Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы



бет3/4
Дата14.09.2022
өлшемі76.72 Kb.
#460711
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Оқу-бағдарламасы Геометрия 10-11-сынып

3 тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

10. Бағдарламада оқу мақсаттарыкодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлім ретін, үшінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.1.2. кодында «10» - сынып, «1»- бөлім, «2» - оқу мақсатының реттік саны.


11. Білім алушыларға қойылатын талаптар:

Бөлім

10-сынып

11-сынып

1.Геометриялық фигуралар туралы түсінік

10.1.

11.1.

10.1.1 - тетраэдр және параллелепипедтің анықтамаларын білу, тетраэдр, параллелепипедті және олардың элементтерін жазықтықта кескіндей алу;
10.1.2 - тікбұрышты параллелепипед анықтамасын және қасиеттерін білу;



11.1.1 - көпжақты бұрыш пенгеометриялық дене ұғымдарын білу, олардыжазықтықта кескіндеу алу;
11.1.2 - көпжақтыңанықтамасынжәнеоның элементтерін білу;
11.1.3 - призманың анықтамасын,оның элементтерін, призма түрлерінбілу; олардыжазықтықта кескіндейалу;
11.1.4 - пирамиданыңанықтамасын, оның элементтерін, пирамида түрлерін білу;оларды жазықтықта кескіндей алу;
11.1.5 - қиық пирамида анықтамасын білу, оны жазықтықта кескіндей алу;
11.1.6 - дұрыс көпжақтың анықтамасын білу, дұрыс көпжақтардың түрлерінажырата білу;
11.1.7 - цилиндрдің анықтамасын, оның элементтерінбілу;цилиндрді жазықтықта кескіндейалу;
11.1.8 - конустың анықтамасын, оның элементтерінбілу;конусты жазықтықта кескіндей алу;
11.1.9 - қиық конустың анықтамасын, оның элементтерінбілу, қиық конусты жазықтықта кескіндей алу;
11.1.10 - сфера, шардыңанықтамаларын білу;жазықтықтакескіндей алу;
11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;

2. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы

10.2.

11.2.

10.2.1 - стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу; олардыкескіндеу және математикалық символдар арқылы жазып көрсету;
10.2.2 - кеңістіктегі параллельжәне айқас түзулер анықтамаларын білу, оларды анықтау және кескіндеу;
10.2.3 - кеңістіктегі параллельтүзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.4 - түзу мен жазықтықтың параллельдікбелгісін және қасиеттерін білу,оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.5 - жазықтықтардың параллельдікбелгісін және қасиеттерінбілу,оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.6 - перпендикуляртүзулердіңанықтамасы мен қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.7 - түзу мен жазықтықтың перпендикулярлықанықтамасын, белгісін және қасиеттерін білу,оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.8 - кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудіңпроекциясы анықтамаларын білу;
10.2.9 - кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу;
10.2.10 - айқас түзулер арасындағы бұрыш пен олардың ортақ перпендикулярын сызбада кескіндей алу;
10.2.11 - жазық фигураның ортогональ проекциясын жазықтықта салу;

11.2.1 - көпжақтыңжазықтықпен қималарын сала білу;
11.2.2 - цилиндрдің, конустыңжәне шардың жазықтықпен қималарын кескіндеу;
11.2.3 - сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу;
11.2.4 - пирамида төбесінің табан жазықтығына проекциясының орналасуын анықтау;
11.2.5 - көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндеу;

3. Метрикалық қатыстар

10.3.

11.3.

10.3.1 - үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.3.2 -түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу,кескіндей алужәнеоның шамасын табу;
10.3.3 - жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;
10.3.4 - жазықтықтардың перпендикулярлық белгісі мен қасиетін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.3.5 - нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу;
10.3.6 - жазық фигураның жазықтыққа ортогональ проекциясы ауданының формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.3.7 - тікбұрышты параллелепипедтің қасиеттерін қорытып шығару және есептер шығаруда қолдану;

11.3.1 - призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.2 - пирамиданың (қиық пирамиданың)бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығарудақолдану;
11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;
11.3.4 - цилиндрдің бүйір беті және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару жәнеоларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.5 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуғаесептер шығару;
11.3.6 - конустың бүйір және толық беті аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.7 - қиық конустың бүйір беті және толық беті аудандары формуларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.8 - сфера бетініңауданын табуға есептершығару;
11.3.9 - сфераға жанама жазықтықтың анықтамасын және қасиетін білу;
11.3.10 - шар мен сфераныңжазықтықпен қималарына байланысты есептершығару;
11.3.11 - кеңістік денелерінің көлемдерінің қасиеттерін білу және қолдану;
11.3.12 - призма көлемін табуформуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
11.3.13 - пирамида және қиық пирамида көлемдерін табуформулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.14 - цилиндр көлемін табуформуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
11.3.15 - конус және қиық конус көлемдерін табуформулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.3.16 - шар және оның бөліктері көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есеп шығаруда қолдану;
11.3.17 - кеңістіктегі ұқсас фигуралар көлемдерінің қасиетін білу және оны есептер шығаруда қолдану;
11.3.18 - геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығару;

4.Векторлар және түрлендірулер

10.4.

11.4.

10.4.1 -кеңістіктегі вектор, вектордың ұзындығы, тең векторлар анықтамаларын білу,
10.4.2 - векторларды қосу және векторды санға көбейтуді орындау;
10.4.3 - кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын білу;
10.4.4 - кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасы мен қасиеттерін білу;
10.4.5 - кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі анықтамасын білу және оны кескіндей алу;
10.4.6 - кеңістіктегі нүктені оның координаталары бойынша тікбұрышты координаталар жүйесінде кескіндеу;
10.4.7 - кеңістіктегі екі нүкте арасындағы арақашықтықты таба білу;
10.4.8 - кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүкте координаталарының формулаларын қорытып шығару және олардыесептер шығаруда қолдану;
10.4.9 - кесінді ортасының координаталары формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.4.10 - сфера теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.4.11 - вектордың координаталары ұғымын білу, вектор координаталарын бірлік векторлар бойынша жіктеп таба білу;
10.4.12 - кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;
10.4.13 - координаталарымен берілген векторларды қосуды және векторды санға көбейтуді орындау;
10.4.14 -векторлардың коллинеарлық және компланарлық шартын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.4.15 - векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу;
10.4.16 - координаталық түрдегівекторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.4.17 - кеңістіктегі екі вектордың арасындағы бұрышты есептеу;
10.4.18 - кеңістіктегі векторлардың перпендикулярлық шартын білу және қолдану;
10.4.19 - жазықтықтың жалпы теңдеуін (ax+by+cz+d=0) нормаль вектор және осы жазықтықтағы нүкте бойынша қорытып шығару;
10.4.20 - түзудің канондық теңдеуін құрастыру;
10.4.21 - түзу теңдеуінің канондық түрінен параметрлік түріне көше алу;
10.4.22 - берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін құру;

11.4.1 - нүктеден жазықтыққа дейінгіарақашықтықты табу формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
11.4.2 - түзулер арасындағы бұрышты (түзулердің теңдеулері бойынша) табу;
11.4.3 - координаталардағытүзулердің параллельдігі мен перпендикулярлығышартынесептер шығаруда қолдану;
11.4.4 - координаталардағы сфера мен жазықтықтың өзара орналасуына есептершығару;
11.4.5 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты табу;


12. Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Геометрия» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.




Жалпы орта білім беру деңгейінің
жаратылыстану-математика бағытындағы
10-11-сыныптарына арналған
«Геометрия» оқу пәнінен
жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет