Вольфрам қазіргі техникада металл түрінде жəне құймалар түрінде өте қажет, олардың ішіндегі маңыздылары легірленген болаттар, тозбайтын жəне ыстыққа төзімді құймалар жəне вольфрам карбиді негізіндегі қатты құймалар. Арнайы болаттар өндірісінде вольфрамды тез кесетін болаттардың құрамына енгізеді, ол мықтылық температурасын 700-8000 дейін көтереді. Мұндай болат жоғарғы қаттылықты жəне тозуды 600-6500 дейін сақтайды.
Тез кесетін болаттардан басқа, вольфрамды жəне хромвольфрамды болаттар шығарылады. Сонымен қатар вольфрам магнитті болаттың құрамына кіреді. Вольфрамды-кобальтты болаттар магниттік қасиеті жоғары болып келеді. Вольфрам карбиді өте жоғары қаттылық, тозуға тұрақтылық жəне қиын балқитын қасиеттерге ие. Қатты құймалардың кейбір сорттарының құрамында вольфрам карбидінен басқа титанның, ниобийдің жəне танталдың карбидтері болады. Бұл құймалардың барлығын ұнтақ металлургиясы əдістерімен алады. Қатты құймалардан өзге, вольфрамның құйма карбидтерін қолданады.
Вольфрам, ең қиын балқитын металл ретінде, ыстыққа төзімді құймалар өндірісінде жиі қолданылады. Вольфрамның кобальтпен жəне хроммен құймалары машиналардың тез тозатын бөлшектерінің беткі қабаттары ретінде қызмет етеді, мысалға əуе қозғалтқыштарының клапапандарын, экскаваторлардың жабдықтарын жасайды. Вольфрамның мыспен жəне күміспен металлокерамикалық құймалары жоғарғы электрлік жəне жылу өткізгіштік, тозбайтын қасиеттерге ие. Бұл тамаша байланыстырғыш материалдар рубильниктердің, сөндіргіштердің, нүктелік пісіруге арналған электродтар жұмыс бөлшектерінде «жұмыс істейді». Сым, лента жəне əртүрлі бөлшектер түрінде электр лампалары, радиоэлектроника жəне рентген техникасы өндірісіне керек.
Вольфрам қыздырғыш лампаларының жіптерін жəне серіппелерін жасау үшін ең жақсы материал екені белгілі. 2200-25000 жұмыс температурасы жоғарғы жарық беруді қамтамасыз етеді, ал буланудың жылдамдығының төмендігі – жіптердің қызмет етуінің ұзақтығынқамтамасыз етеді. Вольфрамды сымдар жоғарғы температуралы пештерде (30000 дейін) электр қыздырғыштар ретінде қолданылады.
Əуелік жəне ракеталық техникада вольфрамның басқа қиын балқитын металдармен (ниобиймен, танталмен, молибденмен жəне рениймен) құймалары қолданыла бастады. Вольфрамның кейбір қосылыстары химиялық өнеркəсіпте қолданылады, мысалы, вольфрамның дисульфиді синтетикалық жанармайды (бензин) алуда катализатор ретінде
пайдаланылады.