419
-
жеке
ашық сабаққа, өзара сабаққа қатысу, іс-шараларға немесе олардың
цикліне қатысты талдау;
-
авторлық оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын талқылау және талдау;
-
балалардың дамуын диагностикалау әдістерін талқылау;
-
түрлі
көрмелер, өз білімін жетілдіру бойынша есептер (баяндамалар,
рефераттар, сабақ әзірлемелері, дидактикалық және көрнекі құралдар дайындау;
үздік балалар жұмыстарының көрмелері;
-
нәтижелі педагогикалық тәжірибені талқылау және оны тарату мен
енгізуге ұсыныстар;
- «
Үздік әдіскер», «Үздік жыл мұғалімі» байқаулары;
-
педагогикалық оқу, ғылыми-практикалық конференциялар жән т.б.
Әдістемелік
қызмет
үлгісіне
сәйкес
әдістемелік
орталықтардың/кабинеттердің мақсаттары мен міндеттері анықталды
1
:
* Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтарды әдістемелік
қолдау;
* Заманауи білім беру саясаты контекстінде педагогтармен әдістемелік
жұмыстың мазмұны мен формаларын жаңарту;
* Консалтингтік қызметтер спектрін кеңейту, олардың қол жетімділігі мен
сапасын қамтамасыз ету;
* Қызметкерлерді ішкі және сыртқы оқыту есебінен өзінің кадрлық әлеуетін
күшейту.
Әдістемелік қызметінің критерийлері:
* Педагогтардың кәсіби өзін-өзі жетілдіру,
*
Авторлық бағдарламаларды әзірлеу,
*
Инклюзивті білім беруді, менторлық институтты, критериалды бағалау
бойынша мектеп және өңірлік үйлестірушілердің қызметін дамыту үшін жағдай
жасау.
Әдістемелік қызметтердің қызметі педагогтердің
біліктілігін арттыруды
болжаумен, жоспарлаумен және ұйымдастырумен, олардың қызметінің
мониторингімен, инновациялық педагогикалық
тәжірибенің әзірлемелерін
сараптаумен, әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды әзірлеумен айқындалады.
Осылайша, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдістемелік
кабинеттің/орталықтың қызметі заманауи педагогикалық парадигмаға, жаңа
педагогикалық ойлауға, педагогтың кәсіби қызметінің жеке стиліне, сондай-ақ
заманауи педагогикалық технологияларға негізделген
білім беру процесінің
жоғары сапасына қол жеткізуге және қолдауға бағытталған.
1
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында әдістемелік кабинеттердің дамуы. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019. – 116 б.
-
Достарыңызбен бөлісу: