119
-
туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени
нысандары туралы білімдерін кеңейту;
-
туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір
мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
-
туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет
сезімдеріне
тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға
бағытталған.
Өлкетану материалдары
6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде
оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім
мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу
бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар
бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану»
материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады.
Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:
Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың
маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың
мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени
ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
6-
сыныпта«Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені
сипаттау
өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және
тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің
ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың
шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның
көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға
үйрету ұсынылады.
7-
сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем»
электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-
журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар
туралы мақалалар
мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі,
эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге,
энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге,
электрондық
энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған.
Төменде 43-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) саны көрсетілген.
43-
кесте. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша
жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
5-
сынып
2
2
2
2
120
6-
сынып
2
2
2
2
7-
сынып
2
2
2
2
8-
сынып
2
2
2
2
9-
сынып
2
2
2
2
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын,
шығармашылық
қабілетін, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында
төмендегідей әдебиеттер тізімі ұсынылады:
А.Байтұрсынұлы. «Бұлбұл мен есек», «Балаларды оқуға шақыру»,
«Қасқыр мен қозы», «Қасқыр мен тырна»
«Алтын сақа» (ертегі)
Аңыз әңгімелер.«Қожанасырдың тойға баруы»
Аңыз әңгімелер. «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт»
Аңыз әңгімелер. «Жиренше мен Қарашаш сұлу»
Қағида өлеңдер. «Бес жетім», «Жеті құт», Он жақсы»
Ахмет Байтұрсынұлы. «Аққу, шортан, һәм шаян» мысал өлеңі
Б. Көмеков. С. Өтениязов «Шоқан Уәлиханов» әңгімесі
Б.Майтанов. «Абай» әңгіме
Ә.Жүсіп. «Бай мен жалшы» әңгіме
Ж.Смақов. «Не болады?», «Әжемнің екі қазы бар», «Ит пен мысық
ойнады» өлеңдері
С.Дөнентаев. «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке», мысалдары
Б. Бұлқышев. «Лагерьден қайтқанда»
«М. Мақатаев.«Үш бақытым» өлеңі»
Ы.Алтынсарин. «Мұңсыз адам»
Ы.Алтынсарин. «Дүниеде жамандық неден?»
Шешендік сөздер. «Дүниеде не өлмейді»
С. Бегалин. «Бала Шоқан» повесі (үзінді)
М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесі
Ш. Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» өлеңі»
С. Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып»
О.Нұрғали. «Қулық» әңгіме
А.Асылбек. «Тілін ұмытқан тауық» өлеңі
М. Базарбайқызы. «Әкесін іздеген ұл» әңгімелер жинағы
Абай Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып»
М. Мақатаев. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі
Ә. Қалдыбаев «Мен апамның баласымын»
Қ. Қайсенов«Жау тылындағы бала»
М. Жұмабаев «Сағындым»
Ғ. Мүсірепов «Тастың әңгімесі»
«Қобыланды батыр» жыры»
М. Жұмабаев. «Сүйемін
» өлеңі
Қ. Мырзалиев. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
М. Жұмабаев.
«Түркістан» өлеңі
М.Әуезов «Жетім» әңгімесі
121
Д. Исабеков. «Тағдырдың кейбір кездері»
«Күншығыс аңыздары». Жапон аңыздары. Түпнұсқадан аударған Ш.
Жылқыбаева
С. Мұқанов. «Балуан Шолақ»
М. Мақатев. «Аманат»
С. Мұратбеков. «Жабайы алма»
Лиро-эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан үзінді
Орхон ескерткіштері. «Күлтегін»
Ғ. Мүсірепов.
«Өлімді жеңген ана» әңгімесі
С. Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы (үзінді)
А. Құнанбайұлы. «Ескендір» поэмасы
М. Әуезов. «Абай жолы» толық оқып шығу
Ғ. Мүсірепов. «Боранды түнде»
Т. Әлімқұлов. «Қараой»
М. Жұмабаев. «Батыр Баян»
М. Өтемісұлы. «Баймағанбет сұлтанға айтқаны»
Ы. Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі
Ғ.Мүсірепов. «Қазақ солдаты»
М. Көпейұлы. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (үзінді)
М. Құнанбаев. «Меғдат-Қасым» поэмасы
М. Мағауин. «Бір атаның балалары»
Айтыс. «Біржан мен Сара» айтысы»
Ш. Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі»
Б. Майлин. «Шұғаның белгісі»
А. Құнанбаев «Қарасөздер»
Б.Момышұлы. «Олар менің есімде»
Достарыңызбен бөлісу: