Жалпы металлургия


Рутений және оның сипаттамасы



бет46/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Рутений және оның сипаттамасы

Рутений Ruthenium (Ru) - Менделеевтің Периодтық кестесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент; рет нөмірі - 44, атомдық массасы - 101,07. Табиғи Рутенийдің масса сандары - 96, 98-402 және104 болып келетін 7 тұрақты изотопы бар, ең көп тарағаны 102Ru (31.61 %). Рутенийді алғаш рет 1844 ж. Қазан университетінің профессоры, орыс химик Карл Клаус ашып, оны Ресейдің құрметіне атаған (Rutheniа - Ресейдің орта ғасырдағы латынша аты). Жер қыртысындағы салмақ мөлшері - 5*10-7%. Ол платина тобына жататын металдармен бірге кездеседі.


Физикалық қасиеттері. Рутений - күміс түсті металл. Рутений - платинаға ұқсас, күміс түсті ақ, қатты металл. Тығыздығы - 12,2 г/сm² (20°С), балқу температурасы - 2334 °C, қайнау температурасы - 4077 °C.


Химиялық қасиеттері.
Рутений - химиялық инертті металл. Кесек түрінде Патша сұйығында да ерімейді. Ұнтағы қыздырғанда күкүрт қышқылында (NаBrО3 қатысқанда) және гипохлорит ерітіндісінде ериді. Рутений - айнымалы валентті. Қыздырғанда оттекпен (450°С) әрекеттесіп қос тотық RuО2 және төрт тотық RuО4, галогендермен галогенидтер түзеді. Рутений 1000°С күкіртпен әрекеттесіп дисульфит RuS2 түзеді, ол табиғатта лаурит минералы түрінде кездеседі.
Алынуы. Рутений платина тобына жататын металдарды өндіргенде шығатын жартылай өнімдерден алынады. 2009 жылы әлемде 17,9 тонна рутений алынған. Жалпы бүкіл әлемдік рутений қоры - 5000 тонна. Бағасы — ~100$ унция үшін.
Пайдалануы. Рутенийдің басқа платина тобына жататын металдармен, никель, кобальт, молибден және сольфраммен түзетін қорытпалары электродтар, электр шамының қылы және лабораториялық ыдыс жасауға қолданылады. Рутений кейбір органикалық реакциялардың катализатор ретінде қолданылады.


Әдебиеттер: нег. 2 [353-430], [518-520], қос. 3 [140-157, 291-305]
Бақылау сұрақтары:



  1. Алтын әне оның сипаттамасы

  2. Алтынның қосылыстары

  3. Күміс және оның сипаттамасы

  4. Платина және оның сипаттамасы

5 Рутений және оның сипаттамасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет