«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет9/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

8. Қан инфекцияларының алдын алудың негізгі принциптеріинфекция көзінетаралу жолдарына, организмнің қабылдағыштығына қатысты жүргізілетін іс-шаралар.
Қан инфекциялары қан арқылы ағзасына патогенді организмдер ағзасына түскен кезде орын алатын жұқпалы ауру болып табылады. Қан инфекцияларына Гепатит В,С,Д,G, оба,қызба,безгек жатады.
Қан арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу шараларына мыналар жатады:
1)Қан арқылы берілетін ЖИТС сияқты инфекциялар туралы халық арасында тренингтер ұйымдастыру
2)Кейбір инфекцияларға қарсы мәселен В және Д гепатитке қарсы вакциналар алу.С гепатитке вакцина жоқ
3)Егер қан инфекциялары трансмиссивті берілетін болса,ауру адамдарды оқшаулау.Мысалы бөртпе сүзекте.
4)Медициналық қызметкерлер бір реттік пайдаланатын құралдарды пайдалануы керек.
Инфекция көзіне бағытталған шараларға:
1)Ауырған науқасты госпитализациялау
2)Ауырған адамдарға антибиотиктермен курс тағайындау.
Берілу механизміне қарсы: Медперсоналдардың бір реттік құралдарды пайдаланып,медициналық кластарға сәйкес заттарды тастауы.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану
Қабылдаушыға қарсы:Вакцина,Антибиотиктермен емдеу.

9. Шигеллез. Анықтамасы, қазіргі уақытта науқастан бөлінетін қоздырғыштардың негізгі түрлері. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Клиникалық формалары. Зертханалық диагностика. Алдын алу.ЭҚШ.
Анықтамасы. Бактериальді дизентерия (синонимі-шигеллез) - шигеллалармен шақырылатын, фекальді-оральді жүқтыру механизммен, интоксикация белгілерімен және тоқ ішектің дистальді бөлігінің зақымдалуымен, іште толғақ тәрізді ауру сезімінің пайда болуымен, шырыш және қан аралас жиі іш өтуімен, тенезмалармен сипатталатын ішек инфекцияларының аурулар тобына жататын антропонозды ауру
Этиологиясы. Бактериальды дизентерияның қоздырғышы - шигелла туыстығына жататын қозғалмайтын грам-теріс микроорганизмдер. Қазіргі жіктелуі бойынша шигеллалар 4 түрге бөлінеді:
1) Sh.disenteriae – бұған Григорьев-Шига, Штуцер-Шмитц жэне Лардж-Сакс бактериялары кіреді.
2) Sh.flexneri - бүл түрдің ішіне Sh.newcastle кіреді,
3)Sh.boydii .
4)Sh.Sonnei.
Зонне шигелласынан басқа әрбір түрі бірнеше серовардан түрады. Шигеллалардың қабырғасының құрамына эндотоксиндер-белоктілипосахаридті комплекс кіреді. Шигеллалардың құрамында эндотоксин бар, ол интоксикация белгілерін тудырады. Шигеллалардьщ экзотоксин тузу қабілеттігі бар, олардың ішінде энтеротоксин жэне цитотоксин бар. Энтеротоксин ішек қуысына су мен электролиттің түзілуіне себеп болады, ал цитотоксин ішектің эпителиальды жасушаларының мембраналарын зақымдайды. Григорьев-Шига шигелласы ең күшті токсин - нейротоксин түзеді. Шигеллалардың О- жэне К-антигені бар. О-антиген шигеллалардьщ серологиялық арнайылыгын көрсетеді, К-антиген қабықшаның структурасы болып табылады. Соңғы уақытқа дейін шигеллалардың физико-химиялық фактордың әсеріне турактылығы төмен жэне олар сыртқы ортаға тускенде тез өледі деп есептелген. Соңгы жылдары сыртқы орта факторлары әсерінен олардың эволюциялық өзгергіштігі нәтижесінде шигелла турақтылығы ана-ғұрлым жоғары болғаны туралы мәлеметтер пайда болды. Кейбір жұмыстарда дизентерия бактериялардың құбыр суларда 25-30 тәулік, топырақта жыл мезгіліне орай бірнеше айлар өмірін сақтай алатындығы көрсетілген, Қоздырғыш турмыстық заттарда: жихаздарда, төсек орныда, ойыншықтарда, ыдыстарда, есік тұтқасында т.б. заттарда ұзақ сақталуы мүмкін. Сондықтан, шигеллездің негізгі берілу жолы контактілі-тұрмыстық («лас қолдың ауруы» деп аталады). Шигеллалар дезинфекциялық заттар әсерінен тез тіршілігін жояды, тікелей күн сэулесінде 30 мин. дейін, ультракүлгін сәуледе 10 минутқа дейін тіршілік сүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет