311
тілін білу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен
мемлекеттік рәміздері туралы жарыстар
мен олимпиадалар өткізу, әрбір
мектепте музейлер ашу, атақты спортшылар,
ғалымдар, көрнекті тұлғалар,
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарымен кездесулер, сонымен
қатар, өлкенің тарихи-мәдени мұраларына жататын
объектілерінде мектеп
оқушыларына өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу арқылы жүзеге
асырылады.
Аталған бағыт шеңберінде мынадай жобаларды жүзеге асыру
ұсынылады: «Менің Отаным – Қазақстан» балалар мен жасөспірімдер туризмі
және өлкетануды дамыту, экспедиция,
жорықтар, экскурсиялар ұйымдастыру,
«Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық білімін және мектеп
туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты арттыру,
туған өлкенің тарихын,
мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу) «Табиғат бесігі» (туған жерге
жауапкершілікпен және аялап қарау).
Мұғалімдер әдістемелік көмек ретінде Академия әзірлеген: «100 жаңа
есім» жобасының қаһармандары – «ұлттың «алтын» қоры», «Қазақстанның
киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы
бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың
модельдері»
әдістемелік
ұсынымдамаларды
пайдалана
алады
Достарыңызбен бөлісу: