Жалпы металлургия


Индукциялық вакуум пештері



бет26/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

3 Индукциялық вакуум пештері

Индукциялық тигель пештері адсорбталған газдың аз саны бар шегендеудің салыстырмалы шағын массасы мен шағын ғабаритінің арқасында балқыту вакуум пештерін құұрылымдау үшін барынша қолайлы. Индукциялық вакуум пештерінің (ИВП) жұмыс режимі бойынша пештерді былай бөледі:


1) мерзімдік әрекетті, онда тигельге шихталарды тиеу, сауыт қалыпты, қалыптар мен кокильді орнату, кезекті балқытуға тигельді дайындау, тазалау, толтыру бойынша операцияларды қамтылмаған ИВП жүргізеді;
2) жартылай үздіксіз әрекетті, онда барлық жоғарыда аталған операцияларды ИВП вакуумының бұзылуынсыз өткізеді. Мұндай пештерде көп камералы конструкция болады, онда негізгі камерамен қатар (балқыту) камерасы, балқыту камерасындағы вакуумды бұзбай шихталық материалдарды тигельге тиеу мүмкіндігін беретін, бос сауыт қалыптарды беретін және толтырылған сауыт қалыптарды шығаратын мүмкіндіктері бар вакуумды технологиялық бекітпелермен жабдықталған сауыт қалыптар мен қосымша шлюзді тиеу камераларын беруге болады.
ИВП конструкциялық орындауы бойынша мыналарды жіктейді:
Индуктор мен қаптаманың өзара орналасуы бойынша:
а) пештер, онда индуктор вакуум кеңістігінен тыс орналасқан, ал тигель электрлі емес өткізгіш қаптамасының ішінде (әдетте кварц құбыры) орналасқан. Мұндай орындау кезінде қалдық қысымы 10~2 Па-ға дейінгі, сыйымдылығы 5 кг-ға дейінгі шағын зертханалық ИВП дайындайды;
б) вакуум кеңістігінде орналасқан индукторы бар пештер. Бұл пештер барынша кең таралған. Вакуумға орналасқан индукторды тигельдегі металға барынша жақындатуға болады, осылайша 9, а-г- суретге берілген нұсқамен салыстырғанда электрлік ПӘК-ті елеулі арттыруға болады.
2. Пеш пен тигельдің салыстырмалы орнын ауыстыру бойынша:
а) пештер (9, б-сурет), онда металды құю үшін пеш қаптамасын тигельмен, қаптамаға бекітіліп тұрған шайқалмалы сауыт қалыппен бірге еңкейтеді;

1 - тигель; 2 - индуктор; 3 - қаптама; 4 - сауыт қалып (құю калыбы); 5 - тиеу камерасы; 6 - дозатор
Сурет 9. Индукторы вакуум кеңістігінің ішінде (б - г) және одан тыс (а) орналасқан мерзімдік (а - в) және жартылай үздіксіз (г); корпус (6) және тигель (в) көлбеуімен әрекеттегі ИВП сұлбасы

б) пештер (9 в-сурет ), онда құю үшін тек тигельді ғана еңкейтеді, ал қаптама қозғалмалы кұйде қалады, ал бұл бірнеше сауыт қалыпта құюды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл пештер жартылай үздіксіз әрекеттегі ИВП ретінде кеңінен қолданылады.


3. Тигельден металды ағызу тәсілі бойынша:
а) тигельдің түптік тесігі арқылы құюы бар пештер, ішкі тоқтатқышпен (болатты тарата құю шөмішіне ұқсас), ішкі тоқтатқышпен (тигельдің астына орналасқан және құю кезінде жан жаққа аударылатын) немесе қайта балқытылған металдан жасалған металл тығынмен кабылады, қосымша индуктордың көмегімен балқытады;
б) тигельдің көлбеуі кезінде ағызу мұрындығы арқылы құюы бар пештер (9, б - г- суретін қараңыз );
в) сифондық ағызуы бар пештер.
4. Бұрылатын (еңкейетін) қаптамасы бар сауыт қалыптарды бекіту тәсілі бойынша:
а) сауыт қалыпты цапфаға іледі (9, б), пештің көлбеуі кезінде ол тигельден металды ағызудың оңтайлы жағдайымен қамтамасыз ете отырып вертикаль жағдайды сақтайды;
б) сауыт қалып балқыту камерасына 90° бұрышпен тигельге салыстырмалы тұрде қатаң бекітілген;
в) сауыт қалып кұю камерасындағы 90° бұрышпен тигельге салыстырмалы тұрде қатаң бекітілген, балқыту камерасының қақпағын алмай-ақ сауыт қалыпты айырбастауға мүмкіндік береді.
Фасондық құюға арналған ИВП металды қалыпқа немесе центрден тепкіш машинаға құю тәсілі бойынша ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет