«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Бактериологиялық қару. БҚ туралы түсінік. БҚ қолдану түрлері мен тәсілдері



бет67/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

56. Бактериологиялық қару. БҚ туралы түсінік. БҚ қолдану түрлері мен тәсілдері.
Бактериологиялық (биологиялық) қару — жаппай зақымдаушы қару. Оның әсер етуі адамдарда, жануарлар мен өсімдіктерде жаппай әр түрлі ауру туғызатын микроорганизмдер мен уларды пайдалануға негізделген. Бактериологиялық қарудың негізі ауру туғызатын микроорганизмдер мен улардан тұрады: вирустар, бактериялар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар, ботулизм уы, т.б. Адамдарды зақымдайтын микроорганизмдер: обаның, тырысқақтың, түйнеме, туляремия, бөртпе және іш сүзегінің, пситтакозаның қоздырғыштары т.б. Малдарды зақымдау үшін түйнеме мен маңқа (сапа) қоздырғыштарымен катар ірі қара, шошқаның және т.б. аусыл, обаларының вирустары да колданылуы мүмкін. Өсімдіктерді ауруға ұшырататын бірқатар микроорганизмдер белгілі. Дәңді дақылдарда масақтың қараюы, картоп фитофторозасы, күріш пирикулярнозы, т.б. Адам бактериялық заттармен тыныс мүшелері, асқазан-ішек жолдары, шырышты қабықтары аркылы, сондай-ақ осы вирустармен зақымданған таратушылар шаққан кездерде закымданады. Атмосфераның жерге жақын қабаттарын аэрозольмен зақымдау үшін бактериялық заттар сұйық немесе құрғақ рецептуралар түрінде қолданылады. Сонымен қатар олар зақымданған жәндіктер, кенелер мен кеміргіштер арқылы да тарайды. Ауаның жерге жақын қабатын закымдау және ауру таратушыларды тарату үшін: жарылу арқылы әсер ететін (ракеталардың биологиялық жарылыс бөліктері, авиациялык бомбалар мен кассеталар, артиллериялық снарядтар. миналар мен фугастар), механикалық жолмен ашылатын (вирус тараткыштар салынған энтомологиялық бомбалар, контейнерлер) биологиялык қару-жарақтар мен аспаптар қолданылады. бактерологиялық қаруды зымыран, ұшақ, т.б. жеткізуші техниканы қолданады.
Биологиялық қарудың зақымдаушы әсерінің ерекшеліктеріне жатады:
1) жоғары потенциалды тиімділігі–адамдарды немесе жануарларды биологиялық қарумен аз мөлшерде зақымдауы және қысқа мерзім ішінде жаппай санитарлық жоғалту;
2) жұқпалылығы, яғни жұқпалы аурулардың ауру адамнан сау адамға жылдам жұғуы және жұқпалы аурулардың эпидемиялық таралу мүмкіншілігі;
3) жасырын кезеңнің (инкубациялық) болуы, биологиялық қарудың зақымдаушы әсері белгілі бір мерзім, яғни бірнеше сағат, бірнеше күндер және апталар өткеннен кейін ғана көрінуі;
4) әсер ету ұзақтылығы:
- спора түзетін микроорганизмдердің ұзақ уақыт бойы қоршаған ортада сақталуы: (cібір түйнемесінің споралары, сіреспе, газды гангрена);
- кейбір патогенді микроорганизмдердің тасымалдаушылар организмінде ұзақ уақыт бойы сақталуы:обаның қоздырғышы бүргенің организмінде өмір бойы сақталады (1 жылдай), кене энцефалитінің вирусы кененің организмін зақымдап қана қоймай, тұқым қуалайды (трансовариальді).
5) Қолданған БҚ түрін айқындайтын құралдардың жоқтығына байланысты анықтау қиындығы: уландырғыш және радиоактивті заттарды анықтау үшін химиялық және радиациялық барлаудың құралдары (ӘМ-ХБА және т.б.) болады. Қолданылған биологиялық қарудың түрін анықтау үшін арнайы адамдармен дайындалған күрделі және ұзақ зертханалық зерттеулерден кейін ғана жүзеге асырылады. Қазіргі кездегі экспресс әдістер (мысалы, люминесцентті микроскопиялық әдіс) зерттеуден 2-6 сағаттан кейін ғана жобалы жауап береді
6) пайда болып жатқан зақымдалулардың диагностикасының күрделілігі:
- белгісіз қоздырғыштарды қолдану мүмкіншілігі; қазіргі кездегі алдын алу және емдеу препараттарына тұрақты жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының штамдарын шығару;
- биологиялық қарумен зақымдалудың басқа да жолдарының және зақымдаушы мөлшерінің көп болуы;
- дезинфекциялық құралдарға тұрақты тасымалдаушылардың түрлерін қолдану;
7) адамдар, жануарлар және өсімдіктерге жұқпалы аурулар қоздырғыштарының көп мөлшерде болуына байланысты биологиялық қарудың бір бағытта таңдаулы әсер етуі;
8) күшті психологиялық әсер ету (қарсылас биологиялық қаруды қолдану туралы үрей туғызса, адамдарда қорқыныш пайда болады);
9) биологиялық қарудың химиялық және ядролық қаруға қарағанда өндірілуінің технологиялық қарапайымдылығы және арзандылығы;
10) жұқпалы аурулардың пайда болуына қолайлы жағдайлардың болуы;
11) әскерде және медициналық тасымалдау кезеңдерінде тәртіпті шектеу шараларды міндетті түрде жүргізу;
12) биологиялық қаруды кең масштабта қолдану күрделі экологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет