Жалпы металлургия



бет5/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Отынның классификациясы

Жасанды органикалық отынды табиғи қосылыстарды сәйкес өңдеуден өткізу жолымен адам жасайды. Жасанды отын композициялық және синтетикалық болып екіге бөлінеді. Композициялық отын жанғыштардың механикалық қоспасын көрсетеді (мысалы, пропан-бутан), синтетикалық отын – бұл жанғыш заттарды термохимиялық өңдеуден алынатын өнім.Өңдеу нәтижесінде олар тұтынушыларды қанағаттандыратын жаңа қасиеттер алады, оларға жататындар: мұнайды өңдеу өнімдері, көмірден алынатын сұйық отын, өсімдіктен алынған этанол және т.б.


Дегенмен, оттегімен әрекеттескенде жылу энергиясын бөлуге қабілетті барлық заттарды отын деп есептеуге болмайды. Отын ретінде келесідей ерекше талаптарды қанағаттандыратын затты атау қабылданған:
1) отынның қоры экономикалық және экологиялық тұрғыдан алуға, ұзақ уақыт сақтауға және пайдалануға жеткілікті болуы қажет;
2) жану өнімдері газ тәріздес күйде болуы қажет;
3) жану өнімдері адам мен қоршаған орта үшін зиянсыз болуы қажет;
4) тасымалдануы жә не тұтынушылар ға жеткізілуі механикаландыруға және автоматтандыруға икемді болуы қажет;
5) жану процесі бақылануы және басқарылуы қажет.
Бұл – құрамында көміртегі, оттегі және олардың қосылыстары болатын органикалық заттар. Олар табиғатта ағаш, шымтезек, тақтатас, көмір, мұнай, жанғыш газдар және басқа түрінде кездеседі.Отын жаралуы жә не агрегаттық к үйі бойынша сыныпталады. Жаралуы бойынша отын табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи отын барлық уақытта оған қойылатын талаптарды қанағаттандыра алмайды, сондықтан отынның қасиетін жақсарту немесе агрегаттық күйін өзгерту үшін оны өңдеуден өткізеді. Өңдеу нәтижесінде алынатын отын жасанды деп аталады. Агрегаттық күйі бойынша отын қатты, сұйық және газ тәріздес болып бөлінеді. Отынның жаралуы және агрегаттық күйі бойынша бөлінуі 1-кестеде келтірілген.

Кесте 1 - Жаралуы және агрегаттық күйі бойынша отынның сыныпталуы





Қара металдар
Темір – жалтырлайтын, ақ-күмісті түсті, тұтқыр және тағалатын металл.
Құрамы бойынша темір металлургиялық өндірісіне байыту процесінсіз жіберілетін табиғи бай және байытуды талап ететін кендерді бөледі. Оның ішінде бай кендер доменді және мартенді топтарға бөлінеді.
Доменді кендер доменді шихтаға енгізу үшін қолданылады, оның 70-75 % ірібөлікті (10 – 100 мм) болуы керек. Магнетитті және гематитті кендеріндегі темір мөлшері 50 % артық, гидрогетитті – 45 % артық, зиянды қоспалардың мөлшері: күкірт – 0,3 %, фосфор – 0,3 %, мыс – 0,2 %, күшәла – 0,07 %, цинк пен қорғасын – 0,1%, қалайы – 0,08 %.
Мартенді тобына магнетитті, гематитті, гидрогетитті және аралас кендер кіреді. Олардың құрамында 57 % темір құрайды; зиянды қоспалардың мөлшері: кремнезем – 5%; күкірт пен фосфор – 0,15%, мыс, күшәла, цинк, қорғасын, никель мен хром – 0,04 %.
Қазақстанда өндірістік мәні бойынша кен орындарды 4 топқа бөледі:
1: басты және қолданылатын: Соколов, Сарбай және Қачар (78,4 %)
2: меңгеруге дайындалатын: Оңтүстік Сарбай (6,7 %)
3: қолданылатын: Қоржынкөл, Лисаков, Атансор, Кентөбе, Батыс Қаражал (9,5 %)
4: табылған: Шақыркөл, Адай, Сор, Ломоносов (5,4 %)
Аса ірі тау-кен орны – Соколов-Сарбай және Лисаков комбинаттары болып саналады. Олар 100 жылдан аса қоры бар.
Темір шойын мен болат өндірудегі бастапқы шикізаты болып саналады.


Әдебиеттер: нег. 2 [353-430], [518-520], қос. 3 [140-157, 291-305]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет