Жалпы жертанудан практикалық сабақтарының жоспары



бет2/2
Дата17.04.2024
өлшемі43.82 Kb.
#499067
түріСабақ
1   2
Практикалық тапсырмалар (9)

Методикалық нұсқаулар: Берілген сұрақтарға дәптерде қосымша жауап беру. Кесте мәліметтерін талдап түсіндіру.

3 практикалық жұмыс


Тақырыбы: Гидросфера географиялық қабықтың құрам-бөлігі ретінде (3 сағ.).

Материал мен құралдар: миллиметрлік қағаз; қазақстанның физикалық картасы; дүние жүзінің физикалық картасы; дүние жүзінің кескін картасы;



Сұрақтар:

  1. Гидросфера ұғымына анықтама беріп, оның негізгі бөліктерін сипаттап беріңдер.

  2. Жерасты сулары қалай пайда болады?

  3. Жату ерекшелігіне байланысты жерасты суларын қалай бөледі.

  4. Жерасты сулары химиялық құрамына байланысты қалай бөлінеді?

  5. Өзен, бастау, саға дегеніміз не?

  6. Өзен жүйесі, өзен алабы, суайрық дегеніміз не?

  7. Сабасына түсу, су тасу(половодье), қайту (паводок) дегеніміз не?

  8. Өзендердің негізгі қоректену типтері?

  9. Көл дегеніміз не?

  10. Көлдің қалыптасуы үшін қандай жағдайлар қажет?

  11. Шығу тегі бойынша өзендерді қалай бөледі?

  12. Көл теңізден қалай ажыратылады?

  13. Мұздықтар қалай және қай жерлерде қалыптасады?



Тапсырма:

  1. Төмендегі 4 және 5 кестелерді талдап, мына сұрақтарға жауап беріңдер.

Гидросфераның негізгі бөлігі қайда шоғырланған?
Континентердегі гидросфераның басым бөлігі қайда шоғырланған?
Өзендердегі, көлдердегі және мұздықтардағы су көлемін салыстырыңдар?
Гидросфераның қай бөлігі атмосферадағы ылғалдың негізгі көзі болып табылады.

4 кесте. Жер шарындағы гидосфераның әр түрлі бөліктеріндегі судың алмасу белсенділігі менсудың көлемі

Гидросфера бөліктері



Көлемі



Шартты түрде су алмасу ұзақтығы

мың км3

жалпы көлемнің%

тұщы су көлемінің%

Әлемдік мұхит

1338000

96,5

-

250 жыл

Жерасты сулары

23700

1,72

30,9

1400 және көп жылдық тоң зонасында 10000 жыл

Мұздықтар

26064

1,74

68,7

9700 жыл

Көлдер

176

0,013

0,26

17 жыл

Топырақтағы су

16,5

0,001

0,05

1 жыл

Атмосферадағы су

12,9

0,001

0,037

8 тәулік

Батпақ

11,5

0,0008

0,033

5 жыл

Су қоймасы

6

0,0004

0,016

0,5 жыл

Өзендер

2

0,0002

0,006

16 тәулік


5 кесте. Жердің су балансы

Территория

Ауданы мың км2

Көлемі мың км3

Булану мың км3

Құрлық

149 000

119

72

Әлемдік мұхит

361 000

458

505

Жер шары

510 000

577

577



  1. Әлемдік су айналымының сызбасын жасаңдар. Бағандық диограммамен жауын – шашын мөлшері мен буланудың арақатынасын көрсетіңдер:

а) мұхитта жауын шашын - 412 мың км3, булану - 447 мың км3
ә) құрлықта жауын шашын – 99 000 км3, булану – 62 000 км3

  1. Физикалық картаны пайдалана отырып өз қалауларың бойынша кез келген бір өзеннің ұзындығын анықтаңдар?

  2. 6 кесте мәліметтерін пайдалана отырып Еділ өзенінің бастауынан сағасына дейінгі профильін түсіріңдер. Абсцисс осінде арна кескіндерінің арақашықтығы көрсетілсе, ординат осінде биіктік көрсетіледі. Біршама қолайлы масштаб: горизонтальды 1:100 000 000(5 000 000), вертикальды 1:2000 (1:1000). Арна үлескілерінің құламалылығымен (падение), еңкіштігін (уклон) есептеңдер?

6 –кесте. Еділ өзені арнасының биіктік сипаттамасы

Бастаудан арақашықтығы,км

Теңіз деңгейінен биіктігі, м

Құлауы ,м

Еңкіштігі м/км

Бастау
300
600
900
1200
1500
2100
2400
2700
3000
Сағасы 3531

228
150
100
75
60
45
15
0
-5
-15
-28









  1. 7- кестені пайдалана отырып жер шарындағы ірі көлдердің максимальды тереңдіктерінің бағандық диаграммасын жасаңдар?

7- кесте. Жер шарындағы ірі көлдердің тереңдіктері

Көлдің атауы

Тереңдігі, м

Көлдің атауы

Тереңдігі, м

Каспий
Жоғарғы
Виктория
Гурон

1025
393
80
208

Мичиган
Байкал
Танганьика
Ладож
Ньяса

281
1620
1470
230
706



  1. 8 –кесте мәліметтерін пайдалана отырып әр түрлі ендіктердегі қар сызығы биіктігінің графигін салыңдар. График салу үшін абсцисс осінде географиялық ендікті, ординат осінде қар сызығының биіктігін белгілеңдер.Горизонталдық масштабы: 1см -50, вертикальдық: 1см – 300м. Ендіктер бойынша қар сызығының әр түрлі орналасуының себептерін түсіндіріңдер?

8 –кесте. Жер шарының әр түрлі ендіктеріндегі қар сызығының биіктіктері

Солтүстік жарты шар

Оңтүстік жарты шар

Ендік, градустар

Қар сызығының биіктігі, м

Ендік, градустар

Қар сызығының биіктігі, м

90-80
80-70
70-60
60-50
50-40
40-30
30-20
20-10
10-0

650
790
1150
2500
3170
4900
5250
5475
4675

90-80
80-70
70-60
60-50
50-40
40-30
30-20
20-10
10-0

0
0
0
890
1700
3200
5300
5780
4720

4 практикалық жұмыс


Тақырыбы: Литосфера бетінің геоморфологиялық ерекшеліктері
(3 сағ.).

Сұрақтар:

  1. Литосфера ұғымына анықтама беріп, оның құрылысын сипаттап беріңдер.

  2. Жердің тарихын қандай дауірлер мен кезеңдерге бөлеміз?


Тапсырма:

  1. Дүние жүзінің кескін картасында: мұхиттардың шекарасын, олардың терең жерлерін; Еуропа мен Азияның шекарасын, материктердің шеткі нүктелерін түсіріңдер.

  2. 9 –кесте мәліметтерін пайдалана отырып, Жердегі әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктерді алып жатқан аудандардың гипсографиялық қисық сызығын жасаңдар? Гипсографиялық қисық сызықты бағандық диаграмма жасаудан бастаған жөн. Миллиметрлік қағазда нөлден жоғары қарай биіктікті, төмен қарай тереңдікті (ұсынылатын масштаб1см – 100м) белгілеңдер. Бағандық диаграммалардың ені алып жатқан биіктіктің (тереңдіктің) ауданының масштабына сай келуі тиіс (ұсынылатын масштаб 1см – 25 млн км2). Сызбада сол жақтан оңға қарай биіктік азаяды, ал тереңдік керісінше өседі. Қара қарандашпен сызылған диаграммада биіктік бағандардың сол жақ бұрыштарын, төменгілердің оң жақ бұрыштарын қосыңдар.

9 –кесте. Әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктердегі жер үсті аудандарының қатынасы

Құрлық

Мұхит

Биіктік, м

Ауданы,
млн км2

Тереңдік, м

Ауданы,
млн км2

8848 – 3000
3000 – 2000
2000 – 1000
1000 – 500
500 – 200
200 – 0

6
10
24
27
33
49
149

0 – 200
200 – 1000
1000 – 2000
2000 – 3000
3000 – 4000
4000 – 5000
5000 – 6000
6000 – 11022

28
15
15
24
71
119
84
5
361



  1. 10 – кесте мәліметтерін пайдалана отырып, материктердің ауданының, олардың орташа биіктіктерінің және максимальды биіктіктерінің бағандық диаграммасын жасаңдар. Бағандық диаграмма жасау үшін келесі масштабтар ұсынылады: 1) материктердің аудандарының диаграммасы үшін 1см - 6 млн км2; 2) материктердің орташа биіктіктерінің диаграммасы үшін 1см – 200м; 3) материктердің максимальды биіктіктері үшін 1см – 1000м.

10 – кесте. Материктердің аралдармен қоса алғандағы ауданы, олардың орташа және максимальды биіктіктері.

Материктердің атауы

Ауданы,
млн км2

Орташа биіктік, м

Максимальды биіктіктері, м

Еуразия

54,9

840

8848
Джомолунгма

Африка

30,30

750

5895
Килиманджаро

Солтүстік Америка

24,25

720

6194
Мак-Кинли

Оңтүстік Америка

18,28

590

6960
Аконкагуа

Аустралия

8,89

340

2230
Косцюшко

Антарктида

13,97

қатты бетте
410
мұзды бетте
2040

5140
Винсон массиві


Методикалық нұсқаулар: Сұрақтарға дәптерлеріңде қысқаша жауап беру. Берілген тапсырмаларды жоғарыда түсіндірілгендей дәптерлеріңде орындау.

5 практикалық жұмыс


Тақырыбы: Биосфера (1 сағ.).
Сұрақтар:

  1. Биосфера деп нені айтамыз?

  2. Басқа жер қабықтарынан биосфера несімен ерекшеленеді?

  3. Биосфераның шекарасы қандай?

  4. Неліктен табиғатта үнемі зат айналымы жүріп тұрады?

  5. Биосфераны құруда тірі организмдердің рөлі қандай?

  6. Топырақ дегеніміз не?

  7. Топырақ қандай негізгі бөліктерден тұрады?

  8. Топырақтың механикалық құрамы неге негізделген?

  9. Топырақтың негізгі горизонттарын қысқаша сипаттап беріңдер.

  10. Қазақстанның негізгі топырақ типтерін атаңдар?

  11. Шымды – күлгін топырақ пен қара топырақтарды өзара салыстырыңдар?

  12. Адам биосфераға қалайша әсер етеді?

  13. Топырақты қорғау шараларын атаңдар?


Тапсырма:
1.Қазақстан табиғатын қорғау бойынша баяндама жазу:

  1. Атмосералық ауаны қорғау

  2. Су ресурстары және оларды қорғау

  3. Балық ресурстарын қорғау

  4. Топырақты қорғау

  5. Жер қойнауын қорғау

  6. Ормандарды қорғау

  7. Жануарларды қорғау

2. Дүние жүзінің топырақ және өсімдік картасын пайдаланып, 800 ш.б. бойымен олардың өзгерістерін бақылау, физикалық картамен салыстыру, топырақ пен өсімдіктер өзгерісінің рельеф және климатқа тәуелділігін анықтау. Бұл тәуелділік қай жерлерде жақсы, ал қай жерлерде нашар байқалады? Неліктен?
Методикалық нұсқаулар: Берілген сұрақтарға дәптерлеріңе қысқаша қонспек жазу немесе ауызша жауап беру. Өз қалауларың бойынша Қазақстан табиғатын қорғау тақырыбтары бойынша баяндама әзірлеу.

6 практикалық жұмыс


Тақырыбы: Жердің географиялық қабығы (2 сағ.).

Сұрақтар:

  1. Географиялық қабықтың құрылысы.

  2. Табиғаттағы зат айналымы.


Тапсырма:

  1. Географиялық қабықтың вертикальдық құрылысының сызбасына қарап (1 – сурет), оның шекарасын, қай жерлерден төменгі, қай жерлерден жоғарғы шекарасы өтетінгін, оның құрамына басқа қандай қабықтардың бөліктері кіретіндігін анықтаңдар? Ол қандай компоненттерден тұрады? Табиғат компоненті дегеніміз не? Табиғат компоненттерін атаңдар? Әр түрлі табиғат кешендеріне мысалдар келтіріңдер?


1-сурет. Географиялық қабықтың вертикальдық құрылысы




1- базальттық қабат; 2- граниттік қабат; 3- стратосфера және желдету қабаты (кора выветривания); 4- мұхит түбінің базальты; 5- биомассасы төмен аудандар; 6- биомассасы жоғары аудандар; 7- мұхит сулары; 8- теңіз мұздары; 9- континентальдық беткейлердің терең қабаттық бұзылулары; 10- географиялық қабықтың шекаралары. Алисов Б.П. бойынша географиялық белдеулер: А –арктикалық; СА – субарктикалық; У – қоңыржай; СТ – субтропиктік; СЭ – субэкваторлық; Э – экваторлық; Т – тропиктік; САн – субантарктикалық; Ан – антарктикалық.



  1. Келесі сұрақтарды қамти отыра «Зональдылық географиялық қабықтың маңызды заңдылығы» тақырыбында баяндама жазыңдар:

  1. зональдылық түсінігін анықтаңдар;

  2. зональдылық себептері;

  3. зональдылық туралы түсініктің даму тарихы;

  4. салалық және кешендік зональдылық;

  5. географиялық қабықтың зоналық дифференциациясы – географиялық белдеу, зона, подзона, оларды бөлу принциптері. Әлемдік мұхиттағы зональдылық және оның көрініс беру ерекшеліктері;

  6. зональдылықтың адам өмірі мен қызметіне әсері.

Баяндаманы 3 – 4 студенке дейін дайындай алады.

  1. Тақырып бойынша тест құрастыру.

  2. Сөздік жұмыс.


Методикалық нұсқаулар: Берілген сұрақтарға дәптерге қысқаша жауап беру. Сурет бойынша берілген сұрақтарға жауап беру. Көрсетілген сұрақ тізімдеріне пайдалана отырып баяндама жазу. Тест тапсырмаларын жасау.
7 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Географиялық орта және Қоғам (1 сағ.).

Сұрақтар:

  1. Географиялық орта түсінігі.

  2. Табиғатқа анропогендік фактордың ықпалы.


Тапсырма:

  1. Реферат дайындау

  2. Осы тақырып бойынша тест дайындау.

  3. Сөздік жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет