«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Бактериологиялық (биологиялық) барлау



бет65/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Бактериологиялық (биологиялық) барлау— қарсыластың биологиялық (бактериологиялық) каруды қолданғандығын, оны колданған құралдары мен тәсілдерін, ауру қоздырушылардың түрлерін (типтерін), зақымданған аудандардың көлемі (зақымдау ошағының шекарасы) мен қауіптің ұзақ уақыт сақталу мүмкіндігін анықтауға арналған арнаулы күштер мен құралдардың іс-әрекеті.
Барлау Азаматтық қорғаныс іс-шаралары мен күштерінің әрекеттерін қамтамасыз етудің аса маңызды түрі болып табылады. Ол төтенше жағдайлардан қорғау және зақымдаушы заманауи құралдарын қолдану ке-зіндегі құтқару және басқа да жедел қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу жөнінде дер кезінде дұрыс шешім қабылдау үшін қажетті мән-жай туралы мәліметтерді алу мақсатында алдын ала ұйым-дастырылады және жүргізіледі.
Барлауға қойылатын басты талаптар: үздіксіздік, белсенділік, мақсатқа ұмтылушылық, алынған барлау мәлметтерінің кешіктірілмеуі мен дұрыстыгы болып табылады.
Барлаудың негізгі міндеттері:
• бейбіт уақыттағы күнделікті жағдайларда — мал шаруашылың өнімдерінің, ауаның, судың, топырақтың, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің және сыртқы ортаның басқа да нысандарының радиоактивті, химиялық, бакте-риологиялық уландырушы заттармен зақымдануына лабораториялық тексеріс пен үздіксіз бақылау жүргізу;
• қалалар мен басқа да елді мекендердің санитарлық-гигиеналың жай-күйі мен жануарлар орналасқан, жайылатын және су ішетін жерлердің эпизоотикалық жай-күйін анықтау;
• ауа мен егінде өсімдік ауруларын қоздырғыш споралардың бар екендігін анықтау;
• сыртқы орта объектілерінің радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық зақымдану деңгейлерін арттыру көздерін айқындау және оларға тұрақты бақылау жасауды жүзеге асыру;
• төтенше жағдайлар туу қаупін білдіретін белгілерді анықтау;
• бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда апат ошағы (ауданы) мен оның таралу бағытының шекараларын анықтау; *
• тікелей қатер төніп тұрған объектілер мен елді мекендерді айқындау;
• адамдар шоғырланған жерлерді анықтау;
• құтқару жүмыстары жүргізілетін жерлерге техниканың келетін жолдарын белгілеу;
• ғимараттар мен құрылыстардың зақымдану жай-күйі мен оларда шұғыл көмекке мұқтаж зардап шегушілердің бар-жоғына көз жеткізу;
• технологиялық желілер мен коммуналды-техникалық тораптардағы апат орындарын, ондағы қирау деңгейлерін анықтау;
• алда тұрған құтқару және басқа да жедел қалпына келтіру жұмыстарының көлемін, олардың жүргізу жағдайларын анықтау;
техниканы, механикалық қүралдарды және т.б* қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
• Азаматтық қорғанысты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстырған кезде сыртқы орта объектілерінің зақымдану деңгейіне зертханалық және үздіксіз бақылау жүргізу;
• эвакуацияланған және шоғырландырылған халық пен Азаматтық қорғаныс күштері орналасқан аудандардағы эпидимиялогиялық, санитарлық-гигиеналық жағдайды анықтау;
• халықты шоғырландыру мен эвакуациялау және зақымданудың мүмкін болатын ошақтарына Азаматтық қорғаныс күштерін енгізу бағытындағы жолдардың, зақымданған құрылыстар мен су жолдарының жай-күйін нақтылау;
• заманауи құралдарды қолдану орнын, уақыты мен түрін анықтау, шабуылға ұшыраған аудандарды (объектілерді), олардың қирау дәрежесін анықтау;
• радиоактивті, химиялық және бактериялық зақымдануды табу;
• радиация деңгейлерін, уландырушы (күшті әсер етуші, улы) заттар үлгілері мен мөлшерлерін және бактериялық құралдар түрін, зақымдану аймақтарының шекаралары мен ластанған ауаның таралу бағытын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет