420
17.
ПИЛОТТЫҚ
ОРТА
БІЛІМ
БЕРУ
ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ, ОҚУЛЫҚТАР МЕН ОӘК АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ
17.1 11-
сыныптың оқу бағдарламаларын, оқулықтары мен ОӘК-ні
апробациялау
11 сыныптардың оқу пәндері бойынша оқулықтар мен ОӘК
апробациясының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны бойынша
әзірленген оқулықтар мен ОӘК сапасын бағалау және оларды одан әрі
жетілдіру.
Міндеттер:
•
әзірленген оқулықтардың, ОӘК тиімділігін практикада тексеру:
•
оқулықтар сапасы, ОӘК (әзірленген мазмұнының сәйкестігі);
•
оқулықтар, ОӘК Үлгілік оқу бағдарламалары,
оқу мақсаттарына қол
жеткізуге ОӘК бағыттылығы, дизайны);
•
апробациядан өткізілетін оқулықтардың оқу бағдарламасына сәйкес
дәрежесін анықтау;
•
жаңартылған білім беру мазмұнының 11-сынып бағдарламасы
бойынша пысықтау, ұсыныстар, оқулықтар, ОӘК әзірлеу.
Білім берудің жаңартылған мазмұнындағы апробациялық оқулықтар мен
ОӘК бойынша ұсыныстарды әрбір пилоттық мектеп 2020 жылдың наурыз
айында ұсынады.
11-
сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің оқу
бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан
өткізу
2019-
2020 оқу жылында 17 пилоттық мектептің 11-сыныптарында
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31
қазандағы № 556 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес «Кәсіпкерлік және
бизнес негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқулықтарын
апробациялау жалғасады.
Оқу пәнінің
мақсаты – білім алушылардың кәсіпкерлік, бизнес,
экономика, менеджмент және маркетинг негіздерінен базалық білім алуы; өз
таңдауы үшін жауапкершілікті қалыптастыру және кәсіпкерлік қойманың
ойлауын, белсенді
өмірлік ұстанымды қалыптастыру; қазіргі нарықтық
жағдайларда болашақта өз бетінше әрекеттену үшін практикалық база құру.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:
1) пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі практикасы мен ерекшеліктерінің,
даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;
2) өмірлік саналы ұстанымдарды және өз әрекеті бойынша жасаған
таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік
тәсілдемелерді қолдану;
3) Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер
тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту
міндеттері:
1) оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін
421
қалыптастыру;
2) оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік
дағдыларын меңгеруі;
3)
оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік
ұстанымдарына қатысты
жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
4)
оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру
мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;
5) бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды
кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;
6) бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін
арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;
7) зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық
технологияларды қолдану.
Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны 4 бөлімді құрайды:
«
Стартап акселератор» 1 және «Стартап» 2 алғашқы екі бөлімі бизнес-
моделдеумен таныстырады, сондай-ақ жобаның стартап негізінде «өте қажетті»
разрядынан қажетті әлеуметтік дағдыларды әзірлейді. Білім алушы белгілі бір
білімдерге ие бола отырып, өз бизнес-идеясын
қалыптастырады және бизнес-
акселератор принципі бойынша нақты бизнеске айналдыру үшін құралдарды
алады.
«
Кәсіпкердің өзін-өзі ілгерілетуі» бөлімі оқушының әлеуметтік
дағдыларын жетілдіруді жалғастыруда, онда ол да қаржылық сауаттылыққа
үйренеді, отбасы үшін жеке тиімді қаржылық жоспарлаумен, банк жүйесімен
және халықаралық нарықтармен танысады. Осы бөлімнің басты артықшылығы
демо-шотты пайдалана отырып, KASE нақты мәліметтеріне ойын платформасы
арқылы инвестициялау дағдыларын алу болып табылады.
Бұл жұмыс білім алушылардың аналитикалық
қабілетін жандандырады,
оқиғалардың мәнін және олардың экономикалық көрсеткіштерге әсерін түсінуге
үйретеді.
«
Даму стратегиясы» бөлімі білім алушылардың назарын нарықтың даму
болжамдарына аударады. Мақсат қою дағдыларын, Бизнестің ауқымымен,
халықаралық бизнеспен, жеке стратегиямен танысуды үйретеді. Қазақстан
өнімінің халықаралық нарықтарға шығу стратегиясының жеке пайымын
қалыптастырады. Бұл бөлім тұтынушылардың
құқықтарын қорғауға
бағытталған мемлекет және Қоғамдық қозғалыстар жүзеге асыратын шаралар
кешенімен таныстырады.
Орыс және қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 11-
сыныбына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні оқыту
процесіне арналған әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді, басқа бағыттарда
басымдықтар қоя отырып. Академиялық білімнің орнына практикалық
дағдыларды алуға үлкен
назар аударылады, бұл оқушылармен өзара іс-
әрекеттің белсенді түрлерінің басым екенін көрсетеді. Оқыту процесінің өзі
Life-
long learning (өмір бойы үздіксіз оқыту) тұжырымдамасына жауап беретін
тұрақты және тиімді мінез-құлық үлгісін қалыптастыра алатын табиғи және
үздіксіз құбылыс болып табылады.
422
11-
сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу
жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау
жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу
барысында білім алушылардың
оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу үдерісінде оларға қолдау
көрсету мақсатында жүргізіледі. Тоқсан мен оқу жылының соңында сынып
журналына "есептелді" ("есептелген жоқ") қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: