Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет65/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   244
Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: 
Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың 
маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың 
мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени 
ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
6-
сыныпта «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау 
өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және 
тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің 
ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың 
шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның 
көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға 
үйрету ұсынылады. 
7-
сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» 
электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-
журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар 
туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, 
эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, 
энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық 
энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады. 
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні 


105 
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік
жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, 
шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының
келесі мәселелерін қарау ұсынылады: 
1. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау 
мен критериалды бағалау; 
2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау. 
3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі; 
4. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары; 
5. 
Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі; 
6. 
Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны 
шешу жолдары; 
7. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;
8. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы; 
9. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер; 
10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары; 
11. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен 
сабақтастырудағы шеберлік; 
12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру; 
13. «Эссе жазу стратегиясы туралы»; 
14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі. 
Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» 
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны 
мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, өз пікірін айтуға, 
өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы өмірлік 
ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын 
тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет