1-параграф. «Химия» оқу пәнінің мазмұны
4. «Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген).
5. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 5 бөлімнен тұрады:
1) заттардың бөлшектері;
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3) химиялық реакциялардың энергетикасы;
4) химия және қоршаған орта;
5) химия және өмір.
6. «Заттардың бөлшектері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) атомдар, иондар және молекулалар;
2) атом құрамы мен құрылысы;
3) атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы;
4) химиялық байланыстардың түрлері.
7. «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) периодтық заң мен периодтық жүйе;
2) заттар массасының сақталу заңы;
3) стандартты электрондық потенциалдар.
8. «Химиялық реакциялардың энергетикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар;
2) химиялық реакцияның жылдамдығы;
3) химиялық тепе-теңдік;
4) қышқылдар мен негіздер теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер.
9. «Химия және қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жер химиясы;
2) көміртек және оның қосылыстары.
10. «Химия және өмір» бөлімі «Биохимия» бөлімшесінен тұрады.
11. 10-сыныпқа арналған «Химия» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Атом құрылысы». Атом құрылысының заманауи теориясы; атомдағы электрон күйі және қозғалысы; Квант саны; Паули принципі; Хунд ережесі; Клечковский ережесі; изотоптар; радиоактивті заттар туралы түсінік; ядролық реакциялар және олардың Қазақстанның энергетикалық потенциалындағы маңызы;
№1көрсетілім: «Атом құрылысы моделі»;
Есеп шығару: «құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу».
2) «Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі». Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы тұрғысынан; атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі; атомның тотығу дәрежесі; негізгі топшада және периодта элемент қасиеттерінің периодты өзгеруі; Периодта және топта қосылыстардың қышқылды-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары; қоршаған ортаның химиялық бейнесін және технология мен ғылымның дамуы үшін периодтық заңның мәнін түсіну.
3) Химиялық байланыс және зат құрылысы; химиялық байланыс түрінің біртұтас электронды табиғаты; ковалентті химиялық байланыс; ковалентті химиялық байланыс қасиеттері; ковалентті байланыстың донорлы- акцепторлы механизммен түзілуі ; атом орбитальдарының гибридтелуі (sp, sp2, sp3) және молекула геометриясы; электртерістілік және байланыс полярлығы; ионды химиялық байланыс және иондық кристалдық тор; металдық байланыс және металдық кристалдық тор; сутектік байланыс; жай және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыс және кристалдық тор типіне тәуелділігі;
№2 көрсетілім: «Графит, алмаз, көміртегі (IV) оксидінің кристалдық тор моделі»;
№3 көрсетілім: «Натрий, мыс хлоридтерінің кристалдық тор моделі»;
№ 1 зертханалық тәжірибе: «Әр түрлі химиялық байланысты заттардың молекуласын даярлау. Түрлі кристалдық торлы заттардың қасиеттерін оқу».
4) «Химиялық реакциялар заңдылығы». Химиялық реакциялардың жіктелуі; жай, бинарлы және күрделі бейорганикалық заттардың қатысуымен тотығу-тотығу реакциялары; тұз ерітінділерінің және балқымаларының электролизі; қышқыл, сілті және тұз ерітінділерінің рН-і; тұздар гидролизі; химиялық реакциялардың жылу эффектісі және оның маңызы;
№4 көрсетілім: «Өнеркәсіптік үдерістер электролизінің бейне көрсетілімдері: мыс, алюминий, натрий гидроксиді және хлоридінің өнеркәсіптік өндірісі»;
№ 2 зертханалық тәжірибе: «Гидроксидтер, қышқыл және тұздар қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі»;
№5 көрсетілім: «Экзо-эндотермиялық реакциялар».
5) «Кинетика». Химиялық реакция жылдамдығы; химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар; катализаторлар мен ингибиторлар; гомогенді және гетерогенді катализ; Қазақстанда катализдік химия ғылымының дамуы;
6) «Химиялық тепе-теңдік». Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері;
№3 зертханалық тәжірибе: «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы (аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді концентрациясының өзгеруі бойынша».
7) «Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы». Металдар және бейметалдар: химиялық элементтер және жай заттар; металдар мен бейметалдардың (атом, ион) құрылысы және кристалдық торларының ерекшелігі, металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі; металдар және бейметалдар: негізгі физикалық және химиялық қасиеттері; металдардың электрохимиялық кернеу қатары; металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта кездесуі; тірі ағзалардың іс-әрекетінде металдар және бейметалдардың биологиялық ролі;
№6 көрсетілім: «Металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының үлгілері, металдардың кристалдық тор модельдері»;
№4 зертханалық тәжірибе: «Типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттері».
8) «Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары». Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі s-элементтердің орны, атом құрылысының ерекшелігі, олардың металдық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру; натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы; кальций, магний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы, биологиялық маңызы; судың кермектігі, оны жою жолдары; сілтілік металдар мен сілтілік жер металдарының табиғи қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары;
№7 көрсетілім: «Натрий, калий және кальцийдің сумен әрекеттесуі. Натрий, калий және кальций иондарына сапалық реакция (жалын түсінің өзгеруі);
№5 зертханалық тәжірибе: «Натрий, калий, магний, кальцийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру. Сілтілік және сілтілік-жер металдары тұздарының жалынды бояуы».
9) «Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары». d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі; Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары; мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстары. Хром және оның қосылыстары; темір және оның қосылыстары; коррозия түрлері және коррозияның алдын алу шаралары;
№9 зертханалық тәжірибе: «Cu2+, Zn2+ иондарын тануға сапалық реакция»;
№10 зертханалық тәжірибе: №10 «Fe2+, Fе3+ иондарын тануға сапалық реакция»;
№1 практикалық жұмыс: «Темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу; қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге әсерін зерттеу».
10) «Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары». Периодтық жүйедегі р-элементтердің орны, олардың атом құрылысының ерекшеліктері; алюминий және олардың қосылыстары; көміртек, кремний және олардың қосылыстарының қасиеттері; көміртек, кремний және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы; азот молекуласы құрылысы және қасиеттерінің ерекшеліктері; аммиак, аммоний тұздары; ортофосфор қышқылы және фосфаттар; азот және фосфор қосылыстарының тыңайтқыш ретінде қолданылуы; азот оксидтерінің, нитраттар және фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері; күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар; күкірт қышқылының қасиеттері; галогендер; хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер;
«йод ерітіндісінің крахмалға әсері»; адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық ролі; йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан Қазақстан тұрғындарын сақтандыру шаралары;
№ 8 көрсетілім: «Еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция);
№ 2 практикалық жұмыс: «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару.
11) «Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру»; Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу; жанасу әдісімен күкірт қышқылын өндіру; аммиак, азот қышқылыш өндіру; Қазақстандағы силикат өндірісі; химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарымен қоршаған ортаның ластануы.
12. 11- сыныпқа арналған «Химия» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Органикалық химияға кіріспе». Көміртек атомы құрылысының ерекшеліктері; гибридизация; органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың сипатттамасы және электрондық табиғаты А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негізгі қағидалары;изомерия және гомологтық қатар; бос радикалдар туралы ұғым және олардың тірі ағзалар өміріндегі маңызы; органикалық заттардың номенклатурасы мен жіктелуі; органикалық қосылыстардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы; органикалық химияның дамуындағы Қазақстандық ғалымдардың ролі;
№1 көрсетілім: «Органикалық затттар үлгілері (мұнай, керосин, этанол, глицерин, глюкоза, сахароза, парафин, мақта, ағаш сүрегі)»;
2) «Көмірсутектер және олардың көздері». Алкандар; циклоалкандар; алкендер. полиэтилен;
№2 көрсетілім: «Метан, этилен, ацетиленнің жануы. Каучуктер.резина, эбонит үлгілерімен танысу»;
№ 2 зертханалық тәжірибе: «Этиленнің, ацетиленнің, мұнай үлгісінің және бензолдың калий;
№2 практикалық жұмыс: «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу» перманганаты және бром/ йод суы ерітінділеріне әсері».
3) «Көмірсутектер және олардың көздері». Алкадиендер; алкиндер; арендер және олардың туындылары; көмірсутектердің және олардың туындыларының генетикалық байланысы; көмірсутектердің табиғи көздері және олардың Қазақстандағы кен орындары; газ, мұнай, көмірді өңдеу; Казақстанда көмір және мұнай-газ өндірістерінің дамуы; Қазақстанда өнімді өндірудегі, өңдеудегі экологиялық аспектілер;
№ 3 зертханалық тәжірибе: «Изопренді каучуктің шарөзекті моделін құрастыру».
4) «Оттекті органикалық қосылыстар». Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы; біратомды және көпатомды спирттер; фенол; альдегидтер; кетондар; карбон қышқылдары;
№4 зертханалық тәжірибе: «Спирттердің суда еруі, жануы және біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялары»;
№ 2 практикалық жұмыс: «Оттекті органикалық қосылыстарға сапалық реакциялар».
5) «Оттекті органикалық қосылыстар». Жай және күрделі эфирлер; майлар; сабын және жуғыш заттар; Қазақстандағы сабын және синтетикалық жуғыш заттар өндірісі; көмірсулардың жіктелуі, биологиялық рөлі; моносахаридтер; глюкоза; фруктоза; дисахаридтер; сахароза; лактоза; полисахаридтер; крахмал; целлюлоза.
№ 3 көрсетілім: «Сабын және жуғыш ұнтақ ерітінділерін индикаторлармен сынау»
№ 5 зертханалық тәжірибе: «Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау»
6) «Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар. Гетероциклді қосылыстар. Нуклеин қышқылдары». Аминдер; анилин; аминқышқылдары; нәруыздар; нуклеин қышқылдары;
№ 4 көрсетілім: «Аминқышқылдарында функционалдық топтардың барын дәлелдеу»;
№ 5 көрсетілім: «Нәруыздардың еруі және тұнбаға түсуі, белоктар денатурациясы; белоктардың жануы (жүн, құс қауырсыны);
№ 6 зертханалық тәжірибе: «Нәруыздардың түсті реакциялары»;
№ 6 көрсетілім: «ДНК мен РНК молекулаларының модельдері».
7) «Жасанды және синтетикалық полимерлер Химия адам өмірінде».
Жасанады және синтетикалық полимерлер; пластмассалар, каучуктер, талшықтар; Қазақстандағы полимерлер өндірісі; дәрумендер және гормондар туралы түсінік; биогенді органикалық заттардың рөлі; химия және өмір; экологиялық мәселелер;
№ 7 көрсетілім: «Пластмассалар, синтетикалық каучуктер және талшықтар үлгілерімен таныстыру».
Достарыңызбен бөлісу: |