2 Вакуумды индукциялық пештегі балқыту процесі
Вакуумды пештерде балқыту үшін май мен отқабыршақтан тазаланған шихталық материалдарды қолданады; олардың құрамы анық белгілі болуы тиіс. Шихтаға никель, ферромолибден, ферровольфрам және кобальт енгізеді, егер осыған балкитын болат құрамы талап етілсе. Шихтаны тиегеннен кейін токты қосады, мерзімдік әрекеттегі пештерде алдын ала ауаны сорады.
Балқытуды сорғымен балқыту кеңістігінен бөлінетін газды үздіксіз сора отырып жүргізеді. Балқыту уақыты ішінде газ-сутегі енгізілген шихтасының үлкен бөлігі, азоттың, сондай-ақ, ылғалдың бір бөлігі жойылады; сұйық металл балқыту кезінде қайнайды, ал бұл металда оттегімен іріген көміртегінің өзара әрекеттесуі кезінде алынған көміртегі оксидтері көпіршіктерінің бөліну нәтижесі болып табылады.
Балкытудан кейін 20-40 минут ішінде ұстап тұрады, сол уақытта металдың қышқылдануы мен қоспалануы, бірқатар қоспаларды тазалануы жүреді. Осы мерзімде пеште 1,3-0,13 Па қысым ұсталынып көміртегімен жүреді, оның тепе-тендігі вакуум жағдайында оңға қарай жылжыған, себебі реақция өнімі үздіксіз жойылады (сорылады).
Мұндай қышқылсызданудың артықшылығы мынада, яғни металл оның өнімдерімен ластанбайды. Әдетте ұстап тұру ванна толық тынышталғанға дейін ұзарады (яғни СО бөлінуді тоқтатқанға дейін). Қышқылсыздану металдағы көміртегінің есебінен немесе графит пен шойын тұрінде тазалаудың басында енгізілген көміртегінің есебінен жүргізіледі. Оттегіден тазалаумен қатар, ұстап тұру мерзімінде азот және сутегі жойылады, түсті металдар қоспасында буланады (Zn, Sn, Pb, As, Bi). Ұстап тұру мерзімінде қоспалау жүргізеді және кесек қышқылсыздандырғыштармен түпкілікті қышқылсыздануды жүргізеді, оны дозатор арқылы енгізеді. Ұстап тұру басында феррохром, феррованадий, ал ұстап тұру соңында ферросилиций, ферротитан, алюминий, ферромарғанец енгізіледі.
Шығару алдында, егер бұл қажет болса, кальций, магний және сирек кездесетін металдарды енгізеді. Балқытылған металды сауыт қалыптарға құяды, негізінен, вакуумға құяды. Кейде балқыту процесінде металл десульфурациясын жүргізеді. Осы мақсатта тигель түбіне шихтаны тиеу басталғанға дейін десульфурацияланатын қож түзетін қоспаны енгізеді (мысалы, СаО 90% және CaF2 10%).
Балқылатын болат және қорытпалар азоттың, түсті металдар қоспасының, оттегінің және металл емес ендірмелердің тоөмен санын қамтиды, сутегі мүлдем болмайды; мұның барлығы болаттың бірқатар қызметтік қасиеттерін арттырады. Атмосфера оттегісімен байланыстың болмауы құрамында тез балқитын элементтері бар болат пен қорытпаны балқытуға мүмкіндік береді. Вакуумды индукциялық пештердің кемшіліктері мына фақтор болып табылады: металды шегендеу тотығымен реақцияға түсу нәтижесінде металл оттегімен және металл емес ендірмелермен, сондай-ақ, шегендеуден қалпына келтірілген элементтерден (кремний, алюминий және т.б.) ластанады.
Достарыңызбен бөлісу: |