«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар



бет39/51
Дата15.02.2024
өлшемі280.68 Kb.
#491990
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар-emirsaba.org

3.Полиакрилонитрилді (нитрон, акрил, эластан(лайкра)) ең төзімді, берік, жылы, үлпілдек талшықтар. Олардан жасалған маталар жүнге ұқсас. Нитрон мен акрил талшықтарынан трикотаж бұйымдарын, сондай-ақ иірілген жіп дайындау кезінде пайдаланылады. Жүн, мақта, вискозаға қосып көйлектік және костюмдік маталар әзірленеді. Эластанды. көбінесе басқа талшықтармен қосып пайдаланылады. Денеге жабыстыра киетін шалбар, джинсы, трикотаж, шұлық жасау кезінде қолданады Нитрон, акрил, эластан жоғары температураға төзбейді, қоңыр түске еніп, балқиды,сонан соң бықсыған жалынмен жанады.
Химиялық талшықтардан иірілген жіпті үш кезеңнен тұратын күрделі технология бойынша алады:
  • Иіру ертіндісін алу


  • Талшықтарды қалыптау


  • Өңдеу



Бірінші кезең - бастапқы материалдардан химиялық жолмен сұйық және жабысқақ иіру массасын алу
Екінші кезең- алынған масса химиялық талшық жасалатын жіп иіру машинасына түседі. Осы машинадағы сүзгілер көмегімен дайын массадан талшықтар түзіледі. Бір машинада 60-100 сүзгі болады.Олар өте ұсақ саңылаулары бар шағын металл қалпақша түрінде болады. Сүзгідегі саңылаулар саны 24-36мыңға дейін.
Үшінші кезең – талшықтарды өңдеу.Алынған жіптер жуудан, құрғатудан,иіруден,термиялық өңдеуден өтеді. Кейбір талшықтарды ағартады, бояйды және жұмсарту мақсатында сабын ертіндісімен өңдейді
Химиялық талшықтарды жасау ерекшелігі: Оның қалыпталу процесі бір мезгілде оны иіру де болып табылады.
36. Каучук және резеңке өндірісі. Силиконды резинаның медицинада қолданылуы.
Каучук — эластикалық, су және электр өткізбеушілік қасиеттерімен сипатталатын табиғи немесе синтетикалық эластомерлер, оларды вулканизациялау арқылы резеңкелер мен эбониттер алуға болады.
Резинаны алудың негізгі шикізаты шикі каучук болып табылады. Өз бетінен каучук ештеңеге қолданылмайды. Каучук жоғары молекулалық қосылыстарға жатады. Сыртқы күштің əсерінен оңай деформацияланып одан кейін бұрынғы қалпына тез келеді. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады: каучуктың макромолекуласы бүктелген күйде болады да, түскен күшті алғаннан кейін қайтадан бүктеледі.
Резинаны дайындау үшін табиғи жəне синтетикалық каучуктерді қолданады. Бізде резинаны өндіру бірнеше сатылардан тұрады.
Резина бұйымдарын дайындау. Қолдануына байланысты резиналар мынадай топқа бөлінеді.
-50+150 ℃ температурада қолданылатын, жалпы міндет атқаратын резианалар (шиналар, аяқ киім, ремендер, амортизатор жəне т.б.).
150 ℃ жоғары температурада қолданылатын температураға тұрақты резиналар (машина, ұшақ бөлшектері, электрқозғалтқыштар жəне т.б.)
Аязға тұрақты резиналар.
Озон, оттегі, қышқыл, сілті тұздар жəне т.б. химиялық реагенттерге тұрақты резиналар.
Бензин, керосин, мұнай, майға тұрақты резиналар.
Жылу изоляциялық материалдарға қолданатын газ толықтырғыш резиналар.
Рентген аппараттарының бөлшектерін дайындауға қолданатын радиацияға тұрақты резиналар.
Кабелдерді изоляциялауға жəне т.б. қолданылатын диэлектрикалық резиналар.
Резина бұйымдарын өндіру: шикі резинаны дайындау, формалау, вулкандау сияқты үш негізгі сатыдан тұрады.
Шикі резинаның қоспасын дайындауға:
Каучук пен ингредиент дайындау. Ингредиент резина қоспасының құрамына кіретін əртүрлі органикалық жəне минералдық заттар.
Компоненттерді өзара араластыру.
Алынған қоспаларды дайындау жəне формалау сияқты мынандай операциялар кіреді.
Резина бұйымдарын əрі қарай қолдану жағдайына байланысты əртүрлі мөлшерде резина қоспасының құрамына бірнеше ингредиент компоненттері кіреді. Мысалы, солтүстікте, оңтүстікте жəне тропикте жұмыс істеуге арналған мөлшері де конструкциясы да бірдей шиндерді əртүрлі рецепті қоспалардан дайындайды. Сондықтан əртүрлі резина бұйымдарын алу үшін қоспаның құрамы əртүрлі болады
Резина бұйымдарын дайындаудың ең соңғы сатысы вулкандау болып табылады. Вулкандау кезінде бұйымның формасы бекиді.
Вулкандау үрдісі кезінде каучуктың сызықтық құрылымды макромолекуласы, вулкандаушы қоспаның (күкірт жəне органикалық асқын тотығы) қатысуымен, өзара көлденең байланыстармен байланысып кеңістіктік құрылым түзеді:

Вулканизатордың мөлшеріне байланысты жұмсақ жəне қатты эбонит резина алуға болады. Вулкандағаннан кейін шикі резинадан жасалған бұйым өзінің пластикалық қасиетін толық жойып, иілгіш солқылдақ, мықты жəне химиялық реагенттерге тұрақты болады.


Вулкандау үрдісі 125-180℃ температурада арнаулы аппаратта (қыздыратын қазан, пресс, автоклав пресс) 0,3-0,5 МПа қысымда, қаныққан бу атмосферасында, ыстық ауада жəне т.б. жағдайда жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет