3.3 Бақылау сұрақтары
Жол деген не?
Жолдық айнымалылар қалай хабарланады?
Жолдардың негізгі ерекшеліктерін атаңыз.
Инициализияланған жолдық айнымалының ұзындығын қалай анықтауға болады?
Жолдар қалай еңгізіледі?
<stdio.h> библиотекасын қолдану көмегімен белгіленген ұзындығы бар жолды еңгізу мысалын келтіріңіз.
Жолдарды шығару үшін қандай функциялар қолданылады?
Символдық мәліметтерді жол-жолымен еңгізудің мысалын келтіріңіз.
Жолды символдармен еңгізу мысалын келтіріңіз.
Жолдармен жұмыс жасауға қандай негізгі функциялар қолданылады?
ТАПСЫРМА 4
ҚҰРЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
Жұмыс мақсаты: құрылымдар және бірлестіктер болатын С++ тіліндегі мәліметтердің күрделі типтерімен практикалық жұмыс жасаудың дағдыларын алу.
4.1 Жалпы мәліметтер
Құрылым (struct) әртүрлі типтегі компоненттердің (элементтердің) белгілеген санынан тұрады. Осындай struct типін бейнелеудің түрі келесідей:
struct құрылым_аты
{ 1тип 1элемент_аты;
…
Nтип Nэлемент_аты; }
құрылым_типті_ айнымалының_аты;
Құрылым элементімен айналысу үшін оларды нүктемен бөліп айнымалы аты мен құрылым элементінің атын көрсету керек. Құрылым элементіне меншіктеу операцияны қолдануға болады.
Бірлестіктер (union) C++ тілінде құрылымдардан ақпаратты сақтау әдісімен айырылады. Уақыттың әр моментінде бірлестік тек қана бір элементтің мәнін сақтайды. Бірлестіктің ең үлкен элементін сақтайтындай жады бөлінеді.
Осындай union типін бейнелеудің түрі келесідей:
union бірлестік_аты
{ 1тип 1элемент_аты;
…
Nтип Nэлемент_аты;
} бірлестік_типті_ айнымалының_аты;
Бірлестік элементімен айналысу құрылым элементімен айналысу сияқты. Бірлестіктерді программаларда қолдану компьютер жадысын үнемдеуге мүмкіндік беретіні айқын.
Жадыны үнемдеудің оданда жоғары денгейіне жету үшін C++ тіліндегі программаларда анонимды бірлестіктерді қолдануға болады. Анонимды бірлестіктерде ат жоқ, бірлестік айнымалысы хабарланбайды:
Достарыңызбен бөлісу: |