OBJECT PASCAL тіліндегі объектілі – бағытталған бағдарламалау әдістерін;
Құзыреттілігі: Класс, объект, оқиға ұғымдарын;
Терезелік қосымшаларды құруды білулері қажет.
Бағдарлама жетекшісі: магистр Курушбаева Д.Т.
9
Pat 0209
Патенттану
Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша- 3 кредит
Пререквизиттер – жоқ
Қысқаша мазмұны: Интеллектуалды жекеменшік ұғымы. Интеллектуалды жекеменшік құқығының нысандары мен көздері. Өндірістік жекеменшіктің нысандары. Жаңалықтың құқықтық қорғалуы. Патенттің табиғаты. Патенттеудің нысандары. Патенттің жұмыс істеу мерзімі. Патенттерді беру тәртібі. Патенттік пошлиналар. Патентке ие адамдардың құқытары мен оны бұзғанда артылатын жауапкершілік.
Білімі: Қызметтік жаңалық енгізу. Жаңалықты құрылымдық сипаты. Жаңалықтың формуласының құрылымы. Өндірістік үлгілерді құқықтық қорғау.
Іскерлігі: Пайдалы үлгілерді құқықтық қорғау. Өндірістік жекеменшік нысандарын пайдалануға берілетін құқық. Жаңалықты пайдаланудың құқықтарынң берілуі.
Дағдысы: Лицензиялық келісімшарттар. Өндірістік жекеменшікті қорғау облысындағы халықаралық келісімшарттары. Жаңалықтардың классификациясы.
Қысқаша мазмұны: Сандық құрылғылардың сұлбаларын жасау. Негізгі түсініктер. Логика алгебрасының міндеттері. Микросұлбалар базисіндегі логикалық жобалау. Логикалық элементтер сериясы, уақыттық сипаттамалар. Функционалдық сұлбалардың сапасын бағалау. Элементтердің сұлбалық қосылуының ережелері. Микросұлбалардың жүктемелік сипаттамалары. Сумматорлар мен контроллер сұлбалары. Интерфейстік құрылғылардың және жадының интегралды микросұлбалары.
Білімі: Логика алгебрасының міндеттері.
Іскерлігі: Микросұлбалар базисіндегі логикалық жобалау.
Дағдысы: Логикалық элементтер сериясы, уақыттық сипаттамалар.
Құзыреттілігі: Сумматорлар мен контроллер сұлбалары. Интерфейстік құрылғылардың және жадының интегралды микросұлбалары.
Постреквизиттері- Есептеуiш желi және жүйелер, автоматтандыру құралдары және қондырғылары, микропроцессорлық жүйелер, дабылдарды өңдеудiң техникалық құралдары.
Қысқаша мазмұны: XIX – ғ.басында XX ғ электрониканың пайда болуы кәсiпорын өндiрiс дамуына байлынысты өте қарқынды жүргiзiлдi. Осы уақыт iшiнде электр энергиясы адам қызметтiң барлық сферасына ендi және сол кездегi бар механикалық және электротехникалық құралдарына салыстырып қарағанда өлшеудiң, бақылаудың, басқару құралдарының жаңа түрлерiн, яғни сезiмталдығы жоғары, дәл, тез әрекеттi аспаптарды шығаруды талап еттi. Онсыз еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мүмкiн емес болды. Электрониканың дамуы үнемi күрделi электронды қондырғылардың шығуымен сипатталады. Қазiргi уақытта электронды аппаратураның күрделiлiгi әр бiр бес жылда 10 есе өседi деп қабылданған. Электроникада, есептеуiш техникада, автоматикада, энергетикада жартылай өткiзгiштi аспаптардың қолданылуы жақсы жетiстiктерге ие болған сипат алды: п.ә.к. жоғары, ұзақ мерзiм жұмыс iстеуi, сенiмдiлiгi жоғары, массасы аз және кiшi габариттi және т.б.
Білімі: Сондықтан да жартылай өткiзгiштi аспаптардың дамуының негiзгi бағыты кейiнгi он жылда интегралды микроэлектроника болып табылады.
Іскерлігі: Электроника негiздерi бойынша, жобалау әдiстерi мен электронды сұлба, микроэлектронды қондырғыларды есептеулерiн және оларды ақпараттандыру сонымен бірге автоматты басқару жүйелерiнде қолдануда студенттердiң бiлiмiн толықтыру.
Дағдысы: Курсты оқу нәтижесiнде студент жартылай өткiзгiштi аспаптардың физикалық негiздерi мен жұмыс iстеу принциптерiн, олардың сипаттамалары мен параметрлерiн, сонымен қатар аналогты электронды сұлбалардың құрылу принциптерiн.
Құзыреттілігі: Дабыл генератораларын, интегралды микросұлбалардың жұмыс iстеу принциптерiн, интегралды логикалық элементтердiң құрылу және жұмыс iстеу принциптерiн меңгеруi қажет.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Оспанов Е.А.
12
AEK 0212
Автоматтандырудың элементтері және құрылғылары
Кредит көлемі - 3 (1+1+1), ECTS бойынша- 5 кредит
Пререквизиттері: математика, информатика, физика
Постреквизиттері: автоматтандыру жүйелерін жобалау
Қысқаша мазмұны: Өткен жылдарды автоматикалық жүйелердің жабдықтардың сапасы және деңгейі өсті. автоматиканың элементтері мен жүйелерінде кіріс, шығысында әртүрлі мөлшерде болады. Олар әртүрлі болуы мүмкін физикалық жағдайлармен, әрекет принципімен, конструкциясымен.
Білімі: Электроавтоматика жүйелері және құрылғылары осындай тапсырманы атұарады: бақылау, дабыл беру, қорғау, автоматикалық басқару.
Іскерлігі: Электроавтоматика жүйелері басқару объектке әсер етеді, керекті тапсырманы орындау үшін. Керекті электроавтоматиканың түрлері: автоматикалық жетегі, электромагниттер және автоматиканың электронды құрылғылары.
Дағдысы: студенттерді теорияға және практикаға үйрету, элементтерді, құрылғыларды практикада қолдау, егер апат ұшырау жағдайлар болса керекті көмегін көрсету.
Құзыреттілігі: Электроавтоматика жүйелері басқару объектке әсер етеді, керекті тапсырманы орындау үшін. Керекті электроавтоматиканың түрлері: автоматикалық жетегі, электромагниттер және автоматиканың электронды құрылғылары.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Секербаева А.Б.
13
MO 0213
Метрология және өлшем
Кредит көлемі - 3 (1+1+1), ECTS бойынша- 5 кредит
Пререквизитттері: математика, физика, электротехниканың теориялық негіздері
Постреквизиттері: қолданбалы ақпараттар теориясы
Қысқаша мазмұны: Өлшеу- адамның тәжірибелік әрекеттер теориясын біріктіретін табиғаттың адамға тағайындалған жолдарының бірі болып табылады. Ол. Ғылыми-техникалық бағдарлама бірлесуін өңдеу индустриалды ел арасындағы қатынас байланысын өсіріп ақпарат сапасының жоғарылауының көп маңызы болады.
Білімі: Метрология-өлшеу, олардың бірігуін қамтамасыз ететін әдістері мен құралдары туралы, сонымен қатар қажетті өлшеу дәлдігіне жету тәсілдері жөніндегі ғылым.
Іскерлігі: Ғылыми-техникалық бағдарлама бірлесуін өңдеу индустриалды ел арасындағы қатынас байланысын өсіріп ақпарат сапасының жоғарылауының көп маңызы болады.
Дағдысы: Ғылыми білімдердің бірі болып материалдық ресурстарды санау, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз етілуін толығымен жетілдіру, өндірісті автоматтандыру үшін қызмет етеді
Құзыреттілігі: Өлшеу- адамның тәжірибелік әрекеттер теориясын біріктіретін табиғаттың адамға тағайындалған жолдарының бірі болып табылады.
Бағдарлама жетекшісі: Адылканова А.Ж.
14
PT 0214
Программалау технологиясы
Кредит көлемі - 3 (1+1+1), ECTS бойынша- 5 кредит
Пререквизиттері – информатика
Постреквизиттері – ақпаратты желілерді әкімшіліктендіру
Қысқаша мазмұны: Программалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі – құрылымдық программалау. Құрылымдық программалаудың 3 бөлігі (құраушысы) бар:
1. Модульдік программалау
2. Құрылымдық кодтау
3. Жоғарыдан төменге қарай жобалау
Модульдік программалау дегеніміз – программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс:
1) модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет;
2) модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.
Білімі: Программист sin(x) функциясын программаның кез-келген жерінде қолдана алады және оған функцияның есептелуіне қай әдістің қолданып тұрғанын білудің қажеттілігі жоқ. Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әр түрлі модульге жинау керек. Модульдерді қолдана отырып программа күрделілігін төмендетуге болады.
Іскерлігі: Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың көмегімен құрылады, Cи тілінде функциялардың көмегімен құрылады.
Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың–шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл-әзір, цикл-дейін) қолданылуын айтады. Шартсыз көшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек.
Дағдысы: Программаны жоғарыдан төмен қарай жобалаудың өз иерархиялық құрылымы бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге бөлінеді.
Құзыреттілігі: Ішкі есептердің өзі де ішкі есептерге бөлінуі мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек. Бөлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанға дейін, яғни әр ішкі есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.
Бағдарлама жетекшісі: Адылканова А.Ж.
15
EOU 0215
Экономика және өндірісті ұйымдастыру
Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша- 3 кредит
Пререквизиттері – жоқ
Постреквизиттері – жоқ
Қысқаша мазмұны: Мекемедегі ҚР заңы. Экономикалық теория - бұл қоғамның шаруашылық негізі мен өндірістің даму заңдары туралы ғылым.
Экономикалық теория - тек шектелген ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді оптималдауды зерттейтін ғылым ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну аралығындағы байланыстарды зерттейтін ілім. Ол қоғамдық ұдайы өндірісті, халық шаруашылығының жеке бөлімдерін ұдайы өндірудің экономикалық формалары мен заңдылықтарын зерттейді.
Білімі: Экрономикалық георияның негізгі қызметтері:
- танымдық қызметі- экономикалық теорияның қоғамның экономикасын оқып үйретеді, түсіндіреді;
- тәжірибелік қызметі- шаруашылықты ұтымды жүргізудің нақты тәсілдері мен негіздерін жасайды, мемлекеттің тиімді саясатын ғылыми тұрғыдан негіздейді;
Іскерлігі: Теориялық-әдістемелік қызметі-экономикалық ғылымдардың жүйесінің теориялық және әдістемелік негізі болып табылады;
Экономикалық зерттеудің тәсілдері:
- ғылыми абстракция — әртүрлі дерексіз пайымдаулар (мысалы: баға, ақша тс.с);
Дағдысы: талдау және синтез - экономикалық құбылыстарды бөліп зерттеу;
- тарихи және логикалық - бұл тәсіл экономикалық процестерді тарихи жүйелікпен, бірақ артық бөліктерге көңіл бөлмей жалпы зерттейді.
Құзыреттілігі: Экономикалық теория - тек шектелген ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді оптималдауды зерттейтін ғылым ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну аралығындағы байланыстарды зерттейтін ілім.
Базалық пәндер – 44 кредит
2-ші оқу траекториясы: Технологиялық процесстерді автоматтандыру
№ п/п
Пәннің коды
Циклдер және пәндер атаулары.
Пәннің қысқаша мазмұны
1
2
3
1
MZh 0201
Микроэлектронды жабдықтар
Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит
Пререквизиттер - жоғары математика, физика
Постреквизиттері - электр желісінің теориясы, алгоритмдеу және программалау негіздері.
Қысқаша мазмұны: Пән аналогтық және интегралдық схемотехниканың теориялық негіздерін оқуды, жүйелік-схемотехникалық радио-электрондық аппаратурасын дискретті және интегралды жобалау әдістерін, интегралдық микросхамалардың әр түрлі бағыттарын оқытады. Курстың мақсаты: пәннің басқа пәндермен байланысы, оқытудағы әдістемелік нұсқаулар, ақпарат көздері. Аналогтық схемотехниканың және микроэлектронды жабдықтардың анықтамасы.
Білімі: Аналогтық және интегралдық схемотехниканың теориялық негіздерін оқуды.
Қысқаша мазмұны: Алгоритмдер математика және информатика ғылымдарының математикалық логикаға негізделген орталық жүйелендірілген зерттеу объектісі болып табылады да алгоритмдер теориясын құрайды.
Барлық алгоритмдердің мағынасы (компьютерлік программалар) - әлдебір бастапқы деректерді соңғы, нәтижелі деректерге алмастыру. Кейбір деректерді алгоритм аралық деректер ретінде қолданады. Деректерді ұйымдастыру және қолдану алгоритмдерді құрастыруда алғашқы орында болады. Сондықтан деректерді топтастыру, олардың типтерін анықтау, структурасын анықтау сияқты сұрақтар алгоритмді құрғанға дейін қарастырылуы керек ұғымдар болып табылады.
Білімі: Есептеу техникасының және программалаудың дамуы деректер және оларды ұйымдастыру ұғымдарының да жетілуіне, дамуына әкеледі.
Іскерлігі: Белгілі бір есепті шығару барысында алдымен оған қажетті деректерді жинақтап, сұрыптау керек, сосын ақпаратты ЭЕМ-де таратудың әдістерін қарастырады.
Дағдысы: Бұл процесс компьютердің немесе программаның мүмкіншіліктерінен тікелей тәуелді болады. Деректердің жай және күрделі структуралары қазіргі кездегі кез келген ситуацияларды программалауға көмектеседі. Егер деректердің күрделі структурасы қолданылатын болса жиын, жазу, файлдар, кезектер сияқты ұғымдарды қарастыру қажет болады. Сондықтан күрделі структураға жататын деректердің түрлері мен типтерін, қабылдайтын мәндерді зерттеу керек болады.
Құзыреттілігі: Күрделі структураға жататын деректердің түрлері мен типтерін, қабылдайтын мәндерді зерттеу керек болады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Бекбаева Р.С.
3
MSSSB 0203
Метрология, стандарттау, сертификация және сапаны басқару
Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит
Пререквизиттері – физика, химия
Постреквизиттері – технологиялық процесстерді автоматтандыру
Оқыту мақсаты: Құрылыс өнімінің, процесстердің және қызмет көрсетудің сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стандарттаудың рөлі.
Қысқаша мазмұны:«Стандарттау туралы» ҚР заңы. Құрылыс өнімдерін, процестерін және қызмет етуінің сапасын және қауіпсіздігіндегі стандартау рөлі. МСС негізгі жағдайы. Құрылыс процестерінің өндірісін орнатып қою және әзірлеуді стандарттау. Жобалық құжаттама жүйесін стандарттау. Сапа менеджмент жүйесін стандарттау, сертификаттау және құрылыстағы техникалық тосқауылдар. «Сертификаттау туралы» ҚР заңы. Сертификаттауды жүргізу бойынша ережелер. Сертификаттауды жүргізу бойынша басқару. Бірлікті өлшеуді қамтамасыз етудің негізгі құқығы, «Бірлікті өлшеуді қамтамасыз ету туралы» ҚР заңдарының негізгі жағдайы. Өлшеу классификациясы және метрологиялық сипаттаманың нормалануы. Метрологиялық қызметтің ұйымдастырылған негізі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Құрылыстағы МСС, сертификаттау және техникалық барьерінің жағдайын, сертификатау жүргізу ережелерін, мемлекеттік метрологиялық қызмет негізін біледі.
Іскерлігі: Стандарттау және сертификаттау туралы ҚР заңы туралы білімін практикада қолдануды біледі. МСС негізгі жағдайын білу.
Дағдысы: Алынған білімін практикада қолдануға дағдысы бар.
Құзыреттілігі: «Стандарттау және сертификаттау туралы» ҚР заңы туралы базалық білімін көрсете біледі.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Д. Кундызбаев.
4
ATZh 0204
Автоматика мен телемеханиканың жүйелері
Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит
Пререквизиттері – жоқ
Постреквизиттері – типтік технологиялық процесстерді автоматтандыру
Қысқаша мазмұны: Жобалаудың мақсаты және тапсырмасы. Автоматты жүйенің және комплекстің құрылымы және структурасы. Жобалау этаптары, ақпараттық қамсызданудың жобалау процесін ұйымдастыру. Массив берілгендердің сипатталуы, кодтау және ақпартты классификациялау, мәліметтер базасын құру, берілгендерді өңдеуді тарату, хабарланған құжаттар.
Білімі: Техникалық қамтамасыз етуді жобалау процесін ұйымдастыру.
Іскерлігі: Ақпаратты жинау, түрлендіру және масштабтаудың типтік техникалық құралдарын таңдау, олардың метрологиялық сипаттамалары, басқарушы ЭЕМ-ды, микроконтроллерді және жергілікті желілеррді таңдаудың ерекшеліктері. Жобалық құжаттардың жалпы сипаттамалары. Жобаның және жұмыс құжаттарының графикалық және мәтіндік бөліктерінің құрамы мен мазмұны. Жобалық шешімдердің типтелуі. Жобалық шешімдердің бейнеленуінің графикалық құралдары.
Дағдысы: Автоматика жүйелерінің техникалық жабдықтары, телемеханиканың қазандықтарды орнатудағы техникалық жабдықтары, вентиляторлық орнатулар, конвейерлік көлікке, жүккөтергіш машиналарды, металлургиялық өндірістерде, құрылыс материалдарын өндіруде қолданылады.
Қысқаша мазмұны: Байт ұғымы. Екілік және он алтылық санау жүйесі. Бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру әдістемесі. Он алтылық түрдегі ЭЕМ жадысының адрестері. Жадының ұяшықтарына нұсқау. Мәліметтер типі. Массивтер. Адрестеу. Процедуралар. Үзілістер. Макрокомандалар. Ауысулар. Ассемблер командалары: арифметика, екілік алгебра, қайта сілтеме, басқаруды беру, флагтарды орнату. Үзілістер және резидентті программалар.
Білімі: Мақсаты – физикалық заңдарды, процесстерді, компьютерлік жобалаудағы ақпаратты-логикалық негіздері, логикалық элементтер базасы мен функционалдық компоненттерінің құрамы.
Іскерлігі: Логикалық функция элементтерін өзгертіп орындай алу.
Құзыреттілігі: технологиялық процестер мен моделдеу аймағы
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Назаров Р.Н.
8
ZhMA 0208
Жылумассаалмасу
Кредит саны - 3 (1+1+1), ECTS кредиті – 6.
Прекреквизиттер – жоқ.
Постреквезиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Студенттердің негiзгi заңдарды, жылуалмасу процестерін саралау және есептеу әдiстері мен осының негiзiне жылулық процесстердiң жүзеге асыруы үшiн энергия мен материалдарды үнемді және тиімді пайдалануға машықтануды меңгеру.
Қысқаша мазмұны: Жылуөткiзгіштік, жылулық сәулелену, конвекциялық жылалмасу. Агрегаттық (қайнау және конденсацияның кезінде) күйдiң өзгерiсі кезіндегі жылуалмасу. Жазық, цилиндрлiк, сфералық және қапталданған қабырға арқылы жылу беру. Жылу оқшаулау. Негiзгi ұғымдар мен массаалмасу заңдары. Жылу алмастырғыш аппараттарды сұлбалары мен түрлері.
Оқудан күтілетін нәтиже:
Білімі: Жылумассаалмасудың негiзгi заңдарын; халық шаруашылығының әр түрлi салада қолданылатын жұмысшы денелердiң негiзгi қасиеттерiн; халық шаруашылығының әр түрлi салада қолданылатын жылуалмасму аппараттарының, жылукүштік қондырғылардың және басқада жылутехнологиялық құрылымдардың әрекет етуі мен құрылымын; жылу энергетиялық қондырғылардың қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен байланысын бiледi.
Іскерлігі: Жылу алмастырғыш аппараттардың жылугидравликалық есептеулерді жүргізе білуі керек; энергия қондырғыларының жылулық тәртiптерiн, элементтерін есептей білуі керек.
Дағдысы: Жылу физикалық мiнездемелердiң эксперименталдi анықтауының әдiстерiн қолдануының дағдыларын игереді.
Құзыреттілігі: Жылу алмасу және әр түрлi жылулық қондырғыларды есептеу заңдарында негiздi бiлiмдердiң көрсетедi.
Бағдарламаның жетекшiсi: доцент О.Степанова, аға оқытушы Ж. Жилгильдинов.
9
EMZh
0209
Есептеу машиналары мен желілері
Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша- 3 кредит
Пререквизиттер – 65 кредит
Постреквизиттері – жоқ
Қысқаша мазмұны: ЖЕЖ құраушылары. Компьютер ресурстарының таралуы. Электронды почта. Файлдық серверлер. Хаттамалр, кабельдер және адаптерлер. Жұмыс станциялары. Желілік программалық қамтамасыз ету. Біррангілі ЖЕЖ. Бір-біріне сәйкес келу анализі. ЖЕЖ-нің бірігуі және глобальді есептеу желілері. ЖЕЖ-нің кеңейтпесі және оларды басқару. Мәліметтерді өңдеу, ашық жүйелердің өзара қарым-қатынасының эталонды моделі. Мәліметтерді тарату тәсілі бойынша желілердің класификациясы.
Білімі: Желілірдің сипаттамасы. Желілерді ұйымдастыру және олардың функционалдылығы. Желілік оперциялық жүйелер, негізгі желілік стандарттар, желідегі процестердің өзара әрекеттестігінің құралдары, сервер.
Іскерлігі: Аумақтық және глобальді желілердегі жергілікті желілердің интеграциясы. Желілердің қызмет етуінің дәйектілігін жоғарылатуының біррангті құралдары.
Дағдысы: Желілік құралдар, қызмет етудің негізгі хаттамалары, қосымшалардың қызмет етуі, демеу көрсетуі және жасалуы, жүзеге асудың ерекшеліктері.
Құзыреттілігі: Желілік оперциялық жүйелер Windows NT, Novell, Net Wart’s, хаттамалр, қызметтер, SNA, DecNet желілерінің қызмет етуі. Глобальді желілер. Internet және Х.25, негізгі қызмет көрсетулер, хаттамалар, стандарттар, перспективалар.
Бағдарламаның жетекшiсi: аға оқытушы Мясоедов Д.В.
10
OO 0210
Өлшеу өзгергіштері
Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит
Пререквизиттері – Электроника
Постреквизиттері – автоматтандыру мен телемеханика жүйелерін жобалау
Қысқаша мазмұны: Өлшеу өзгергіштері туралы түсінік. Классификациясы, мінездемесі. Структуралық схемалары. Параметрлік өлшеу өзгергіштері: резистивті, көлемді, индуктивті. Генераторлық өзгергіштер: галвандық, иондық, Холла датчиктері.
Білімі: Өлшеу өзгергіштерінінің классификациясы және принциптері.
Іскерлігі: Түрлі физикалық бірліктердің өлшемдерін жүргізу.
Дағдысы: Өлшеу өзгергіштерін қолданудағы алған дағдыларын дұрыс таңдау және рациональды қолдану.
Құзыреттілігі: Өлшеу құралдары туралы алған білімін іс жүзінде көорсете білу.
Бағдарламаның жетекшiсi: аға оқытушы Мясоедов Д.В.
11
IKGN 0211
Инженерлік және компьютерлік графика негіздері
Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит
Пререквизиттері – информатика
Постреквизиттері – дипломдық жоба
Қысқаша мазмұны: Ол өзінің мүмкіндіктері бойынша орта деңгейде САПР жүйесіне жазылуы мүмкін. Бұндай жүйелер, ереже бойынша бірнеше жүздеген компоненттерден тұратын үш өлшемді нысандардың тұрақты параметрлік автоматтандырылған модельдеуінің мүмкіндіктерін көрсетеді және кәсіпорын бөлімінің конструкторлы жоба жұмысының басқа САПР берілгендерімен ауысуын, құджат айналымының автоматтандырылған және конструкторлық құжаттардың шығарылуының ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Білімі: AutoCAD жүйесінің мүмкіндіктерін
Іскерлігі: AutoCAD жүйесінің негізгі жұмыс тәсілдерін жетілдіру
Дағдысы: Жүйені негізгі бір пәндік саланың күйіне келтіру.
Құзыреттілігі: Құрылған сызбаларды редактілеу.
Бағдарламаның жетекшiсi: Адылканова А.Ж.
12
GZN 0212
Ғылыми зерттеулердің негіздері
Пререквизиттер – 65 кредит
Постреквизиттері – дипломдық жоба
Қысқаша мазмұны: Кездейсоқ шамалар. Кездейсоқ шамалардың классификациясы. Жиіліктік сипаттамалар. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларды статистикалық бағалау. Экспериментті жоспарлау негіздері. Жоспарды таңдау және факторлы эксперимент. Екі деңгейлі тиімді жоспар. Бөлшектік факторлы эксперимент. Эксперименттік берілгендердің анализі. Бір параметрдің сызықты регрессиясы. Параболалық, трансценденттік регрессия. Сызықты, бейсызықты, көптік корреляция. Көптік регрессияның теңдеуін Брандон тәсілімен алу. Дисперсионды анализ. Кездейсоқ шамалардың таралу заңдары. Типтік таралу заңдары: Пуасон таралулары, қалыпты, биномиальді, бірқалыпты таратулар. Кездейсоқ шамалардың эксперименттік таратулары.
Білімі: Статистикалық гипотезалардың анализі және оларды тексеру. Бірінші және екінші текті қателер
Іскерлігі: Критерий қуаты. Статистикалық гипотезаларды тексеру критерийлері. Таралу заңы бойынша гипотезаларды тексеру критерийлері.
Қысқаша мазмұны: Басқарудың негізгі түсініктері, мақсаты және принциптері. Өлшеу өзгергіштері. Электроавтоматиканың техникалық басқару құралдары. Электроавтоматиканың электромагнитті және электромашиналық жабдықтары. Электроавтоматиканың атқарушы құралдары.
Білімі: Басқару жүйелерінің фундаментальды принциптерін қалаптастыру
Іскерлігі: Жобалаудың әдістерін қолдану және жабдықтарды экплуатациялау жүйелерін басқару процесстері.
Құзыреттілігі: Электро – және пневмоавтоматика саласының құзыреттілігі.
Бағдарламаның жетекшiсi: аға оқытушы Мясоедов Д.В.
14
EKB 0214
Экономика және кәсіпорынды басқару
Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша- 3 кредит
Пререквизиттері – жоқ
Постреквизиттері – жоқ
Қысқаша мазмұны: Нарықтық экономика. Экономикалық теория - бұл қоғамның шаруашылық негізі мен өндірістің даму заңдары туралы ғылым.
Экономикалық теория - тек шектелген ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді оптималдауды зерттейтін ғылым ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну аралығындағы байланыстарды зерттейтін ілім. Ол қоғамдық ұдайы өндірісті, халық шаруашылығының жеке бөлімдерін ұдайы өндірудің экономикалық формалары мен заңдылықтарын зерттейді.
Білімі: Экрономикалық георияның негізгі қызметтері:
- танымдық қызметі- экономикалық теорияның қоғамның экономикасын оқып үйретеді, түсіндіреді;
- тәжірибелік қызметі- шаруашылықты ұтымды жүргізудің нақты тәсілдері мен негіздерін жасайды, мемлекеттің тиімді саясатын ғылыми тұрғыдан негіздейді;
Іскерлігі: Теориялық-әдістемелік қызметі-экономикалық ғылымдардың жүйесінің теориялық және әдістемелік негізі болып табылады;
Экономикалық зерттеудің тәсілдері:
- ғылыми абстракция — әртүрлі дерексіз пайымдаулар (мысалы: баға, ақша тс.с);
Дағдысы: талдау және синтез - экономикалық құбылыстарды бөліп зерттеу;
- тарихи және логикалық - бұл тәсіл экономикалық процестерді тарихи жүйелікпен, бірақ артық бөліктерге көңіл бөлмей жалпы зерттейді.
Құзыреттілігі: Экономикалық теория - тек шектелген ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді оптималдауды зерттейтін ғылым ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну аралығындағы байланыстарды зерттейтін ілім.