Әскердегі эпидемиялық аурулардың алдын алуды қамтамасыз етудің басты шаралары болып табылады:
- нақты жағдайды эпидемиологиялық болжау, жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды дер кезінде анықтап, жедел түрде оңашалап, ауруханағажатқызу;
- әскери коммуникацияларда эпидемияға қарсы тосқауылдар (санитарлықбақылау және оңашалап өткізу пункттері жүйесін) құру; - әскери жеке құрамның арасындағыжұқпалы аурулардың арнайы алдыналуы;
- әскерді моншамен, кір жуумен, дер кезінде дезинфекциялық шаралармен қамтамасыз ету.
Әскердің орналасу орнының тез арада ауысуы, жұқпалы аурулар тіркелген қолайсыз аудандарда тұруға мәжбүр болуы, физикалық жүктеме, тағаммендұрысқамтамасыз етілмеуі және басқа да факторлар жұқпалы аурулардың пайда болуына әкеп соғады. Бұл жағдайларда ең басты міндет, әскерді эпидемияғақарсы шараларды іске асыруға үйретудің дұрыс ұйымдастырылуы.
Әскерді эпидемияға қарсы шаралардыіске асыруға үйрету - бұл әскер арасында жұқпалы аурулардың пайдаболуын, жойылуын ескерту және жеке құрамның әскери дайындықмүмкіншілігін арттырып, денсаулығыннығайтуғабағытталған эпидемияға қарсы медициналық-ұйымдастырушылық шаралар жүйесі.
Оның негізгі міндеттері:
-бөлімшелерге жаңадан келіптүскендермен бірге жұқпалы аурулардыңенуінескерту шаралары, сонымен қатартұрғындардан, әскери тұтқындардан және табиғи ошақтағы жұқпалы аурулардан әскери құрамның зақымдалуыныңалдыналу;
- жұқпалы аурулармен ауырған -науқастарды дер кезінде анықтау, оңашалау,қажетті шараларды орындай отырып, жұқпалы аурулар бөліміне жеткізу;
- жұқпалы аурулардың созылмалы түрімен ауырған адамдарды және бактерия тасымалдаушыларды анықтап, тіркеу және емдеу;
- медициналық тасымалдау сатыларында қатаң түрдегі эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау;
- зақымдалу қаупі бар адамдарды
-анықтау, оларға медициналық бақылауды ұйымдастыру;
- бөлімшелерде оңашалау-шектеу шараларын жүргізу;
- дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу
- жедел және арнайы алдын алу жұмыстарын жүргізу;
- санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |