Жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер


тараптарының келiсiмдерi, ұжымдық шарттар, жұмыс



бет2/15
Дата25.02.2016
өлшемі0.78 Mb.
#24698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

              тараптарының келiсiмдерi, ұжымдық шарттар, жұмыс
              берушiнiң еңбек саласындағы актiлерi

      1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушiнiң актiсiнде, келiсiмде және ұжымдық шартта реттеледi.


      2. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары келiсiмдерiнiң, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, жұмыс берушi актiлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын ережелерi жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиiс.
      3. Келiсiмдердiң, ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары бiржақты тәртiппен өзгертiлмейдi.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      11-бап. Жұмыс берушiнiң актiлерi

      1. Жұмыс берушi осы Кодекске және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, еңбек шартына, келiсiмдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыретi шегiнде актiлер шығарады.
      2. Жұмыс берушi осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша немесе пiкiрiн ескере отырып, актiлер шығарады.
      3. Жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық шартпен, келiсiмдермен салыстырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын не осы баптың 2-тармағында көрсетiлген рәсiмдер сақталмай шығарылған актiлерi жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиiс.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      12-бап. Жұмыс берушiнiң актiлерiн шығару кезiнде


              қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн ескеру немесе
              олармен келiсу тәртiбi

      1. Жұмыс берушi осы Кодексте, келiсiмдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн ескере отырып немесе олармен келiсе отырып актiлер шығарады.

      2. Актiнi шығарар алдында жұмыс берушi оның жобасын және ол бойынша негiздеменi қызметкерлердiң өкiлдерiне ұсынады.

      3. Жұмыс берушi актiсiнiң жобасын табыс етiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен асырмай қызметкерлердiң өкiлдерi талқылайды.

      4. Қызметкерлер өкiлдерiнiң шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi, онда қызметкерлер өкiлдерiнiң жұмыс берушi актiсiнiң жобасымен келiсетiнi (келiспейтiнi) көрсетiледi, олардың ұсыныстары болса жазылады.

      5. Егер қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiнде жұмыс берушi актiсiнiң жобасына келiсiм болмаған не оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс берушi:

      1) келiскен жағдайда қызметкерлер өкiлдерiнiң ұсыныстары ескерiле отырып өзгертiлген акт шығарады;

      2) келiспеген жағдайда қызметкерлер өкiлдерiмен қосымша консультациялар өткiзуге құқылы.

      6. Шығару үшiн осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi қажет болатын жұмыс берушi актiлерiнiң жобалары бойынша келiсiмге келмеген жағдайда, туындаған келiспеушiлiктер хаттамамен ресiмделедi, осыдан кейiн жұмыс берушi акт қабылдауға құқылы.

      7. Жұмыс берушi ұсыныстарды толығымен не бiр бөлiгiн ескермей акт шығарған кезде қызметкерлер өкiлдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен ұжымдық еңбек дауы рәсiмiн бастауға құқылы.

      8. Егер жұмыс берушiнiң шығарған актiсiнде қызметкерлердiң осы Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерде көзделген құқықтары мен кепiлдiктерiн бұзатын не нашарлататын ережелер болған жағдайда, оған еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi мемлекеттiк еңбек инспекциясына не сотқа шағым жасауға болады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      13-бап. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдердi есептеу

      1. Осы Кодексте, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта, келiсiмдерде белгiленген мерзiм күнтiзбелiк күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе күндермен есептелетiн уақыт кезеңiнiң аяқталуымен айқындалады. Мерзiм басталуға тиiс оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкiн.
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзiм жұмыс күндерiмен есептеледi.
      3. Уақыт кезеңiмен айқындалатын мерзiмнiң ағымы оқиғаның басталуы белгiленген күнтiзбелiк күннен кейiнгi күнi басталады.
      4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетiн мерзiмдер соңғы жылдың, айдың, аптаның тиiстi күндерi бiтедi. Егер айлармен есептелетiн мерзiмнiң бiтуi тиiстi күнi жоқ айға келетiн болса, онда мерзiм осы айдың соңғы күнi бiтедi. Күнтiзбелiк апталармен немесе күндермен есептелетiн мерзiмге жұмыс күнi емес күндер де қосылады.
      5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс күнi емес күнге келсе, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледi.

      14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын


              бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.



2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

      15-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң еңбек


               қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      1) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк бағдарламалардың әзiрленуiн және орындалуын ұйымдастырады;
      3) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттiк статистика жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      5) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      6) еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерiн, оны тағайындау және төлеу тәртiбiн айқындайды;
      7) екi айдан астам еңбекке уақытша қабiлетсiздiк мерзiмi белгiленуi мүмкiн ауру түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      8) орташа жалақыны есептеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi;
      9) Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұлттық компаниялардың, акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгiлiк ереженi бекiтедi;
      10) азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызметшiнiң бос лауазымына тұруға конкурс өткiзу тәртiбiн айқындайды;
      11) азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;
      12) жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiмен бас келiсiм жасасады;
      13) тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн белгiлейдi; 
      14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн бекiтедi;
      15) ұйымда кадрларды кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;
      16) салалық келiсiмдерде айқындалатын салалық арттырушы коэффициенттердi бекiтедi;
      17) бес адамнан көп адам қаза тапқан кезде топтық жазатайым оқиғаларды тергеуге комиссия құрады;
      18) еңбек кiтапшаларының нысанын, оларды жүргiзу және сақтау тәртiбiн бекiтедi;
      19) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      20) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-профилактикалық тағам, арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртiбi мен нормаларын бекiтедi, сондай-ақ қызметкерлердi ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi;
      21) он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шектi нормаларын бекiтедi;
      22) әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердiң ауыр заттарды қолмен көтеруiнiң және жылжытуының шектi нормаларын бекiтедi;
      23) ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi туралы үлгiлiк ереженi бекiтедi;
      24) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау тәртiбiн айқындайды;
      25) қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды;
      26) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      16-бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның


               еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi

      Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган:


      1) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады;
      4) мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi қызметiн үйлестiредi; P081353, P081351, P081335, P081331, P081265, P081198, P080217, P071398
      5) еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ қызметкерлердiң және жұмыс берушiлердiң өкiлдерiмен үйлестiрудi және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      6) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      7) еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
      8) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi;
      9) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi  бойынша параметрлердi ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi;
      10) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде жасалған салалық келiсiмдер мен өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады;
      11) мемлекеттiк еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргiзедi;
      12) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудiң уақтылы және объективтi жүргiзiлуiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асырады;
      13) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      14) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары жөнiндегi зерттеу бағдарламаларын әзiрлейдi;
      15) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-профилактикалық тағам, арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртiбi мен нормаларын, сондай-ақ қызметкерлердi ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртiбiн әзiрлейдi;
      16) анықтамалықтарды, бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеу, қайта қарау, бекiту және қолдану тәртiбiн айқындайды;
      17) экономикалық қызметтiң әрқилы түрдегi ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын қарайды және келiседi;
      18) тиiстi қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi бекiту тәртiбiн айқындайды;
      19) - 20) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      21) оларда жұмыс iстеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшерiне құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн, сондай-ақ оларды беру тәртiбiн айқындайды;
      22) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторингтi және тәуекелдi бағалауды ұйымдастырады;
      23) - 24) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      25) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      26) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
       Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      17-бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның


              аумақтық бөлiмшелерiнiң еңбек қатынастарын
              реттеу саласындағы құзыретi

      Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi :

      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      2) жұмыс берушiлер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;

      3) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiптiк аурулардың, кәсiптiк уланулардың себептерiне талдау жүргiзедi және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

      4) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тексередi;

      5) басшы қызметкерлердiң және жұмыс берушiлерде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың бiлiмiн тексерудi жүргiзедi;

      6) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;

      7) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерiмен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;

      8) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлердiң және олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарайды;

      9) өндiрiстiк объектiлерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингiн жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      18-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың еңбек


               қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi

      Жергiлiктi атқарушы органдар:


      1) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      2) жергiлiктi өкiлдi органның келiсiмiмен ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;
      3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады;
      4) халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететiн ұйымдар) ереуiл өткiзудi келiседi;
      5) жұмыс берушiлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiмен өңiрлiк (облыстық, қалалық, аудандық) келiсiмдер жасайды;
      6) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек нормаларын және еңбегiне ақы төлеу жүйесiнiң параметрлерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қарайды және келiседi;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн квота белгiлейдi;
      8) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТIЛЕРI. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ НЕГIЗДЕРI

      19-бап. Еңбек қатынастарының субъектiлерi

      1. Қызметкер мен жұмыс берушi еңбек қатынастарының субъектiлерi болып табылады.
      Шетелдiк заңды тұлға филиалының немесе өкiлдiгiнiң басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушiнiң барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық мiндеттерiн орындайды.
      2. Жеке және заңды тұлғалар нормативтiк құқықтық актiлер, сот шешiмдерi, сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенiмхат негiзiнде өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде қызметкерлердiң немесе жұмыс берушiнiң мүдделерiн бiлдiредi.

      20-бап. Еңбек қатынастарының туындау негiздерi

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында осы Кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының негiзiнде туындайды.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс берушiнiң актiлерiнде белгiленген жағдайларда және тәртiппен еңбек шартын жасау алдында:
      1) лауазымға сайлану (сайлау);
      2) тиiстi лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;
      3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекiту;
      4) заңда уәкiлеттiк берiлген органдардың белгiленген квота есебiне жұмысқа жiберуi;
      5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешiмiн шығару рәсiмдерi болуы мүмкiн.

      21-бап. Белгiленген квота есебiне жiберiлген


             азаматтармен еңбек шартын жасасу

      1. Жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн квота белгiлейдi.


      2. Жұмысқа орналасу үшiн жiберiлген адамдардың бiлiктiлiгi жұмыс берушiнiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, жұмыс берушiлер белгiленген квота шегiнде олармен еңбек шартын жасасады.

      22-бап. Қызметкердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қызметкердiң:

      1) осы Кодексте көзделген тәртiппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

      2) жұмыс берушiден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;

      3) еңбек қауiпсiздiгiне және еңбектi қорғауға;

      4) еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы толық және дәйектi ақпарат алуға;

      5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуiне;

      6) бос тұрып қалу үшiн осы Кодекске сәйкес ақы алуға;

      7) тынығуға, оның iшiнде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;

      8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз еңбек құқықтарының берiлуi мен оларды қорғау үшiн, кәсiподақ немесе басқа да бiрлестiктер құру, сондай-ақ оларға мүшелiк құқығын қоса алғанда, бiрiгуге;

      9) өзiнiң өкiлдерi арқылы ұжымдық келiссөздерге қатысуға және ұжымдық шарт жобасын әзiрлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;

      10) осы Кодексте көзделген тәртiппен кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға;

      11) еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты денсаулығына келтiрiлген зиянды өтетуге;

      12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға;

      13) кепiлдiктерге және өтемақы төлемдерiне;

      14) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға;

      15) бiрдей еңбегi үшiн қандай да болмасын кемсiтусiз бiрдей ақы алуға;

      16) еңбек дауын шешу үшiн таңдауы бойынша келiсiм комиссиясына, сотқа жүгiнуге;

      17) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

      18) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасында, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық  шартта көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етiлуге;

      19) өзiнiң денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн жағдай туындаған кезде, бұл туралы тiкелей басшы немесе жұмыс берушiнiң өкiлiн хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

      20) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмеуi себептi ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

      21) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне өзiнiң жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайларын тексеру туралы өтiнiш жасауға, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеру мен қарауға өкiлдiкпен қатысуға;

      22) жұмыс берушiнiң еңбек және сонымен тiкелей байланысты қатынастар саласындағы iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға;

      23) бiлiктiлiгiне, еңбектiң күрделiлiгiне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегiне ақы төленуiне;

      24) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және ұжымдық шартта көзделген нысандарда ұйымды басқаруға қатысуға;

      25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен, ереуiлге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге құқығы бар.

      2. Қызметкер:

      1) еңбек мiндеттерiн еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушiнiң актiлерiне сәйкес орындауға;

      2) еңбек тәртiбiн сақтауға;

      3) жұмыс орнында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгi мен өндiрiстiк санитария жөнiндегi талаптарды сақтауға;

      4) жұмыс берушiнiң және қызметкерлердiң мүлкiне ұқыпты қарауға;

      5) адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жұмыс берушi мен қызметкерлер мүлкiнiң сақталуына қауiп төндiретiн ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушiге хабарлауға;

      6) еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне мәлiм болған мемлекеттiк құпияны, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;

      7) жұмыс берушiге келтiрiлген зиянды осы Кодексте белгiленген шектерде өтеуге мiндеттi.

      3. Қызметкердiң осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де мiндеттердi атқарады.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      23-бап. Жұмыс берушiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi



      1. Жұмыс берушiнiң:
      1) жұмысқа қабылдау кезiнде таңдау еркiндiгiне;
      2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртiппен және негiздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
      3) өз өкiлеттiгi шегiнде жұмыс берушiнiң актiлерiн шығаруға құқығы бар.
      Еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты актiлер шығару осы Кодекстiң 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
      4) өз құқықтары мен мүдделерiне өкiлдiк ету және оларды қорғау мақсатында бiрлестiктер құруға және оларға кiруге;
      5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртiптемесi ережелерiнiң және жұмыс берушiнiң басқа да актiлерiнiң орындалуын талап етуге;
      6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен қызметкерлердi көтермелеуге, оларға тәртiптiк жаза қолдануға, қызметкерлердi материалдық жауапкершiлiкке тартуға;
      7) еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң келтiрген зиянын өтетуге;
      8) еңбек саласындағы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге;
      9) қызметкерге сынақ мерзiмiн белгiлеуге;
      10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертiлген болса, қызметкердi оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.
      2. Жұмыс берушi:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келiсiмдердiң, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздерi шығарған актiлердiң талаптарын сақтауға;
      2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
      3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша iшкi  бақылауды жүзеге асыруға;
      4) қызметкерге еңбек шартында келiсiлген жұмысты беруге;
      5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген жалақы мен өзге де төлемдердi уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
      6) қызметкердi ұйымдағы iшкi еңбек тәртiбi қағидаларымен және жұмыс берушiнiң қызметкердiң жұмысына (еңбек функциясына) тiкелей қатысы бар өзге де актiлерiмен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
      7) қызметкерлердiң өкiлдерiне ұжымдық келiссөздер жүргiзу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшiн қажеттi толық және дәйектi ақпарат беруге;
      8) қызметкерлер өкiлдерiнiң ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұжымдық шарт жасасуға;
      9) қызметкерлердi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
      10) қызметкерлердi жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi өзге де құралдармен өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;
      11) мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
      12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердiң және өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына қауiп төндiретiн болса, жұмысты тоқтата тұруға;
      13) қызметкерлердi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды жүзеге асыруға;
      14) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
      15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
      16) қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы деректердiң сақталуын және мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;
      17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыс жағдайлары мен кәсiптiк аурудың болу мүмкiндiгi туралы ескертуге;
      18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауiп-қатердi болғызбау жөнiнде шаралар қабылдауға, өндiрiстiк және ғылыми-техникалық прогрестi ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргiзуге;
      19) жұмыс уақытының, оның iшiнде әрбiр қызметкер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебiн жүргiзуге;
      20) қызметкерлердiң кәсiби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуiн және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге;
      21) қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;
      22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, еңбек жағдайы және еңбектi қорғаудың жай-күйiн және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиға мен кәсiптiк ауруларды тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;
      23) жұмысқа қабылдау кезiнде осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшiн қажеттi құжаттарды талап етуге;
      24) жұмыс берушi айқындайтын, он сегiз жасқа дейiнгi қызметкерлердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және туған күнi көрсетiлетiн тiзiлiмдердiң немесе басқа да құжаттардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Жұмыс берушiнiң осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де мiндеттердi атқарады.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет