәдениет сабақтастығы принципіне 
сәйкес адамгершілік пен ұлттық мәдени құндылықты қалыптастыратын, соның 
ішінде адам өмірі мен қоғамн негізі әрекетінің құндылығы болып саналатын 
еңбек құндылығы басты орын алады.
11-
сынып қыз балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар 
ұсынылады: 
111-
кесте. «Технология» пәні бойынша ұсынылатын тақырыптар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет