Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет18/63
Дата04.03.2024
өлшемі0.89 Mb.
#494151
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
@8; 6 3 07

ұзақ мерзімді жоспар

1) 10-сынып



Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімшесі

Тақырыптар

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

Кинематика

Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері

10.1.1.1- кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктерін талдай білу

Салыстырмалы қозғалыс

10.1.1.2 - жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру

Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы

10.1.1.3 - қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау;

Динамика

Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары

10.1.2.1- бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

10.1.2.2 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттау

Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы

10.1.2.3 - көкжиекке бұрыш жасай және вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгерісін сипаттау

Статика және гидростатика

Массалар центрі.
Тепе-теңдік түрлері

10.1.3.1 - абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру

Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс. Паскаль заңын қолдану
Торичелли тәжірибесі

10.1.3.2- Паскаль заңын сипаттау және оның қолданылуы
10.1.3.3- гидростатикалық қысым терминін түсіндіру

Сақталу заңдары

Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары

10.1.4.1- сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану

Гидродинамика

Сұйықтық кинематикасы

10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау

№ 1 Зертханалық жұмыс:
«Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу»

10.1.5.2. - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау және физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескеру;
10.1.5.3 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну




2-тоқсан

Молекулалық физика

Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері
қағидалары.
Термодинамикалық параметрлер
Кристалл және кристалл емес заттар

10.2.1.1- температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау;
10.2.1.2 - қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін Молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау;
10.2.1.3 - кристалл және кристалл емес қатты заттардың құрылысын ажырату

Газ заңдары

Идеал газ күйінің теңдеуі
Изопроцестер.Адиабаталық процесс

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және газ процестерінің графиктерін ажырату

Термодинамика негiздерi

Термодинамика заңдарын қолдану

Жылу қозғалтқыштары.



10.2.3.1 – термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру;
10.2.3.2 – жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау

Сұйық және қатты денелер

Ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі

Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар


Қатты денелердің механикалық қасиеттері

10.2.4.1 - ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау;
10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы.
10.2.4.2- серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау



3-тоқсан

Электростатика

Электр өрісі

10.3.1.1 – электр өрісінің қасиетін талқылау және оның күштік сипаттамасын анықтау;
10.3.1.2 - зарядтың қозғалысына электростатикалық өрістің әсерін сипаттау;

10.3.1.3 - гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстыру

Электрсыйымдылық.
Конденсаторлар. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр мөлшері

10.3.1.4 – конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану

Тұрақты ток

Ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі. Кернеу және потенциалдар айырмасы
№ 2 Зертханалық жұмыс
«Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену»

10.3.2.1 –- сыртқы тізбектегі электр қозғаушы күші пен кернеу түсуінің айырмашылығын түсіну
10.3.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу

Толық тізбек үшін Ом заңы

10.3.2.3- толық тізбек үшін Ом заңын қолдану және қысқа тұйықталудың салдарын түсіну

Электр тогының жұмысы мен қуаты
№ 3 Зертханалық жұмыс
«Ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау».

10.3.2.4 – эксперимент арқылы ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау

Әртүрлі ортадағы
электр тогы

Металдардағы, жартылай өткізгіштердегі, электролиттердегі, газдар мен вакуумдағы электр тогы.
№ 4 Зертханалық жұмыс:
«Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу»

10.3.3.1 – әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын салыстыру;
10.3.3.2 - Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын эксперимент арқылы анықтау

Жартылай өткізгішті құралдар

10.3.3.3 – жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына мысалдар келтіру

Асқын өткiзгiштiк

10.3.3.4 - асқын өткiзгiштiк құбылысы мен практикалық қолданылуын сипаттау

4-тоқсан

Магнит өрiсi

Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі.

10.3.4.1 – өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну

Ампер күші, Лоренц күші.

10.3.4.2 – сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау

Заттың магниттік қасиеттері.

10.3.4.3 – магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау




Жасанды магниттер.Соленоид

10.3.4.4 - жасанды магниттерді эксперимент жүзінде жинау және қолданылу аясын түсіндіру;
10.3.4.5- соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін факторларды сипаттау

Электромагниттiк индукция

Электромагниттiк индукция заңы.
Электромагниттік құралдар

10.3.5.1- магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру;
10.3.5.2- Ленц ережесін түсіндіру;
10.3.5.3 - электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіну

Магниттік-резонанстық томография

10.3.5.4 - магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңызын түсіну

2) 11-сынып





Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімшесі

Тақырыптар

Оқу мақсаттары

1-тоқсан

Механикалық тербелістер

Гармоникалық тербелістер

11.4.1.1 - экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу

Электромагниттік тербелістер

Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер

11.4.2.1 - еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау;
11.4.2.2 - механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіру

Айнымалы ток

Айнымалы ток генераторы

11.4.3.1 - генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу

Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток

11.4.3.2 - физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен электр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттау

Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс

11.4.3.3 - резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына мысал келтіру;
11.4.3.4 - резонанстық жиілікті есептеу

Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және қолдану, трансформатор

11.4.3.5 - электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру

№ 1 Зертханалық жұмыс:
«Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау»

11.4.3.6 - трансформатор орамасындағы орам санын эксперимент арқылы анықтау

Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану

11.4.3.7 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

2 - тоқсан

Электромагниттік толқындар

Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы

11.5.1.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау

Радиобайланыс

11.5.1.2 - жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детектрленуін сипатт ау;
11.5.1.3 - радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру

Аналогты-сандық түрлендірулер. Байланыс арналары

11.5.1.4 - аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру

Байланыс құралдары

11.5.1.5 - байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну

Толқындық оптика

Жарықтың интерференциясы
Жарықтың дифракциясы

11.6.1.1 – жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және астрономиялық әдістерін түсіндіру

Дифракциялық торлар
№ 2 Зертханалық жұмыс:
«Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау»

11.6.1.2 – дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдану

Жарықтың поляризациясы.
№ 3 Зертханалық жұмыс:
«Жарықтың поляризациясын бақылау»

11.6.1.3- жарықтың интерференциясы, дифракция және поляризация құбылыстарын талдау арқылы жарықтың электромагниттік табиғатын тәжірибелік түрде дәлелдеу

Геометриялық оптика

Геометриялық оптика заңдары
№ 4 Зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткішін анықтау;

11.6.2.1 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау;
11.6.2.2 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру

Оптикалық құралдар

11.6.2.3 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру

3-тоқсан

Кванттық физика

Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы

11.7.1.1 - электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатынын дәлелдейтін мысалдар келтіру (элементар бөлшектердің толқындық табиғаты)

Спектрлік талдау

11.7.1.2 - спектрлік талдау әдісін және оның қолданылуын сипаттау

Электромагниттік сәулелену шкаласы

11.7.1.3 - электромагниттік сәулеленуді, олардың пайда болу табиғаты мен затпен әрекеттесуіне қарай ажырату

Фотоэффектіні қолдану

11.7.1.4 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру

Жарықтың химиялық әсері

11.7.1.5 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау

Рентгендік сәулелену

11.7.1.6 - компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру

Лазерлер.

11.7.1.7 - лазер құрылғысының әсері мен қолданылуын түсіндіру;
11.7.1.8 - голографияның даму кезеңдерін талқылау

Атом ядросының физикасы

Табиғи радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы

11.7.2.1- - радиоактивті ыдырау заңы негізінде ядролық қалдықтармен аймақтың зақымдануының ұзаққа созылу себептерін түсіндіру

№5 Зертханалық жұмыс: «Жартылай ыдырау периодын анықтау»

11.7.2.2 - графикалық тәсіл арқылы жартылай ыдырау периодын анықтау

Ядролық реакциялар.
Ауыр ядролардық бөлінуі. Тізбекті ядролық реакция

11. 7.2. 3 - ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолдану

Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану

11.7.2.4 – радиоактивтті сәулелердің иондалу табиғатын және өтімділік қабілеттерін түсіндіру;
11.7.2.5 - радиоактивті материалдарды өңдеуді, қолдануды, сақтауды және олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сипаттау

Ядролық реактор. Ядролық энергетика

11.7.2.6 - ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау;
11.7.2.7 - ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау

Нанотехнология және наноматериалдар

  1. Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, наноматериалдарды дамытудың проблемалары және келешегі

11.8.1.1 - наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын, қолдануын түсіндіру

4-тоқсан

Космология

Жұлдыздар әлемі. Жұлдыздық шамалар.

11.9.1.1 - жұлдыздардың жырақтылығы бойынша жіктелетінін, көрінерлік жұлдыздық шамамен және абсолют жұлдыздық шамамен сипатталатынын түсіндіру

Жұлдыздардың классификациясы

11.9.1.2 - жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;
11.9.1.3 - қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау

Қашықтықты анықтау

11.9.1.4 - ара қашықтықты анықтау үшін қолданылатын «жаңа тәсілдер» әдісін пайдалануды сипаттау

Күңгірт энергия. Әлемнің үдеуі мен ұлғаюы

11.9.1.5 - Әлемнің ұлғаюы мен күңгірт энергия туралы пікірталасты талқылау;
11.9.1.6 - берілген астрономиялық бақылауларға сүйене отырып әлемнің ұлғаюы туралы болжамды талқылау

Үлкен жарылыс теориясы. Қызыл ығысу

11.9.1.7 - Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу;







11.9.1.8 - микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет